Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы


Адамның рухани дүниесінің құрылымы



бет40/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Адамның рухани дүниесінің құрылымы

Бүкіл адамзаттық құндылықтар


Білімдер


Тектілік


Адамгершілік
Тәртіптілік
Еңбекқорлық
Турашылдық
Жинақылық
Төзімділік
Шыдамдылық
Қанағатшылық
Тұрақтылық
Адалдық
Сыпайылық
Кішіпейілділік
Жомарттық
Мейірімділік
Қарапайымдылық
Ізеттілік
Ақкөңілділік
Тапқырлық
Сабырлылық
Салқынқандылық
Ержүректілік
Ұстамдылық

- тарихтың адамгершілік бастаулары


- өнердің рухани-адамгершілік негіздері
- діннің рухани-адамгершілік негіздері
- философиялық рухани адамгершілік негіздері
- әлемдік әдебиет классикасының рухани адамгершілік негіздері
- отбасылық өмірдің мағынасы мен адамгершілік негіздері
- педагогиканың рухани-адамгершілік негіздері
- адамаралық қатынастардың рухани-адамгершілік негіздері
- адамзат тарихындағы ұлы тұлғалардың рухани-адамгершілік тәжірибелері

Адам рухани тұлға ретінде белгілі бір тарихи дәуірде, ортада, отбасында,ұжымда қалыптасады, пісіп жетіледі. Біз атап көрсеткен құндылықтар ата-ана, ұжым, өзін-өзі тәрбиелеу барысында тұлға болмысына сіңіріліп, оның ажырамас бөліктеріне айналады.



Қазақстандағы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдардың дамуына тың серпін, жаңа өріс сыйлайтын бірден-бір мүмкіндік 2004 жылы бастау алып, 2013 жылы салыстырмалы түрде аяқталған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы. Осы бағдарлама аясында қазақ тілінде гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдардың мол мүмкіндігі мен мағыналық қабатына жол ашатын материалдар жүйелі түрде жарық көрді.
Ең алдымен, халық философиясының қайнар көзі – ауыз әдебиеті, фольклорды бір арнаға топтастырған – «Бабалар сөзі». Оның 100 томнан тұратын басылымы қазақ рухының әлем, қоғам өзін-өзі тануындағы ешкімге ұқсамайтын өзіндік сүрлеуін, оның мол қуаты мен жігерін жан-жақты ашып көрсетеді.
1-10 том – хикаялық дастандар
11-16 том – діни дастандар
17-26 том – ғашықтық дастандар
33-56 том – батырлар жыры
56-63 том – архаикалық жырлар
64 том – жұмбақтар
65-69 том – мақал мен мәтелдер
70-71 том – қара өлеңдер
72-73 том – ертегілер
78 том – мифтер
80-88 том – топонимикалық, генеалогиялық мәтіндер
90-91 том – салттық-дәстүрлік фольклор
92 том – мысалдар
93-94 том – магиялық естеліктер
95 том – географиялық естеліктер
96 том – тарихи естеліктер
97 том – новеллалық естеліктер
98 томда – әзіл-сықақтық әңгімелер жарық көрген.
99-100 томдарды – халық әндері келтірілген.
«Бабалар сөзі» - ұлттық мәдени кеңістікте ғана емес, халықаралық дәрежеде де кең көлемде насихаттауға тұрарлық кешенді жоба, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тамаша рухани жетістігі және жеңісі, жаңашыл рухтың тұғырлы тетігі.
Бабалар сөзі – бір ғасырда бірнеше қоғамдық-экономикалық саяси жүйелерді басынан кешіріп, батыстық өмір сүру үрдістері мен американдық арман идеалының шырмауына оралған қазіргі қазақтың санасы өзіндік сұлба мен келбеттен айрылуға бет алып, маргиналдық сана ұстанымдарына көңіл аударған, қазақ дүниетанымының рухани дүниесінен алшақтап, тарихи санасы мен тарихи есі өше бастаған жастарымызды тәрбиелеуге, олардың бітім болмысында ұлттық жауһарларымыз бен асыл қасиеттерімізді қайтадан тулетуге мүмкіндік беретін керемет жоба.
Бабалар сөзі қазақтың ешбір жұртқа ұқсамайтын дара болмыс-бітім, өзгеше тағдырын айқындайды, ұлт рухының терең тамырлы тіректерін әртүрлі жылғалары арқылы көпшілікке кеңінен жайып салады. Осыншама мол ауыз әдебиетінің қорын жасап, оның әрбір саласында өзіндік реңін сақтап, өзіне тән еркіндікті ашық жарқын жайып салған қазақтың рухани биіктігі кімді болса да бейжай қалдырмайтын сөзсіз.
Бұл басылымның мынандай артықшылықтары бар. Біріншіден, әрбір томда түсініктеме сөздіктер, ғалымдар мен ауыз әдебиетін жинақтаған туралы өмірбаяндық деректер бар. Болашақта олар да арнайы зерттеу обьектісі болуы мүмкін.
Екіншіден, бұрын әртүрлі басылымдарда шашырап жүрген ауыз әдебиетінің үлгілері біршама жүйеге келтірілген, топталған.
Үшіншіден, Қытай мен Монғолияда тұратын қазақ диаспоралары сақтаған ауыз әдебиетінің үлгілері жинақталған. Осы материалдар өзінің көлемі және сақталу деңгейі жағынан таң қалдырады. Шетелде тұратын қазақстандың ұлттық мәдениетке үлкен сыйластық танытып, оны сақтауға, насихаттауға ұмтылысының жоғарылығы бұл жолы да өте жақсы көрініс беріп отыр.
Төртіншіден, бұрын белгілі себептерден көпшілік назарынан тыс қалып келген діни дастандар мен магиялық мәтіндер жарияланған. Бұл – осы басылымның ең негізгі жаңалығы. Діни және магиялық мазмұндағы шығармалар бұрынғыдай сескену немесе қорқыныш сезімін тудырмайды. Керісінше, таным процесінің тылсым қабыттарын оқып үйренуге жол ашады.
«Бабалар сөзінің» мол қазынасын тікелей оқу процесіне ендіру мәселесі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен кәсіптік түрде айналысатын мамандардың қатысуымен жүзеге асуы тиіс.
Бұдан басқа «Әлемдік философиялық мұра» - 20т., Әл-Фараби – 10 т., қазақ халқының философиялық мұрасы – 20 т., Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы – 10 т., әлемдік саясаттану антологиясы – 10 т., Әлемдік мәдениеттанулық ой-сана – 10 т., қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы – 10 т., Экономика: әлемдік классика – 10 т., тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы – 10т., қазақ ұлт-азаттық қозғалысы – 15 т., Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері – 5 том, Қазақстан тарихы туралы монгол деректемелері – 3 том, Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері – 5 том, Қазақстан тарихы туралы орыс деректемелері – 10 том, Қазақстан тарихы туралы батыс деректемелері – 10 т., Қазақ халықының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпытары – 2 том жарияланған.
Атап көрсетілген басылымдар қазақ тіліндегі гуманитарлық ғылымдардың дамуына тарихи-мәдени негіз болатыныны сөзсіз.
«Мәдени мұраны» игеру ұлтымыздың тарихы мен мәдениетін жаңғыртып, оның өзіндік құндылықтарын қазіргі өскелең заман тұрғысынан сараптауға жол ашады.
Тарихқа бекем табан тіреу, бүгінге белсенді қызмет ету және ертеңгі болашаққа берік баспалдақтар жасау – мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының ұстанымдық іргетасы мен өміршеңдік қуатының өзегі.
Тарихи сана мен ес мәселесін одан әрі тереңдетуге тарих философиясы ғылымының дами бастауы ерекше үлес қосатыны сөзсіз. Өйткені ол тарихтың мәні мен мағынасын, даму бағытын, мақсатын түсіндіруге бағытталған. Кез келген тарихшының осы тұрғыдан білім алуы өте маңызды. Өйткені тарих ғылымының зерттеу пәні мен обьектісі бүкіл өркениеттен, қоғамдық қарым-қатынастан оқшау дамымайды. Керісінше, кез келген аса маңызды тарихи оқиға, іс-әрекет қоғам мен бүкіл әлем дамуының үдерісінде пісіп жетіледі. Оның белгілі алғышарттары, қозғаушы күштері болады.
У.Алиев білімнің жеті түрін атап көрсеткен: 1. Қарапайым (дәстүрлі); 2. космологиялық; 3. философиялық; 4. теологиялық; 5. ғылыми; 6. көркем-эстетикалық; 7. эзотериялық. Сонымен қатар олардың арасында біріне-бірін өткізбейтін «қытай қамалының жоқтығын» да ескерткен.
Тарихи білім ғылыми білімнің бір түрі бола тұрып, басқа білім түрлерінен оқшау тура алмайды. Мәселе оны осы басқа білімдермен қалай біте қайнастыруда болып тұр13.
Автордың тарих философиясын дамыту қажеттігін атап өткеніміз жөн. Қазақ тілді қоғамдық ғылымдарды К.Маркстің қоғамдық-экономикалық формация туралы ілім біржақты теріс бағаланады. Дегенмен К.Маркс қолданған тарихилық пен логикалықтың бірлігі обьективтілік, қайшылық принциптері әлі де өзінің метадологиялық маңызын жоғалтқан жоқ.
Кез келген тарихи деректер, халық, шағын қауымдастық, тұлға әрекеттері олардың рухани, мәдени, психологиялық саяси, әлеуметтік, экономикалық, адамгершілік негіздері тұрғысынан бағалануы керек.
Тарих әлемі оқиға мен іс-әрекеттерлден түзіледі. Оқиғалар адам өміріндегі материалдық игілік өндірісінен бастап, интеллектуалдық шығармашылықтағы абстрактылық салаға дейінгі іс-қимылды қамтиды.
Тарих – обьективті дүниенің болмыстың маңызды өлшемдерінің бірі. Өйткені кез келген құбылыс пайда болады, өмір сүреді, әйтеуір бір уақытта дәм-тұзы таусылып, құрдымға кетеді.
Тарихтың нақты құбылыстары мен фактілерін эмпириялық деңгейде зерттеу тарихшыға адамзаттың дамуының біртұтас толыққанды үдерісін игеруге мүмкіндік бермейді. Тарих философиясы тарихи процестің нақты көпжақтылығынан бас тарта отырып, оның мәнін ішкі тетіктерін түсіндіруге ұмтылады. Ол барлық әлеуметтік жүйелерге тән жалпы идеялар мен принциптерді анықтауға тырысады.
Тарих философиясы – бұл тарихи процестің табиғатын, мәнін, қоғаушы күштерін, мағынасын, бағытын анықтайтын, тарихи білімнің ерекшелігі мен құрылысын түсіндіретін, білімнің басқа түрлерімен салыстыра отырып, тарихи баяндау мен түсіндірудің өзіндік сипатын анықтайтын методологиялық ғылым.
Осы уақытқа дейін тарихқа тікелей қатысы бар үш ғылыми бағыт қалыптасқан: тарих теологиясы, тарих философиясы мен тарихнама.
Тарих философиясының пәні – адамның өмір сүруінің тарихи өлшемдері. Философиялық талдаудың нысаны – бүкіл адамзат тарихы немесе белгілі бір тарихи-мәдени дәуір.
Тарих философиясы деген ұғымды ғылымға өзінің «Тарих философиясы» кітабында 1765 жылы француз философы А.Ф.Вольтер енгізді.
О.Шпенглер тарих болмысын мәдени фактормен, А.Тойнби өркениет ұғымымен сараптаған.
Дегенмен, әлемдегі әр алуандылықты, көп жақтылықты қабылдай отырып, бүкіл әлемдік тарихи процестің біртұтастығын, бірлігін мойындамауға болмайды. К.Маркс жасаған формация теориясының негізгі өзегі, темірқазығы – адамзаттың бірлігі.
Тарихи процестің обьективті логикасы формация мен өркениетті бір-біріне қарсы қоюда емес, керісінше, олардың арасындағы байланысты анықтап, пайымдауды керек етуде.
Формация бүкіл адамзат тарихына тән жалпы заңдылықтарды, оның мәнін түсіндіреді. Қоғам – өндіріс тәсілі негізінде қалыптасқан қоғамдық қатынастардың нақты жүйесі. Адамзаттың тарихи процесі әртүрлі нақтылы жүйелердің негізгі желісін, бағытын пайымдау арқылы танылады. Қоғамдық-экономикалық формация теориясының методологиялық маңызы осыда.
Формация ұғымы белгілі бір даму дәрежесінде тұрған нақты қоғамды бейнелейді. Марксистік философияда осы ұғымның көмегімен тарихи үрдістің кезеңдері анықталып, бес негізгі қоғамдық экономикалық формациялар бөлінген: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодализм, капитализм және коммунизм.
Өркениет дегеніміз – өзіндік өндірістік технологиясы мен оған сай мәдениеті бар тарихи нақты қоғамды білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Қазіргі уақытта батыстық, шығыс европалық, мұсылмандық, үнділік, африкалық, қытайлық, жапониялық, латын американдық өркениетті бөліп көрсетуге болады.
Өркениет екі деңгейді қамтиды: аймақтық және шектелген өркениет. Аймақтық деңгейде батыс өркениетіне солтүстік америкалық, франциялық, немістік және басқа да шектелген өркениеттер кіреді.
Шектелген өркениеттер өзіндік даму қарқыны мен бет пердесі құндылықтары, ерекше психологиялық аурасы болғандықтан, қайталанбайтын өзіндік белгілері бар тұлғаларды қалыптастыра отырып, аймақтық деңгейдегі дамуға материалдық және рухани тұрғыдан үлес қосып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет