Сызықтарды бағдарлау. Нақты, магниттік азимуттар, дирекциондық бұрыш, румб. Магнит тілінің бұрылуы, меридиандардың жақындасуы



бет2/2
Дата18.11.2023
өлшемі355,5 Kb.
#124313
1   2
Байланысты:
Лекция 4 Сызықт бағдар

C γ



А N
М А1

С урет 4.3 - Тура және кері азимут


Сызықтарды бағдарлау кезінде азимут, дирекциондық бұрыш, румб деген бұрыштар да қолданылады.




Дирекциондық бұрыштар және румбтар. Олардың бір-бірімен байланысы.

Дирекциондық бұрыш деп сағат тілінің айналу бағытымен алынған, осьтік маридианның солтүстік жағы мен бағдарлағыш сызық арасындағы бұрышты айтады. Дирекциондық бұрыш α әрпімен белгіленеді.


Кері дирекциондық бұрыш тура дирекциондық бұрыш пен 1800 –тың қосындысына тең болады. αВС – дирекциондық бұрышы ВС сызығының тура дирекциондық бұрышы, ал αСВ – ВС сызығының кері дирекциондық бұрышы (сурет 4.4).
αкері = αтура + 180° (4.2)

Практикада α >180° болған кезде дирекциондық бұрышты мына формуламен анықтаған қолайлы:


αкері = αтура - 180° (4.3)


Мысалы, αтура=315045 / болса, онда αкері =315045 / +180°=495045/ , немесе αкері =495045/ - 3600=135045/ , себебі дирекциондық бұрыштың 3600 –қа өзгеруі сызықтың бағытын өзгертпейді. Жоғарыдағы формуланы пайдаланатын болсақ, онда да αкері =315045/ - 1800=135045/ тең болатынын көруге болады.


Нақты бір нүктедегі кез-келген сызықтың нақты азимуты мен дирекциондық бұрышының арасындағы айырмашылық осы нүктедегі шын меридианның зонаның осьтік меридианымен жақындасуына тең.

Анақ - α = γ (4.4)


γ –меридиандардың жақындасуы. γ - шығыста оң, γ – батыста теріс таңбамен алынады.
Мына формуладан нақты азимутты табуға болады:

Анақ= α+ γ (4.5)


Осьтік меридианнан батысқа қарай орналасқан нүктелер үшін меридиандардың жақындасуы теріс санмен көрсетіледі.





Сурет 4.4 - Тура және кері дирекциондық бұрыштар

Сызықтың бағытын сүйір бұрышпен де бағдарлауға болады. Шамасы 00–тан 900 –қа дейін өзгеретін, осьтік меридианның жақын бағытынан екі жаққа қарай (солтүстік немесе оңтүстік) бір нақты сызыққа дейін берілген сүйір бұрышты румб деп атайды. Румб r әрпімен белгіленеді. Румбтың әрбір ширектегі шамасы бірдей болуы мүмкін. Бағытты бір мәнде анықтау үшін румбтың сандық мәнінің алдына ширектің аты көрсетіледі. Мысалы: СШ (солтүстік-шығыс), ОШ (оңтүстік-шығыс), ОБ (оңтүстік-батыс), СБ (солтүстік-батыс) (сурет 4.5).


Берілген дирекциондық бұрыштар арқылы олардың румбтарын анықтау кесте 1 көрсетілген.

Кесте 1 - Румб пен дирекциондық бұрыштың арасындағы байланыс



Ширектер және оның бағыттары

Дирекциондық бұрыштардың шамаларының интервалы

Румб пен дирекциондық бұрыштар арасындағы байланыс формулалары

І ширекте СШ

0° - 90°

r1═ α1

ІІ ширекте ОШ

90° - 180°

r2═ 18002

ІІІ ширекте ОБ

180° - 270°

r3═ α3-1800

ІV ширекте СБ

270° - 360°

r4═ 36004


Сурет 4.5 - Сызықтың румбтары




Румбтардың өзгерісі тригонометриялық функциялардың натуралдық шамасының кестелерін қолдануға ыңғайлы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет