Сипаттама [1]. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138072
1   2   3   4   5
Тақырыптың қысқаша мазмұны. 
Мұнда кітап не жайлы 
жазылған, нені қамтиды, негізгі мақсаты не сол туралы қысқаша сипаттама 
жазасыз. Мысалы:
 
Бұл кітапта халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-
тыйымдарының мағынасы жас ұрпаққа кеңінен түсіндіріледі. Осы арқылы 
бұрынғы жақсы мен бүгінгі жаңаны ұштастырып, ұлттық болмыстан 
айнымай, қазақы тәлім-тәрбиенің мәнін ұғындырады. Кітапта құрсақ 
шашудан бастап, баланың алғашқы мүшеліне дейінгі аралыкта салт-
дәстүр, жөн-жоралғылар барынша қамтылған [5]. 

Кітаптың басылымға берілуі немесе қайта басылу себептері.
Егер кітап белгілі адамның мерейтой қарсаңына, не белгілі бір 
конференцияға арнап басылса, онда оның себебі көрсетіледі. Кейде бұйрық 
бойынша шықса, ол да көрсетіледі. Мысалы: 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамызындағы № 
769 қаулысына сәйкес жоғары және арнайы оқу орындарының 
бағдарламаларына «Қазақ тілінде іс жүргізу арнайы курсы енгізілуіне орай 
тәжірибеден өтіп, сарапталып екшеленген [6].
Ал егер кітап бұрын басылып қайтадан баспаға берілсе, онда оның да 
себебін жазасыз. Мысалы: 
Роман–эпопея түпнұсқа бойынша түзетіліп, қалпына келтірілген 
басылымы бойынша жарияланып отыр [7]. 

Аудиторияны сипаттау. 
Аңдатпаның соңында кітап кімге 
арналғанын жазасыз. Онда оқырманның жасы, қызметі, қызығушылығы және 
т.б. ерекшеліктері жазылуы мүмкін. Мысалы:
 
«Бұл кітап оқушы, студент, мұғалім және өзінің өміріне бейжай 
қарамайтын әр жастағы оқырманға лайық» [3] 
немесе 
«Кітап 
философтарға, мәдениеттанушыларға, филологтарға, сондай-ақ ұлт 
руханиятының жанашырларына арналған» [8]. 
Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді 
ұстаныңыз: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет