Ситуациялық есеп №18 Жедел жәрдеммен вокзалдан қабылдау бөліміне С.есімді 67жастағы науқас нақты мекен жайы жоқ түсті. Жедел ауырған: тоңу, кейін қызба, бас ауру, қатты әлсіздік, бас айналу. Бұрын ауырған ауруларын білмейді. Қарағанда: температура 40oС, беті қызарған, склера иньецирленген, терісі кір, қасыған іздері бар. Кеуде клеткасында, ішінде, бүйір жағында розеолезді бөртпе, аз мөлшерде петехиялар бар. АҚ 100/70 мм.с.б. пульсі 120I, ырғақты. өкпеде сырыл жоқ. Іші жұмсақ, пальпациялағанда ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Науқас біраз эйфорияланған, көп сөйлейді, көп қозғалады.
Болжам диагноз
Тексеру жоспары.
Емдеу принципі.
Ситуациялық есеп №19 Н.есімді науқас, 50жааста, дене температурасы 39oС, қызба, қатты бас ауруы, әлсіздік, ұйқысыздыққа шағымдалып келді. 6күн бұрын жедел ауырған, температурасы көтерілгенде әлсіздік, бас ауруы мазалаған. Өздігімен емделген, көмектеспеген. Қарағанда: мазасыз, қозған, көп сөйлейді. Бетінің және мойнының терісі қызарған, склерасы иньецирленген. Жүрек тондары естілмейді. АҚ 100/70мм.с.б. ЖСЖ 110I. Бауыры, көкбауыры ұлғайған. «Жгут» симптомы оң. Говоров-Годелье симптомы айқын. эпид анамнезінен: соңғы 6 айда жұқпалы науқаспен қатынаста болмаған. Бала кезінде краснухамен, скралатинамен, желшешекпен ауырған, 18 жасында қандайда бір тифпен ауырған. Жақында қатты эмоционалды күйзеліс болған. ЖҚА: лейкоцит 11,0, нейтрофилез, ЭТЖ 20 мм/сағ. Риккетсияларға антидене анықталған: провачека IgG 1:1200 титрі.
Диагнозы қандай?
Емдеу принципі.
Профилактикасы.
Ситуациялық есеп №21 Н.есімді науқас, 45 жаста, терапия бөліміне 5тамызда «Жедел пиелонефрит» диагнозымен түсті. 3 тамызда жедел ауырған, температурасы 40оС көтерілген, тоңған, қатты бас ауырған, белінде және ішінде ауырсыну байқаған, көруі бірден төмендеген, тәбеті жоғалған. 9тамызда жағдайы нашарлаған, енжар болып, тежелген. Қарағанда: беті мен мойны қызарған, қолтық астында петехиальді бөртпе денесінің бүйір беткейінде, ісінген және қабағының геморрагиялық ісінуі. өкпесінде везикулярлы дыбыс. Пульсі 90I, ырғақты. АҚ - 120/80мм.с.б., Жүрек тондары естілмейді, іші жұмсақ, эпигастрийде және іштің оң жақ бөлігінде ауырсынбалы. Белінде соққылау екі жақта бірден ауырсынбалы. менингиальді симптомдары жоқ. бір тәулікте 2500мл сұйықтық ішіп, 250 мл зәр шығарды. Эпид анамнезі: жарты жыл бойы нақты тұратын жері жоқ, жертөледе тұрады, ол жерде көп кеміргіштер бар.
Болжам диагноз, асқынуы қандай болуы мүмкін?