Ситуациялық есеп №13 К.есімді науқас, 46жаста, жүргізуші, поликлиникаға екінші рет 23.04 күні келіп, оң жақ қабырға астында ауырсынуға, тәбеттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданды. 2апта бұрын әлсіздік, жұмыс істеу қабілеті төмендегенде ірі буындарында ауырсынуды байқап, поликлиникаға келіп, бруфен қабылдаған. Буындарында ауырсыну азайып, бірақ қайта пайда болған. Зәрі қарайып, 19.04 күні склерасының сарғаюын байқаған. жағдайы нашарлап, тәбеті жоғалып, дене температурасы жоғарылап, екі рет құсқан. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, терісі және шырышы шамалы сарғайған, буын бөлігі өзгермеген, тілі жабылған, бауыры ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. көкбауыры перкуторлы ұлғайған. Пульсі минутына 56 соққы, жүрек тондары естілмейді. Өкпесінде сырыл жоқ. Зәрі «сыра» тәрізді, нәжісі түссіз. Басы ауырады, ұйқысы нашар. Эпиданамнезінде – қаңтарда оң жақ бүйрегінде кистаны алып, операция жасаған. Б/х: қанда тура билирубин 84, тура емес – 42мкмоль/л, АлАТ-624, АсАТ-123нмоль/л, тимол сынамасы -4ед. Серологиялық зерттеуде HbsAg және Ig M HB cor Ag-ға.
Болжам диагноз
Емдеу тактикасын анықтау
Диспансерлеу бойынша ұсыныстар.
Ситуациялық есеп №14 М.есімді науқас 32 жаста, әлсіздікке, енжарлыққа, тежелуге, бас ауруға шағымданды. Ішінде ауырсыну, құрылдау, метеоризм, диарея. Ауруының 8-күні дене температурасы 39оС, қатты тоңу байқалған. Қарағанда: науқас бозғылт, қозғалыссыз, апатиялық. Дене температурасы 39,3oС, АҚ 110/70 мм.с.б., ЖСЖ – 65I. Тілінің арқасы мен түбі сұр жабындымен жабылған, шеті және тіл ұшында жағынды жоқ, тістерінің іздері бар. Іші пальпациялағанда ауырсынбалы, құрылдағыш, Падалка симптомы оң. Алдыңғы құрсақ бетінде ақшылқызғылт түсті бөртпелер, қолмен басқанда жоғалады, 5 элементтен тұрады. Бауыры, көкбауыры ұлғайған. гемограммада: лейкопения, сол жаққа жылжыған, салыстырмалы лимфацитоз, тромбоцитопения, СОЭ аз. Анамнезінде: 2апта бұрын науқас пикникте болып, өзеннің қайнамаған суын ішкен.
Болжам диагноз