Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы


-дәріс. Педагогика және филология ғылымдарының философиялық проблемалары



бет41/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методолог-emirsaba.org

14-дәріс. Педагогика және филология ғылымдарының философиялық
проблемалары

1.Білім беру процесінің негізгі міндеттемелері
2. Білім беру саласындағы саясат
3.Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі
1. Педагогика мен білім беру пәндерінің философиялық проблемаларының негізгілері төмендегідей: білім беру философиясының түсінігі мен статусы, онтологиясы, негізгі идеялары, аксиологиясы. Білім беру логикасы, әдістемесі, этикасы. Білім беру – жүйе, процесс, құндылық ретінде. Ұлттық білім беру және мәдениет. Білім беру саясаты және білім беру перспективалар. «Мәңгі философия» дәстүріндегі білім беру идеялары. Конфуцийшылдық және білім беру мәселері. Адамның оянуы мен жетілуі туралы буддизм, даосизм, суфизмнің рухани практикалары. Білім берудің антикалық идеялары. Адамға білім беру мен тәрбиелеудің шығыс перипатетизмі. Жаңа Заман философиясындағы адамға білім беру мен ағарту идеялары. Неміс классикалық философиясы мен неміс романтизміндегі білім беру идеялары. Неокантшылдық: мәдениеттегі білім беру орны туралы қазақ ағартушылары және Қазақстандағы ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. І-жартысындағы қоғамдық-саяси қайраткерлер, жазушылар, ақындар. Дәстүрлі білім берудің кризисі. Қоғамдық сананың, философиялық және педагогикалық білімнің трансформациясы.
«Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жылы-жылы сөйлесе – жылан інінен шығады, суық-суық сөйлесе – мұсылман діннен таяды» деген аталы сөздерін ұмытпаған абзал. Сондықтан да қысымға негізделген әрекеттерді педагогикалық қызметтен аластату керек, өйткені олардың игі нәтижеге апаруы неғайбыл нәрсе. Неғұрлым қатты қысым жасасақ, соғұрлым қарсылық та күшейе түспек. Сондықтан да білім беру ісінде мейлінше жұмсақ болу шарт.
Көне қытай данышпаны Лао-цзы былай деген екен: «Шөп өсіп тұрғанда жұмсақ болады да, өлгеннен кейін қатып қалады, адам денесі де тірі кезінде жұмсақ та, өлгеннен кейін қатты болады. Демек, өмір дегеніміз- жұмсақтық, ал өлім – қаттылық. Ең жұмсақ нәрсе – су, ол қандай да болмасын кейіп қабылдап, кез келген қалыпқа енеді. Сонымен бірге ең қуатты да су: тасығанда оның тегеурініне шыдайтын бір де бір тосқауыл жоқ та болар. Демек, жұмсақтық – күш. Демек, су сияқты жұмсақ болып, әр адамның бабын таба білу керек».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет