Сырт бейнесі емес, жан жүниесі Құдайдың адамы болған ғана Оның таңдаулы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата03.03.2017
өлшемі424,16 Kb.
#7571
1   2   3   4   5


Пейіште сыйлы орынға таласқалы. 

Бәрімізге орын жетеді бауырым-ау

Дейді ғой айыбы жоқ адасқанның. 

 

Адасқанның алды жар, арты соқпақ, 



Қалмаса тозаққа келіп, жолың тоқтап. 

Күнәңді айтып одан да Исаға кел, 

Уақыт тар, күтіп тұр, сені тоқтап. 

 

Иса келіп соттаса егер, оңдырмайды, 



Пейішке бір секунд та қондырмайды. 

Аз ғана уақытыңның бағасын біл, 

Жаны ашып, әлі саған қол бұлғайды. 

 

Рухани байлық 



 

Байлық керек, керек шығар қызмет те, 

Шын қызмет бірақта ізгі ниетте. 

Ізгі хабар таратсам Құдай сөзін, 

Ойлаңдаршы, осы осал қызымет пе? 

 

Керегі жоқ, тіпті маған айлығың да,  



Бөлісіңдер жүректегі байлығым да. 

Бақырайтып тонап ал, тал түсте кеп, 

Өкінбеймін керегі жоқ қайғының да.  

 


Бөлісіңдер таусылмайтын байлығымды, 

Тауыса алмайсың бірақ та шайлығымды. 

Кең қазына жүрегім – Құдай үйі, 

Алыңдаршы, әрқайсың айлағыңды. 

 

Өмірде мен қазақ боп туылғанмын, 



Керек емес Иорданда жуынғанмын. 

Керек емес күнә үшін қан төгіп те, 

Киелі Рух жүректе туындадың. 

 

Керек шығар мен үшін қазақ болу, 



Қырық жаста күнәмнан азап болу. 

Аңқау елге арамза молда деген, 

Құдайымды тонап алар кәззап болып. 

 

Сондықтан да керегі жоқ, байлық маған, 



Жүрек керек күнәдан, шайлықпаған. 

Сен де қосыл, сапқа тұр, бізбен бірге, 

Ізгі хабар айтудан еш қаймықпағын. 

 

Сонда аласың Исадан үлесіңді, 



Үйренесің шайтанмен күресуді. 

Сонда етесің қызмет Құдайыңа, 

Тәж киесің Исадан үлесіңе. 

 

Сен кешірім алып бердің... 



 

Шеге сенің денеңе қадалғанда, 

Қарап тұр-ау соған шыдап адамдар да. 

Мәз болады-ау соқыр сезім билеп алған, 

Сен кешірім алып бердің адамдарға. 

 

Мен жасаған күнә үшін Өзің өлдің, 



Мен көретін азапты Өзің көрдің. 

Шеге маған қадалса шыдайтындай, 

Маған сондай мейірім мен төзім бергін. 

 

Өз еркіңмен айқышқа барғанымда, 



Түнегімде таң болып жанғаныңда. 

Жүрегімде жарқ етті жарық сәуле

Аспанда бірге болу арманым да. 

 

Екі мың жылдай өтті – ау арамызда, 



Көктем келді көктеп біздің санамызға. 

Саған сеніп құтқарылу алып жатыр, 

Барлық халық, әкеміз, баламыз да. 

 

Сен күш-қуат бердің біздің бойымызға, 



Сен ізденіс бердің біздің ойымызға. 

Сен арқылы құтқарылмақ барша халық, 



Аспанда болар әлі тойымыз да. 

 

О, Иса 



 

Мен тұрмын жағалауда, 

Толқынға қарай қалып. 

Шуақты көлдің беті, 

Таң атар арайланып. 

 

О, Иса Сенің нұрың, 



Кеудемді жарқ етті! 

Түнекті кеудемдегі, 

Мәңгіге алып кетті. 

 

Толқындар көл бетінде, 



Тыншымай қалықтайды. 

Қуаныш кеудем толы, 

Ән болып шарықтайды. 

 

О, Иса, Өзің бердің, 



Жүрекке қуанышты. 

Өзіңнен тауып алдым, 

Бақыт пен жұбанышты. 

 

Күлімдеп күн шуағы, 



Көл бетін тербете бер. 

Толқындар тоқталмастан, 

Мәңгілік таусылмайды. 

 

Соңыңнан мен еремін 



 

Көктегі Әкем, Өзің менің тірегім, 

Мені сүйдің, тауып алдым білемін. 

Таңғажайып түсінбейтін күйге еніп, 

Жарылардай қуаныштан жүрегім. 

 

Естідің бе, әлде менің мұңымды? 



Ұқтың ба, әлде жүректегі сырымды? 

Тұмшаланған қараңғылық пердесі, 

Кеудемдегі бір-ақ сәтте сырылды. 

 

Неге солай айта алмаймын ешкімге? 



Самал болып өмірімде естің бе? 

Мөлдір бұлақ тауып бердің бастауын, 

Қараңғылық менен мәңгі көштің бе? 

 

Сенен таптым мәңгіліктің бастауын, 



Сен көрсеттің шын өмірдің дастанын. 

Сен – ақиқат, Сен – мәңгілік, Сен – өмір, 

Тек Өзіңсің шайдай ашық аспаным. 


 

Өзің аштың соқыр менің көзімді, 

Өзің салдың аузыма сөзіңді. 

Өмір бойы сені жырлап өтемін, 

Құтқарушым, берші маған сенімді. 

 

Бұрқыраған жүзіп жүрмін тасқында, 



Қанат болдың қолтығымның астында. 

Сен арқылы қиындықты жеңермін, 

Сен арқылы қарсы тұрам тасқынға. 

 

Иса Мәсіх – Ол мәңгілік, сенемін, 



Қолды создың, мен де қолды беремін. 

Жетелеші мені Өзің мәңгіліктің жолына, 

Көзімді алмай артыңнан мен еремін. 

 

Жалған өмір келте екенін білмедім, 



Нәпсіміздің құлы болып жүр едім. 

Шыңырауға батып кете жаздадым, 

Өзің аштың жүрегімнің ілгегін. 

 

Өзің ендің жүрегіме нұр болып, 



Ақтарылдың жан-дүниеме сыр болып. 

Шақырасың мәңгі өмір бағына, 

Көкірегімде төгілесің жыр болып. 

 

Саған сеніп өмірімді беремін



Шаттық пенен қуанышқа бөледің! 

Мәңгіліктің кілті Сенде, сондықтан, 

Жетелеші, соңыңнан мен еремін. 

 

Күнәмнің құнын өтедің 



 

Арайлап атты таңдарым, 

Нұрыңа мені бөледің. 

Тәңірім, Иса қаныңмен, 

Күнәмнің құнын өтедің. 

 

Қиналдың Иса мен үшін, 



Айқышқа беріп тәніңді, 

Құтқарып алдың күнәдан, 

Әлемді және елімді. 

 

Шыдадың Ием біз үшін, 



Жаныңды салып азапқа. 

Адамның әрбір ұрпағы, 

Бармайды сенсе тозаққа. 

 

Кеудеңнен қаның төгілді, 



Тамшылап жерге тоқталмай. 

Күнәсіз Иса керілді, 

Айқыштан бақыт тапқандай. 

 

Күнәні енді жасама, 



Киелі Иса қаны үшін. 

Тәубаға келгін, бауырым, 

Өмірдің ұғып мәнін шын. 

 

« ... менен құдіретті Біреу келе жатыр, 



Оның құлы боп кебісін беруге де тұрмаймын. 

Ол сендерді Киелі Рухпен және 

Отпен шомылдырады» 

(Інжіл, Лұқа 3:16) 

 

Ақша бұлттар кезіп жүрген даланы, 



Бір зор дауыс бұзып жарып барады. 

Тегістеңдер, ой шұқырды, жол салыңдар, 

Асығыңдар, Иең келеді, қарсы алыңдар. 

 

Құтқарылу жақын қалды, күткен күндер. 



Пендешілікті тастап бәрің кеп бірер сәтке, 

Құдайға табыныңдар, бас иіп жалыныңдар, 

Суға түсіп тазаланып, күнәдан арылыңдар. 

 

Мен Оның кебісін әперуге де жарамаймын, 



Ол жетер биіктікке мен тіпті бара алмаймын. 

Ол сияқты сендердің арылмас күнәң үшін, 

Өзімді құрбандыққа шала алмаймын. 

Көктен келді құрбандықтың Тоқтысы, 

Қарсы алыңдар, қабылдаңдар, сеніңдер. 

Өмірлеріңді қолына Оның беріңдер. 

Кеш қалмастан ізіне Соның еріңдер. 

 

Мәңгілікке сене ғой 



 

Терезеңді қағамын, 

Сені іздеп табамын. 

Ашыламын Мен саған, 

Көкте қарсы аламын. 

 

Көктен нұр боп ашылам, 



Саған қарай асығам. 

Кеудеңізге жарқ етіп, 

Түнегіңді қашырам. 

 

Хош келіпсің бауырым



Аман-есен ауылың. 

Қорқыт бабам таппаған 

Өмір жолы – қауымың. 

 


Ізгі хабар таратқын, 

Бір пайдама жаратқын. 

Көбейте бер бауырлас, 

Міне саған баратпын. 

 

Тазалап қой жолымды, 



Оңым менен солымды. 

Шайтанды алам кеудеңнен, 

Ұнатамын момынды. 

 

Қошақаным келе ғой, 



Отарыма ене ғой. 

Бағбан тұр ғой аспанда, 

Мәңгілікке сене ғой.  

 

Алыс тұрам Мен деген, 



Қиын болар сенбеген. 

Сағындырам Мен сені, 

Табар бірақ іздеген. 

 

Адам ата ұрпағы, 



Ауылыңа қайтарам. 

Тек күнәдан тазарсаң, 

Ашам бақты қайтадан. 

 

Едем саған ашылар, 



Іздеген жан асығар. 

Иемізді көрген соң, 

Сағынышың басылар. 

 

Жақыптай мені өзгертші 



 

Жақыптай боп жағаластым Тәңірмен, 

Жан-дүнием толып тұрған ескілік. 

Жүріппін мен бұл өмірде бос күліп, 

Содан болар қала бердім ескіріп. 

 

Есік қақтың, есік ашпай жүргенде, 



Жүрегімді жаңа арнаға бастадың. 

Енді білдім, енді сездім Тәңірдің, 

Өмірдегі ең маңызды мақсатын. 

 

Голгофтағы ағашқа айқыш шегелеп, 



Жақыбыңды сол жерде Сен қалдырдың. 

Киелі Рух мәңгілікке жол сілтеп, 

Өмірімді басқа арнаға салдырдың. 

 

Содан болар кетті бойым жеңілдеп, 



Белгісіз жүк арқамдағы түскендей. 

Күтіп жүрген ағаштағы жемісім, 



Уақыты жетіп уылжып піскендей. 

 

Жетелеші, мені енді жаңа жол, 



Тура басып ілесейін артыңнан. 

Өмірдегі ең маңызды мақсат сол, 

О, Тәңірім ұмтылайын соңыңнан. 

 

Жүрсем ылғи айқышымды арқалап, 



Жүректегі шерім сонда тарқамақ. 

Өмірдегі мән – мағына сол дағы, 

Киелі Рух жүрегімде болғаны. 

 

Жаныма шипа табамын 



 

Жадырап жаның қаласың, 

Қауымға келіп кеткенде. 

Жаныма шипа табамын, 

Құдайдың сөзін есіткенде. 

 

Есім бір кетіп, көңілім елтіп, 



Қуаныш кернеп жүректі. 

Самалдай есіп, көкейді тесіп, 

Бересің әркез тілекті. 

 

Дұғаны оқып, көңілге тоқып, 



Бауырластардың сөздерін. 

Өмірдің мәнін, түсініп әнін, 

Қаласың сол сәт өзгеріп. 

Киелі Рух жаныңда тұрып, 

Шығарып салар қайтқанда. 

Қоштасу қиын, көңілге түйіп, 

Сол бір әндерді айтқанда.  

 

Мәңгілік өмір табалдырығын, 



Қауымда мен де аттадым. 

Тілеймін оған, тілеймін саған, 

Бәрің де бірдей аттағын. 

 

Тәубеге кел бауырым 



 

Өмірдің тауып сырларын, 

Шаттана мен де жырладым. 

Қуаныш тауып Құдайдан, 

Сөзімен жаным нұрланды. 

 

Ата-анам естіп сөздерін, 



Мәнісін оның ұғынды. 

Ақ бата сұрап Өзіңнен, 

Алдыңа келіп жығылды. 

 


Таудағы уағыздарыңмен, 

Бақыттың сырын ашқансың. 

Пейіштің кілтін тегін ап, 

Тастасын халқым басқасын. 

 

Мына жалған өмірге, 



Уақытша келген қонақпыз. 

Шайтанға беріп ерікті, 

Өзімізді сонша тонаппыз. 

 

Кемеліңе сенде келерсің, 



Құдайға берсең қолыңды. 

Тілеймін саған ақ тілек, 

Оңғарсын Иса жолыңды. 

 

Байлық жинап, қай мықты, 



О дүниеге бірге алып кетті. 

Опа бермей жиған байлығы, 

Тозаққа оны алып кетті. 

 

Бұл өмірдің бар байлығы, 



О дүниеге мүлде жарамас. 

Жүрекке қарар Иса Ием, 

Байлығыңа сенің қарамас. 

 

Өмір сүру үлгісін бізге, 



Ол, Өзі келіп көрсетті. 

Айқышқа керіп денесін, 

Біз үшін азап көп шекті. 

 

Аспанға кеткен Иса Ием, 



Нұрын бүгін төгіп тұр. 

Ұялат Оны өз жүрегіңе, 

Рақымын Ол сеуіп тұр. 

 

Құтыл шайтан торынан, 



Исаға беріп қолыңды. 

Мәңгі өмірге жолдама ал, 

Ашсыншы Ием жолыңды. 

 

Тәубеге кел де, бауырым, 



Тыныштық орнат жүрекке. 

Бақыт кілті тек Исада, 

Сене бермегін білекке. 

 

Иса өліп, тірілді! 



 

Айқыш ағаш қиналыс, 

Киелі қаны шашылды. 

Тебіреніп бар әлем, 



Күн шуағын жасырды. 

 

Күнәсі үшін адамның, 



Иса Тәңірім керілді. 

Киелі үйдің пердесі, 

Қақ бөлініп ашылды. 

 

Көкке жетті көпірң, 



Көлеңкең бар шуақты. 

Аман-есен жүргенім, 

Иса, берген қуатың. 

 

Аман-есен жүрем де, 



Жар саламын әлемге. 

Ізгі хабар таралсын, 

Әлемдегі бар елге! 

 

Жексенбі күні болғанда, 



Иса Мәсіх тірілді. 

Сенім орнап шәкірттерге, 

Алғашқы қауым құрылды. 

 

Бұл деген сондай ғаламат! 



Сүйіспеншілігі ғажап-ақ.! 

Сүйгендіктен адамзатты, 

Иса өліп, тірілді! 

 

Көтеріліп Ол көкке кетті, 



Таурат заңын орындап. 

Уағыздап Жаңа Өсиетті, 

Өсиеті бүгін бізге жетті. 

 

Иса бірге менімен, 



Иса бірге сенімен. 

Иса біздің арамызда, 

Қабылдаңдар сеніммен. 

 

Мәсіх келді дүниеге! 



 

Жарқырап кетті айнала, 

Нұрға бөлеп аймақты! 

Демалып жатқан малшыларға, 

Топ періште үн қатты. 

 

Бетлехемге бет бұрыңдар, 



Бесік жыры тойлансын! 

Құтқарушы келді әлемге, 

Барлық адам ойлансын. 

 

Қуаныңдар, шаттаныңдар, 



Мәсіх келді дүниеге! 

Қарсы алыңдар адамзат, 

Баршаға жар салыңдар. 

 

Қуаныңдар, шаттаныңдар, 



Таңғажайып күйге еніп, 

Ғажап іске тамсаныңдар! 

Иемізге ән салыңдар. 

 

Құндықтаулы Бала жатыр, 



Мал байлаған ақырда. 

Нұр бейнелі Пана жатыр, 

Халқы күткен ғасырлар. 

 

Малшылардан елге хабар, 



Осылайша тарқалды. 

Киелі Рух көлеңкесі, 

Бізге пана бере алды. 

 

Соңынан Иеміздің ерші халқым 



 

Әрине, мен қиындық көп көремін

Басымнан талай нәрсе өткеремін. 

Шыдаймын бәріне де жаным үшін, 

Өйткені мен күнәні жек көремін. 

 

Қымбатсың әрқашан да халқым маған, 



Тамыр алған өзіңнен жарқын балаң. 

Өзегінен нәр алып өсіп-өнген, 

Өзеніңе шомылып салқындаған. 

 

Аққу қаз жинап жатыр балапанын, 



Ойлайды – ау олар дағы бала қамын. 

Ұрпағы үшін алыс жолға жиналады, 

Әнге бөлеп тырналар дала таңын. 

 

Мағынасыз мына өмір тұр екі жүзді, 



Қуанып қарсы аламыз жомарт күзді. 

Жеміс-жидек төгіліп бау – бақшада, 

Жайқалады егін-жай жайнап түзде. 

 

Күз келіп төгіп жатыр жемістерін, 



Айдалада жайқалады егістерің. 

Бау-бақша берекелі күйге еніп, 

Олар да көрсетіп тұр жемістерін. 

 

Орақ алып науқанға барған жақсы, 



Қыс боларын бір сәт еске алған жақсы. 

Құдай берген несібесін шашпай, төкпей, 

Дер кезінде қырманға әкеп салған жақсы. 


 

Мағынасын осы өлеңнің баяндайын, 

Халқым үшін ешнәрсе де аянбаймын. 

Алқаптағы егін-жай біздің ұрпақ, 

Өсіп-өнген күнәхар шаяндайын. 

 

Сондықтан ол тозаққа бара жатыр, 



Қыс қаһары Иеміздің заман ақыр, 

Науқанымыз – Ізгі хабар, Құдай Сөзі, 

Оның жолы ерекше дара жатыр. 

 

Ал ендеше бауырлар, аттанайық, 



Қаһарынан Иеміздің сақтанайық. 

Жолға шығып таратып Ізгі хабар, 

Тозақтан осы ұрпақты ап қалайық. 

 

Айтқан сөзін Иеміздің алған жақсы, 



Бар деген соң науқанға барған жақсы. 

Өсиетін орындап жатпай-тұрмай, 

Мәңгі өмірде мәңгілік қалған жақсы. 

 

Күнәңді айтып тәубеге келші халқым, 



Тағдырыңды Иса Иеме берші халқым. 

Шырылдап тозақ отқа түсіп кетпей, 

Иеміздің соңынан қалмай ерші халқым. 

 

Күнәм менің кешірілген 



 

Мәсіхшімін күнәм менің кешірілген, 

Күнәні арқалап – ем бесігімнен. 

Хауа ана қандай күйге душар еттің, 

Хал жаман, жұмақ маған есік ілген. 

 

Еңсемді бір ауыр жүк басып тұр-ау, 



Өмірім шешімі жоқ өңшең сұрау. 

Құлазып жүрегімде шаттығым жоқ, 

Берекем өз – өзінен қашып тұр-ау. 

 

Ес кетіп айдалада сенделемін, 



Сәт сайын жамандыққа кез келемін. 

Қыр соңымнан қалмаған қалың сорым

Күнәсі ауыр мен де бір пендең едім. 

 

Хауа ана қалай ғана сөзге келдің? 



Азғыру ғой шайтанның да көздегені. 

Нәпсінің құлы болып кете бардың, 

Сорына адамзаттың жете бардың. 

 

О, адамдар бұл дүниеге Мәсіх келді. 



Жер Әлемге Ол нұрын шашып келді. 

Түнерген түнектерді қуып шығып, 

Пейішке қайтар жолды ашып берді. 

 

Әуреге әбден Оны салғаным-ай, 



Айқышқа Ол мен үшін барғаны-ай. 

Мен үшін киелі қанын шашқанында, 

Орындалды – ау деді Иса арманым-ай. 

 

Мен Оны қабыл алған мәсіхшімін, 



Айтатын өзім жайлы ашық шынын. 

Кернеген жүрегімдегі Киелі Рух, 

Бермейді бір сәт маза тасып тыным. 

 

Мен бүгін көктен туған жаңа адаммын, 



Иса сөзін уағыздайтын бір балаңмын. 

Айқышты арқалап ап өз мойныма, 

Кез келген жеріңе мен бара аламын. 

 

Көктем бердің көңіліме Құдайым 



 

Көктем бердің көңіліме Құдайым, 

Көктен келдің өміріме Құдайым. 

Алпыс екі тамырымдағы мұз еріп, 

Сел боп тасып, ағып жатыр Құдайым. 

 

Көңілімнен қысты алып тастадың, 



Өмірімді жаңа арнаға бастадың. 

Жан тыныштық не екенін білмеппін, 

Мәңгі өмірдің жолына Сен бастадың. 

 

Қыста қарға талай батып құлағам, 



Жаным мұздап, сыздап талай жылағам. 

Сен қастерлеп жылу берген жаныма, 

Талай рет ажал бер деп сұрағам. 

 

Ажал емес, өмір гүлін септің Сен, 



Мейірлене шуағыңды төктің Сен. 

Гүлім солып қалмасын деп қамқоршым, 

Керек кезде жаңбырлатып өттің Сен. 

 

Білем енді барар жерім шұрайлы, 



Білем енді кім екенін Құдайдың. 

Өзің менің өмірімді гүл еттің, 

Айдалада қалып қойған қурайды. 

 

Өзің менің тіреуішім құласам, 



Өзің менің жұбанышым жыласам. 

Тек Сен ғана кеше аласың күнәмді, 

Шын өкініп мен кешірім сұрасам. 

 


Ойланыңдар осы сөздің мәні бар, 

Бітеу жара жүрегімде табылар. 

Тәубаға кел, кешірім ал Құдайдан, 

Шапағаты әрқайсыңда қабыл ал. 

 

Қаһарына Иеміздің қалмағын, 



Өз өміріңді онда өзің жалмадың. 

Күнәң үшін кешірім ал адамдар, 

Иеміздің рақымынан құр қалмағын. 

 

Жаңбырыңды бақшамызға септің бе? 



Нұрыңды да мейірлене төктің бе? 

Мұздарымды бойымдағы терлетіп, 

Шуақ болып өңменімнен өттің бе? 

 

Алдарыңда өмір жолы бұралаң



Адамдар-ай мен сендерден сұранам, 

Абайламай шайтан құрған апанды, 

Қаншама адам сол апанға құлаған. 

 

Өміріміз болсын десең шұрайлы, 



Ұмытпағын бар екенін Құдайдың. 

Тәубаға кел, тәубаға кел адамдар, 

Иеміз де сенен соны сұрайды. 

 

Көз жыстарың сонда ғана тоқтайды, 



Сонда Ием жоқтарыңды жоқтайды. 

Барлық адам келсе егер Құдайға, 

Жер бетінде жамандық та тоқтайды. 

 

«Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні 



жақындады. Сондықтан қара түнектегі 

жаман істерден бас тартып, жамандыққа 

қарсы тұратын «нұрдың» қаруын асынайық!» 

(Рим 14:12) 

 

Табиғатты бар әлемді жаратып, 



Аң мен құсты жер бетіне таратып. 

Өзіменен қатынаста жүрсін деп, 

Саздан илеп жасапты адам баласын. 

 

Кенелсін деп Киелі Рух сөзімен, 



Мәңгі бірге болсыншы деп өзімен. 

