Көк бауыр, талақ ( селезенка-lien,splen)-іш қуысында, сол жақта, көкеттің
астында орналасқан, түсі қоңыр-қызыл түсті мүше.Салмағы(140-200гр) мен пішіні қанға толуына байланысты.Дені сау адамның көкбауыры сипағанда
білінбейді.Көкбауырдың дөңес және ойыс екі беті бар.Дөңес беті көкетке, ойыс беті асқазан, сол бүйрек, бүйрек үсті безі, тоқ ішектің сол иірімі және ұйқы безінің ұшымен шектескен.Ойыс бетінде қақпасы бар.Қақпа арқылы көкбауырға қан амырлары, жүйке кіреді.Көк бауырдың затыақ және қызыл
пульпалардн тұрады.Ақ пульпа лимфа түйіндерден тұрады.Лимфа түйіндерінде
Т мен В лимфоциттер, лимбобластар, макрофагтар және басқа жасушалар да болады.Қызыл пульпада ретикуляр ұлпа болады.Ретикуляр ұлпада эритроциттер, лимфоциттер, макрофагтар және вена қуыстары болады. Эритроциттер көп болғандықтан пульпа қызыл болды.Көкбауырдың паренхимасы-борпылдақ және қан тамырлары өте көп болады.
Қызметі:
-иммундық жүйеге кіреді;
-қан жасап шығарушы мүше:
-қорғаныс қызметін атқарады:
-күні жеткен эритроцит өледі:
-қан (депосы) қоймасы.