Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы


Қазіргі техникалық білімнің ерекшеліктері



бет35/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Қазіргі техникалық білімнің ерекшеліктері
Өзекті ұғымдар: техника, автомат, робот.
Техника дегеніміз – дүниені тану және жетілдіру мақсатында дайындалған адам іс-әрекетінің жасанды материалдық құралдарының жиынтығы.
Техникалық білім тарихи жаратылыстанудан бөлініп шықты, көп уақытқа дейін салыстырмалы дамымады және жүйесіз болды. Капиталистік қоғамға дейін техникалық шығармашылық онша бағаланбады, тіпті оған мән берілмеді. Мысалы Көне Грекияда техникамен айналысу құлдар мен төменгі тап өкілдерінің міндеті деп есептелінді. Сондықтан Архимед техникалық шығармашылықпен айналысуға тырыспады, оған туған қаласы Сиракузды жаудан қорғау қажеттігі ғана ұмтылдырды.
Архимед – көне грек механигі, физигі, математигі, инженер. Сиракузда туған және көп уақытын осында өткізген. Александрияда білім алған. Сицилия патшасы II Гиеронның көмекшісі болған. Күннің көзі түссе жарқылдаған айналар жүйесінің көмегімен Александрияны қоршаған Рим флотын жағып жіберген деген аңыз бар. Кейін француз ғалымы Бюффон 1747 жылы осы Архимед тәжірибесін қайталаған, бір нүктеге жарық түсіретін 168 жалпақ, қозғағыш айналар жүйесінің көмегімен құрғақ ағаштарды жағып, қорғасынды еріткен.
Архимед «Шар мен цилиндр туралы», «Жүзетін заттар туралы» сияқты еңбектер жазған.
Архимед есімі «Эврика, эврика» «Таптым, таптым» деген сөзімен тарихта қалған. Мұндай риза болушылықты білдіруге не себеп болды. Оған тәж таза алтыннан істелінді ме, жоқ әлде оның қоспасынан соғылды ма, соны анықтау тапсырылған. Тәждің салмағы оны құюға берілген металдың салмағымен бірдей болған. Архимед оның көлемін өлшеп, оны құюға кеткен алтынның салмағымен салыстыруы қажет. Әрине, ол алтын тәжіні қайтадан еріте алмайды. Бірақ оны ваннадаға суға салса, су ваннаның кемерінен шығып төгіле бастайды. Архимед алдымен тәжді ваннаға салып, оның салмағы ығыстырған судың көлемін өлшейді, сонан сон тәжінің салмағымен бірдей басқа алтынның бөлігін суға салып, ол ығыстырған судың көлемін өлшейді. Екеуін салыстырса, тәжінің салмағы жеңілдеу болады. Сөйтіп Архимед тәжіні құю барысында оған жеңіл темір қосылғанын анықтайды.
Архимед қандай алғашқы мәліметтерге сүйенді. Ол заттың өзінің тығыздығы тұрақты, ал оған жеңіл материалдың қосылуы бұл тұрақтылықты өзгертетінің білді. Сонымен қатар, тығыздық салмақ пен көлемге пропорционалды. Бұл да оған белгілі болған. Ол салыстырылатын салмақты білді, ал көлемді анықтауы қажет етеді.
Ығыстырылып төгілген судың көлемі қойылған есепті шешуге мүмкіндік берді. Бұл шешім Архимед үшін жеңіс, ал зергер үшін өлім жазасы болды.
«Маған сүйенетін нүктені көрсетіңіз, мен жерді қозғаймын» деген атақты афоризмді Архимед есімімен байланыстырады. Архимед қозғағыш және қақпа жасаған. Бұл қарапайым заттар соғыс мақсатында қолданылған. Архимедтің барлық практикалық нұсқаулары нақты физикалық және математикалық есептеуге негізделді.
Капиталистік қоғам өндірісті дамытып, қосымша табысқа ұдайы ұмтылыс жасағандықтан, оның әрі дамуына мүдделі болды. Мұның өзі техникалық шығармашылықтың тереңдеп, сапалық деңгейге көтерілуіне жағдай жасады. XIX ғасырдың екінші жартысында техникалық ғылымдар жүйелі түрде дами бастады. Техникалық білімнің теориялық бөлігі идеялар мен принциптерді іздестірсе, ал технологиялық білім нақты өндірістік процестің ерекшелігін түсіндірді, яғни техникалық құрылымдардың жұмысын баяндайтын математикалық есеп, материалдарды тану, жобалау, құрастыру, модельдеудің ерекшеліктерін қарастыратын эмпириялық білімдер қалыптасты.
Қазіргі уақытта қоғамның техникалық саласы биосфера мен антросфераның өзара қарым-қатынасын зерттейтін ерекше феноменге айналуда. Бірте – бірте жалпы техникалық теория қалыптасуда. Техникалық ғылымдар тек әртүрлі машиналар мен механизмдер туралы білім ғана емес, сонымен қатар, оларға әлеуметтік бағытталу да тән.
Бұрын адам техникамен материалдық өндіріс процесінде ғана жолықты. Өйткені ол машинаны тікелей іске қосумен шұғылданды, яғни станокты жүргізді, әртүрлі детальдарды өлшеді, механизмдердің жұмысын бақылады. Соңғы жылдары техниканың өзі үлкен өзгеріске ұшырады.
Соңғы 50-60 жылда толық және жартылай автоматтық жүйелер іске қосылды. Адам бұл жүйелерді тек басқарады. Мұның өзі адам мен техника арасындағы ерекше қатынасты тудырады. Бір жағынан, техниканың дамуының өзі адамға жайлы, қауіпсіз, оңтайлы болуына әкелуі тиіс, екінші жағынан, техниканың өзінің сақталуы, экономикалық тиімділігі сияқты мәселелер туындайды.
Адам техникаға өзінің көптеген функцияларын-технологиялық, энергетикалық, транспорттық, бақылау жұмыстарын бірте-бірте беріп келеді.
Еңбекке байланысты қызметтің барлық түрін техникаға беруге болмайды, адам әруақытта бұл тұрғыдан шығармашылықпен айналысуы тиіс.
Техниканың дамуында үш кезең бар:

Техниканың даму деңгейі қоғамдағы еңбектің өндірістік қарқынын, адамдардың өмір сүру дағдысын анықтайды және оның әлеуметтік құрылымына, саяси және рухани ұйымдасуына әсер етеді.


Ғылым мен техниканың өзара қарым-қатынасы әртүрлі жағынан қарастырылады:
  • ғылым анықтағыш рөлді атқарады, яғни ғылым-білімді өндіру, ал техника алынған білімді пайдалану;


  • ғылым мен техника бір-бірімен байланыспайтын, дербес құбылыстар, ғылым ақиқатты табуға ұмтылады, ал техника практикалық мәселелерді шешуге бағытталады.


  • Техника негізгі ролді ойнайды, өйткені ғылым техникалық қажеттіліктің ықпалымен дамиды. Диірмен, сағат, насос, бу двигателі іскер адамдардың қызметі нәтижесінде пайда болды, ал осы құралдың әрекет ету тетігін түсіндіретін теориялық білімдер кейін қалыптасты. Техникада табиғат байланыстары жобаланады, ал ғылым бұл байланыстарды зерттеп, теорияларда баяндайды. Осы тұрғыдан келсек, ғылым техникалық құрылымдарды зерттеуге бет бұрған жағдайда және табиғаттағы нақты байланыстарды анықтаған уақытта пайда болады. Жаратылыстанудың ең алғашқысы болып табылатын механика осылай қалыптасқан. XIX ғасырдың аяғына дейін ғылым техникадан кейін дамып отырған.


XIX ғасырдың аяғында бұл үрдіс күрт өзгереді, өндіріс пен техниканың көптеген салалары: электроника, химия, машина жасаудың әртүрлі жолы ғылыми жаңалықтардың негізінде қалыптасады. Қазіргі жаңа техникалық құрылымдарды жасау ғылыми ережелерге сүйенеді. Техникалық мәселелер ғылымның дамуына ықпал етеді, ал ғылыми жаңалықтар техниканың жаңа түріне негіз, тірек болады. Тарихи процесте ғылым мен техниканың өзара қарым-қатынасы ұдайы өзгеріп отырды.


Ғылыми-техникалық революцияның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына дөп келді. Ғылым қоғамның негізгі өндіргіш күшіне айналды.
Ғылыми-техникалық революцияның негізгі бағыттары:
  • өндірісті, оны бақылау мен ұйымдастыруды комплексті автоматтау;


  • жаңа қуат көздерін ашу және пайдалану;


  • құрылымдық материалдарды жасау және пайдалану;


  • биотехнология;


  • информатизация.


Космология, ғарыш ілімі – Ғаламның біртұтастығы және оның астрономиялық бақылаулар арқылы танылған бөлігі жайлы ілім; астрономияның бір бөлімі. Космологияның тұжырымдары (Ғаламның модельдері) физиканың заңдары мен астрономиялық бақылаулардың деректеріне, сондай-ақ адамзат қоғамының әр түрлі дәуірлеріндегі философия принциптерге сүйенеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет