Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы



бет3/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методолог-emirsaba.org

Практикалық тапсырмалар
1. Өзіңіз айналысатын ғылым саласының пайда болуы мен қалыптасуы жөнінде ойланып, өз ойыңызды түйіндеңіз.
2. Ғылым туралы ойлануға жетелейтін әлеуметтік, экономикалық, рухани қажеттіліктер туралы ойланып, пікіріңізді білдіріңіз.

2 –дәріс. Ғылымды дүниетанымдық негіздеу. Ғылымның функциялары
1. Ғылым – дүниені танудың ерекше тәсілі
2. Ғылымның басқа қоғамдық сана түрлерінен айырмашылығы
3. Мәдениет және ғылым
4. Ғылым мен философия


Өзекті ұғымдар: ғылым, қарапайым және ғылыми таным, ғылым мен философия.
Ғылым – табиғат,қоғам, адам туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталған ерекше сипаттағы танымдық іс-әрекет. Ғылымның басты мақсаты - ақиқатты игеру және зерттелетін объектілер туралы жаңа білімдерді ашу.
Ғылыми дүниетанымның негізін адамның өзі және сыртқы әлем туралы білімдерінің жиынтығы құрайды. Ол үшін ешқандай керемет жоқ, тек танылмаған, әлі де белгісіз құбылыстар бар. Алғашқы қарапайым ғылыми білімдер адамзаттың дамуының белдеулік кезеңінде жатыр.
«Белдеулік кезең» ұғымының авторы К.Ясперстің пікірінше, шамамен 800-200 жылды қамтитын кезеңде Қытай, Үнді, Персия, Палестина, ежелгі Грекияда ірі рухани қозғалыстар пайда болған. Дәл осы «белдеулік кезеңде» көп құдайшылықтың орнын дәстүрлі діндер басты мифологиялық сана философиялық санаға ауысты.
Миф – алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы. Адамзаттың алғашқы мифтері әлемнің қалыптасуы мен тағдарына арналды.
Мәселен, көне грек мифологиясында әлем хаостан пайда болды делінген. Сонан соң жер, күн мен түн, әртүрлі құдайлар пайда болған. Мифология адамзаттың балалық дәуірінің дүниетанымы, ол сол кездегі адамдардың дүниеге эмоционалды – бейнелеу көзқарасын білдіреді.
Мифтік санада адам өзін қоршаған ортадан бөле алмады, заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастыққа ерекше мән берді, өнер мен дәстүрдің символдық сипатына көңіл бөлді. Сондықтан мифологияда білімсіздік, ырымшылдық, аңқаушылық, алданушылық, бұрмалаушылық бір-бірімен мидай араласып жатты. Миф ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпады. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударды, оларды сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етті.
Діни сана мифологияның қисынды жалғасы, ол табиғаттан тыс, құдыретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Әрине табиғи құбылыстардың негіздері мен себептері назардан тыс қалады. Мұндай жағдай ұзаққа созылған жоқ. Өйткені, адам тіршілігі үшін айналадағы қоршаған ортаның қасиеттерін, түпнегіздерін, себеп-салдарлық қатынастарын білу бірден-бір қажеттілікке айналды. Тек пайымдаумен, сезімдік қабылдаумен тылсым табиғатпен ерекше араласу мүмкін емес еді. Мифтен логосқа өту талабы пісіп жетілді.
Объективті болмыстағы тіршіліктің қатал заңдары адам санасына үлкен өзгерістер әкелді. Енді адам тек таң қалып қана қоймай, сол таң қалдыратын нысандарды түсіндіруге бет бұрды. Осы бетбұрыс алғашқы ғылыми білімдердің қалыптасуына әкелді.
А.В.Линвинцева ұсынған кесте3 ғылыми білімнің басты ерекшеліктерін ұғынуға тиімді көмек көрсете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет