Синтаксистік парадигмалар


анықтауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет78/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

анықтауыш қызметінде жұмсалуыТас ошақтағы оттың сəулесі тас 
қабырғаларға түсіп қоңырқай тартады (О.Бөкей). Əлімбектің жалғыз 
байлығы – ер-тоқымы (Ш.Мұртаза). Түсінде таңсық күй бірде табиғи 
қалпында, бірде рабайсыз елеурей өзгеріп, шəкірт домбырашыны маза-
лаумен болды (Т.Əлімқұлов). 
3. Сан есімнің анықтауыш қызметінде жұмсалуыЕкі қап шөп кел-
гелі  ешкілер  бақырып  жылағанын  қойды  (Ш.Мұртаза).  Бозтал  жақта 
екі-үш қара жайылып жүр екен. Бір басыңда бес ұршық бар, бірін бере 
гөр деп жалындым,бетпақтанып міз бақтың ба? (О.Бөкей) 
4.  Есімдіктердің  анықтауыш  қызметінде  жұмсалуы.  Өмірде  осы 
тəрізді  əділетсіздіктер  толып  жатыр  (Б.Соқпақбаев).  Анарбай  аға-
сының  асын  осы  күзде  атқарып  жібермекші  еді  (Ш.Мұртаза).  Сонау
шатқалда Алтайдың шолпысындай мың бұралып, ағараң қағып Бұқтыр-
ма өзені күмістене ағады (О.Бөкей). 
5.  Есімшелердің  анықтауыш  қызметінде  жұмсалуы:  Бақан  сүй-
реткен  бала  бізге  назарын  енді  аударды  (Б.Соқпақбаев).  Кісінеген 
жылқы,  шүңгірлеген  құлындар,  маңыраған  қой – бəрі-бəрі  Рысқұл-
дың  көз  алдында  (Ш.Мұртаза).  Қына  басқан  тасқа  атша  мініп  отыр-
ған Тортай анау көк мұнар дүниеге көзін сығырайтып ұзақ қарады-ай 
(О.Бөкей).
6.  Еліктеуіш  сөздің  анықтауыш  қызметінде  жұмсалуы:  Жаңбыр 
толастар емес, құлаққа тасқа тиіп тайғанап жатқан сыбдыр-сыбдыр 
үн  естілді  (О.Бөкей).  Өзінің  бастықпен  жұғысқаны,  пəтерді  жылдам 
алғаны, келіншегінің көнбіс мінезі де сол сұмпайының пыш-пыш əңгімесі-
не арқау болыпты (Д.Досжан). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет