Мақсат пысықтауыштың жасалу жолдары (не мақсатпен?) :
1) əдейі, қасақана, жорта, бекер, босқа, арнайы т.б. үстеулерден жа-
салады: Қарекең құдасының ішкі ойын сезгендей қолындағы күміс сап- ты қамшысын əдейі жерге түсіріп жіберіп, соны алғалы аттан түсті (Д.Исабеков). Арада тағы бір айдай уақыт өткен соң, бұларды Молда- бай арнайы шақырды (Д.Исабеков). 2) зат есімдер мен -ғалы тұлғалы көсемшелердің тіркесуі арқылы жа-
салады: Молдеке, мен сізбен сөйлескелі келдім (Д.Исабеков) – Сенен қа- рызға ақша сұрағалы келдім (Д.Досжан).
3) қалау, бұйрық рай тұлғалы етістіктерден кейін деп көмекші етістігі
тіркесуі арқылы жасалады: - Жігіттерге таба қылма мені! Сенсіз кел- меймін деп шыққанмын (Д.Досжан). Бүгінгінің балалары оқимын деп, шоқимын деп туған жерден безіп кетеді (Д.Досжан).