Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамызындағы №
769 қаулысына сәйкес жоғары және арнайы оқу орындарының
бағдарламаларына «Қазақ тілінде іс жүргізу арнайы курсы енгізілуіне орай
тәжірибеден өтіп, сарапталып екшеленген [6].
Ал егер кітап бұрын басылып қайтадан баспаға берілсе, онда оның да
себебін жазасыз. Мысалы:
Роман–эпопея түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына келтірілген
басылымы бойынша жарияланып отыр [7].
Аудиторияны сипаттау.
Аңдатпаның
соңында кітап кімге
арналғанын жазасыз. Онда оқырманның жасы, қызметі, қызығушылығы және
т.б. ерекшеліктері жазылуы мүмкін. Мысалы:
«Бұл кітап оқушы, студент, мұғалім және өзінің өміріне бейжай
қарамайтын әр жастағы оқырманға лайық» [3]
немесе
«Кітап
философтарға, мәдениеттанушыларға, филологтарға, сондай-ақ ұлт
руханиятының жанашырларына арналған» [8].
Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді
ұстаныңыз:
Достарыңызбен бөлісу: