Ситуациялық есеп №1



бет3/10
Дата06.10.2023
өлшемі30,52 Kb.
#113237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ситуациялық есептер Жұқпалы аурулар пәнінен ситуациялық есептер жинағы

Ситуациялық есеп №7
С. есімді науқас, 36жаста, аэропорттың медсанитарлық бөлігінің дәрігері жедел ауырды. Ішінде баяу ауырсыну, сосын көп ретті құсу және сулы, көп мөлшерде сұйық нәжіс тәулігіне 10рет байқалды. өздігінен асқазанын калий марганцовамен шайған, бірақ жағдайы жақсармаған: бас айналу, бас ауру, тоңу, дене температурасы 39,5oС көтерілген. Жедел жәрдеммен жұқпалы ауруханаға әкелінді. Түскен кезде жағдайы ауыр, беті бозарған, ерні көгерген. Тері тургоры төмен, пульсі жиі. АҚ 60/40мм.с.б. Саусақтары мен табаны суық. Аяқ бұлшық еттерінде діріл, тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші пальпациялағанда эпигастрий тұсында ауырсынады, кіндік маңы мен илеоцекальді бөлігінде ауырсынады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. қабылдау бөлімінде нәжісі көп мөлшерде, сулы, жасыл түсті, өткір иісті. Құсық массасы өтпен, тамақ қалдығынсыз. диурез төмен.

  1. Болжам диагноз

  2. Тексеру жоспары

  3. Ең алдымен қай ауруды жоққа шығару керек?

  4. Емдеу принципі

Ситуациялық есеп №8
М.есімді науқас 55жаста, бас ауруға, тоңуға, жүрек айнуға, бас айналуға, ссол жақ бетінде күйдіргіш сезімге шағымданды. Қарағанда аурудың бірінші күні температура 39.5oС, сол жақ бетінде қызарған дақ сау теріден шеті анық, зақымдалған жерінің терісі қызарған, ыстық. Беттің және төменгі қабағының тері асты клетчаткасы айқын ісінген, эритема шетін пальпациялағанда ауырсынады. Екінші күні эритема бір кішкентай везикула пайда болды, сол жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады. Бұрын ондай байқалмаған.

  1. болжам диагноз

  2. емдеу принциптері

  3. госпитализация қажет пе?

Ситуациялық есеп №9
10айлық нәресте, 4 күн бұрын ауырған: температурас: температурасы 37.5oС, тәулігіне 2рет құсу, тамақтан бас тартады, жылауық, енжар. Температурасы фебрильді болып сақталып, тамақ жемейді, күнде құсады, салмағы азайды. Нәжісі тәулігіне 6-8рет, сулы, шырышпен. жұқпалы ауруханаға қаралды. Қарағанда: жағдайы ауыр, температурасы 38oС, айқын енжарлық, терісі құрғақ, беті үшкірленген, дауысы қырылдаған, ауызының шырышы құрғақ, тахикардия 160I, жүрек тондары әлсіз, тахипноэ 46I, іші желденген, пальпациялағанда ауырсынады.

  1. Болжам диагноз

  2. Тексеру жоспары

  3. Емдеу принципі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет