Синтаксистік парадигмалар


Амал  (сын-қимыл)  пысықтауыштың  жасалу  жолдары



Pdf көрінісі
бет87/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Амал  (сын-қимыл)  пысықтауыштың  жасалу  жолдары  (қалай? 
қайтіп? қалайша?). Мағынасына қарай амал пысықтауыштар іштей екіге 
бөлінеді: 1) істің істелу амалын (тəсілдік амал) білдіретін; 2) істің сапа-
лық белгісін (сапалық амал) білдіретін амал пысықтауыштар. 
Тəсілдік  амал  пысықтауыштар  үстеу,  еліктеуіш  сөздер,  көсемше 
тұлғалы  етістіктер  болып  келеді  де,  мағыналық  қатынасы  қарқындық, 
қимылдық, бейнелеуіштік болып келеді. 


98
99
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Қарқындық амалды білдіретін пысықтауыштар:
1) бірден, бір-ақ, қолма-қол, зорға, əрең, тез, ақырын т.б. үстеулерінен 
жасалады: Ол үйіне ақырын аяңдады. – Немерелі болдыңыз, ұл, ұл! – деп 
алдынан ентіге шықты. Поштаға барып ақшаны қолма-қол салып жі-
беретін (Д.Досжан).
2) қылт, кілт, тарс, сарт, жалт т.б. еліктеуіш сөздерден жасалады: Ер-
кетай  көкпарға  түсетін  лақтай  жалтақ-жалтақ  жəудірейді.  Əуелі
мотоциклдің ышқынған ащы дауысы шықты, сосын жер дүңкілдеп, есік 
сарт ашылды (Д.Досжан). Бір кезде сыртқы есік сарт жабылып, мау-
жыраған дүние селк ете түсті (Д.Исабеков). 
Қимылдық амалды білдіретін пысықтауыштар:
1)  көсемшелерден  жасалады:  Қуандықтың  тойында  осы  даланы 
дүбірге  толтырып  көкпар  тартылған.  Қуандығы  жастайынан  зерек 
болып өсті (Д.Досжан). Шыдамым таусылып, түнделетіп осында жет-
тім (Д.Исабеков).
2) -ша, -ше  жұрнақты  туынды  үстеу  арқылы  жасалады:  Қарекең 
еңсесін басқан ауыр ойын осылайша ақтарып салды. Өзін əлдекім қуып 
келе жатқандай ер үстіне жас жігітше қарғып мініп, ауылына қарай 
шаба жөнелді. Ерғабыл өз бетінше сөйлемейді, сұрақ қойса ғана қысқа-
ша жауап береді (Д.Исабеков).
Бейнелеуіш амалды білдіретін пысықтауыштар: 
1) бейнелік үстеулерден (шалқасынан, етпетінен, жамбастан, тізерлеп 
т.б.) жасалады: Жанындағы кемпірі көпке дейін көз ілмей аһ ұрып жа-
тыр еді, енді маужырап ұйықтап кетіпті. Жұрт жиналып, жапырлап 
басу айтып жатыр (Д.Исабеков). Өң мен түстің арасында селтиіп ба-
сын көтерді. 
2)  маң-маң,  талтаң-талтаң  т.б.  еліктеуіштерден  жасалады.  Таң-
ның  атысынан  күннің  батысына  дейін  қыбыр-қыбыр  бір  тыным  көр-
мейді  (Д.Исабеков).  Көңіліңе  алма,  қатар  болған  соң  бəлдір-батпақ
сөйлей  береміз  (Д.Досжан).  Жүрегі  бұлқына  соғып,  селк  етіп  оянды
(Д.Досжан).
Сапалық амалды білдіретін пысықтауыштар: 
1) мағыналары етістікпен үйлесімді негізгі сын есімдер пысықтауыш 
болады:  Жас  келін  жаман  қысылады  (Д.Досжан).  Ерғабыл  əке-шеше-
сімен жылы, жарқын сөйлеседі (Д.Досжан).
2) туынды сын есімдер (-дай, -сыз жұрнақты) пысықтауыш болады: 
Қуантайы үн-түнсіз жарға сүйеніп тұр. Құс жастықтың шəйі тысы 
мұздап қалыпты, шекесіне мұз басқандай əсер етті (Д.Досжан). Қаре-
кең сол орнында қимылсыз қатты да қалды (Д.Исабеков).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет