Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы



бет37/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методолог-emirsaba.org

Шығармашылық ойлау кезеңдері


Кезеңдері

Олардың мағынасы


1

Күмән

Бұл кезеңде адам өз білімінің жеткіліксіз және нақты емес екендігін түсінеді


2

Сенім

Шығармашылық ойлау бұрынғы жинақталған білімге негізделеді, өйткені адам бәрін үнемі тексеріп отыра алмайды


3

Наным

Мәселені шешу барысында білімнің жеке бөліктері расталады, сенім тұрақты сипат алып, нанымға айналады


4

Юмор

Юмор – психологиялық категория ғана емес... Мәселенің қойылуы, шешілуі барысында юмор үлкен рөл ойнайды. Парадокстардың көмегімен юмор қателер мен жалғандықты анықтайды


5

Мәселенің танылуы

Сенім, юмор, наным проблемалық ситуацияны тануға көмектеседі


6

Мәселені қалыптастыру

Проблема ойлау үдерісі жоғары дәрежеде жүретіндей деңгейде қойылып, түсіндірілуі қажет


7

Қарапайым ойлау кезеңі

Кез келген мәселеде оның құрамындағы белгілі, таныс бөлшектерді айқындауға мүмкіндік бар. Бұған қолданыста болған, таныс әдістерді пайдалануға болады


8

Сынау және қателесу кезеңі

Мәселеде бұрынғыға ұқсас бөлшектер де кездесіп отырады. Оған сынау, байқау әдісін қолдану тиімді


9

Тапқырлық кезеңі

Мәселеде бұрын кездеспеген тың бөлшектер бар. Тапқырлық оны тауып, доп басуға көмектеседі


10

Фантазия

Жоғарыда айшықталған бөлшектер тіпті қарапайым мәселені шеше алмайды. Сондықтан фантазияға жүгіну қажет.


Фантазия күтілген нәтижені беруі үшін Лезер рет-ретімен мынадай әрекеттерді жасауды ұсынды:

а) бөлшектердің өзара қарым-қатынасын өзгерту;
б) бөлшектерді араластыру;
в) вариациялар;
г) бөлшектердің көлемін өзгерту және бағалау;
д) экстраполяциялау;
е) бір-біріне қарама-қарсы жаңа концепцияларды ұсыну;
з) идеалды обьектілерді жасау;
ж) символды пайдалану;
и) типтендіру;
к) обьектілердің қасиеттерін бір-біріне ауыстыру.
Лезердің пікірінше, шығармашылық ойлауды, интуициямен біріктіріп, нақты логикалық терминдермен баяндасақ, оны компьютерде модельдеуге болады.
Шығармашылық ойлау мәселесі бұл күндері көптеген мамандардың назарына іліккен маңызды бетбұрыстардың бірі болып отыр.
Н.С.Ахтаева құрған мына кестеде ойлау түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы ұсынылған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет