Себеп-салдар пысықтауыштың жасалу жолдары (не себепті?
неліктен?):
1) -ған тұлғалы есімшеге -дықтан қосымшасы жалғану арқылы неме-
се есімшеге шығыс жалғауы жалғану арқылы жасалады: Екеуміз кеңесіп шешетін нəрсе болмағандықтан ойым онға, ақылым алтыға бөлініп, пəлен етейік деп айта алмай отырмын. Ауыл арасы таяқ тастам жер болса да, мына тентектердің тентектігі тұсау болғандықтан келе ал- май жатырмыз, құда-еке... (Д.Исабеков)
2) есімшеден кейін себепті, соң, үшін шылауының тіркесуі арқылы
жасалады: Боз бие жоғалып, ішімнен іріп, тықат боп отырған соң дағдарғаным рас (Д.Досжан). Алғаш жүз көріскенде томсырған мінез көрсеткенім үшін қазір өзім ұялып келе жатырмын (Д.Исабеков).
3) кейде көсемше формалы етістіктер де себеп пысықтауыш болады:
Сыртқы есікті қаусыра жапты да, ит кіріп кетпесін деп шандып тас- тады (Д.Досжан). – Қой, сəрсенбіге Қуантайымның садағасы деп жеті нан құдайы беріп жіберейін (Д.Досжан). Шерəлі жіберген шақыру қаға- зын нақ той болатын күні бара алмаймын деп қайтарыпты (Д.Исабе-
ков).