Үйірлі бастауышты сөйлемдер: Оқығаны көп білмейді, тоқығаны көп біледі. Аяғы жаман төрді былғар, ауызы жаман елді былғар. Көңілі қарау сырласынан айырылады. Өзі жығылған өкінбес. Аузы күйген үрлеп ішеді. Үйірлі баяндауышты сөйлемдер: Əзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ. Үндемесең – дау алар, жата берсең – жау алар. Біреудің қолымен от көсеме. Арықтың жілігі татымас. Үйірлі анықтауышты сөйлемдер. Ұстазы жақсының ұстамы жақ- сы. Еңбегі жоқ ғалым – ыстығы жоқ жалын. Əйелі жоқ үй – жетім. Көзі жаманның сөзі жаман.