Демін үрлеп жан беріпті адамға, 

Құдай Ием Өз баласы болсын деп. 

 

Әттең, өмір болар еді шұрайлы, 



Барлық адам білер еді Құдайды. 

Әзәзілді тыңдап адам алданып, 

Күнә жасап пейіш бақтан құлайды. 


 

Сол жемістің дәмін татып келеміз, 

Өзімізді азғырылуға береміз. 

Әзәзілдей жауыз болып өмірде, 

Танымастан Құдайымызды өлеміз. 

 

Барша адамның болған Хауа анасы, 



Барлық халық Адам ата баласы. 

Бәрімізді жаратқан сол бір Құдай, 

Бөлінбеңдер адамзаттың баласы. 

 

Күнәң үшін Иса аспаннан келіпті, 



Құрбандыққа Өз денесін беріпті. 

Адамзатты сүйгендігі соншалық, 

Айқыш ағаш азабына көніпті. 

 

Міне, солай шайтанды да жеңіпті, 



Қолымызға ерікті алып беріпті. 

Екі жол бар – тозақ және пейіш ол, 

Әр адамның таңдауға өзі ерікті. 

 

Қарғыс алған күнәһарлар құлайды, 



Мәңгілік ол тозақ отта жылайды. 

Тәубеге кел болғың келсе пейіште, 

Тауып алып осы өмірде Құдайды. 

 

Бұл өмірде күнәһардың бірі мен, 



Басқалардай өлі өмір сүріп ем. 

Шақырғанда Иса Ием тәубеге, 

Бір-ақ сәтте өлі өмірден тірілгем. 

 

Тыныштықтың іздер болсаң тұрағын 



 

Өмір сүру қиын емес, білсең егер Құдайды, 

Тек Құдаймен болар өмір мәңгілікте шұрайлы. 

Оны білмеу күнә екенін түсініңдер адамдар, 

Құдай Ием адамдардан соны ғана сұрайды. 

 

Оны білмей батып жүрміз батпағына күнәнің, 



Ойлан бауыр жүрегіңді ар алдында сынағын. 

Құдайменен бірге болсаң, жаныңызда тыныштық, 

Болмаса егер тыныштықты тек Құдайдан, сұрағын. 

 

Тыныштық пен мәңгі өмірді адам үшін жаратқан, 



Назарымызды шайтан түртіп, өз жағына қаратқан. 

Билік беріп, әзәзілге білмей жүрміз Құдайды, 

Тәубаға кел, кешірім ал, Ием соны сұрайды. 

 

Шайтан күнә патшасы ол, тозақ оның мекені, 



Жетегінде болсаң егер бірге алып кетеді. 

Екі жолдың айырмасын түсіне біл ағайын, 

Иас Иемнің жұмағында мәңгі өмірде болайын. 

 

Батпағынан тазалайды еңсемізді езілген, 



Арылтады ойымызды пендешілік сезімнен. 

Сенсіз қалай құтыла алам күнәһарлық кезімнен, 

Создың маған Өз қолыңды құтқаруға тезінен. 

 

Өмір сүру қиын болған таптым бірақ кезеңін, 



Тапқанымды жан-дүниеммен қуанышта сеземін. 

Сағым болып айдынынан ұшып кеткен шағала, 

Қайтып тапты өз айдынынын, өз ортасын, өзенін. 

 

Таза жүрек, таза ойлар бойымызда тасыған, 



Әрбір сәтте, әрбір кезде мәңгілікке асығам. 

Мағынасы мына өмірдің мәнсіз енді мен үшін, 

Өзіңменен жаңа өмірді бастап кеттім басынан. 

 

Әттең Ием, Өзіңді ерте, Өзіңді ерте білмедім, 



Сенде солай өкініште арманда боп жүрмегін. 

Дұрысы сол, осы өмірде Құдайыңды білгенің, 

Терең ойлан ағыт кәне, жүрегіңнің ілгегін. 

 

Сонда аласың еншімізге мәңгі өмірді тасыған, 



Арыласың пендешілік сезімінен жасыған. 

Жаңа арнамен ағар сонда өміріңнің өзені, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет