Сүйек мүше ретінде, сүйектердің құрылысы, жіктелуі. Сүйектердің Сүйек ( кость, os). Сүйектер дененің негізгі тіреуіш мүшелері. Олардың құрылысы өте күрделі



бет1/4
Дата02.01.2023
өлшемі116,02 Kb.
#60281
  1   2   3   4
Байланысты:
жүйелер


Сүйек мүше ретінде, сүйектердің құрылысы, жіктелуі. Сүйектердің
Сүйек ( кость, os). Сүйектер дененің негізгі тіреуіш мүшелері. Олардың құрылысы өте күрделі. Сүйектің негізін тығыз (қатты) және кемік (борпылдақ) заттар құрайды. Сүйек сыртынан сүйек қабығымен (периост) қапталған. Периост тек сүйектің шеміршек бетінде ғана болмайды. Сүйектің құрылысында ұлпалардың барлық түрі кездеседі, бірақ негізгісі сүйек ұлпасы. Сүйектің сырты қатты болып ұлпалар тығыз орналасқан, ал ішкі жағы кеуек, борпылдақ сүйек ұлпаларынан тұрады. Кеуек сүйек ұлпалары қатты қабықтың астында әр түрлі бағытта торланып орналасқан. Сүйек қалыңданып өседі, сол себепті жасқа қарай сүйектің қалыңдығы әр түрлі болып келеді. Сүйектің периост қабығы жұқа, берік дәнекер ұлпа жапырақшасы. Ол сүйекті қоректендіріп тұрады.
Сүйек майы. Сүйек майы қан жасап шығарушы мүше, сонымен бірге ол сүйекті қоректендіріп тұрады. Сүйек майы кеуек сүйектердің кемік заттарында ал ұзын сүйектердің түтік тәрізді қуыстарында болады. Сүйек майы қызыл және сары май болып екіге бөлінеді.
Сүйектің қызыл майы – нәзік ретикуляр ( тор тәрізді) ұлпалар. Олар қан тамырлары мен жүйке талшықтарына өте бай, ал олардың арасында қан жасап шығаратын элементтер орналасқан. Сүйектің сары майы негізінен май ұлпаларынан тұрады. Майдың түсіне байланысты олар сары түске боялады. Сүйектің қызыл майы көбіне жазық, кеуек, кемік сүйектерде кездеседі. Жас адамның жілігінің майында қызыл сүйек майы көп болады, ал жас ұлғайған сайын ретикуляр ұлпаның орнын май ұлпасы басады.
Сүйектің химиялық құрамы. Тірі адамның денесіндегі сүйектің 50%-ті судан, 2,5%- құрамында ақуызы бар органикалық заттардан, 21,5% органикалық емес минеральды заттардан және 15%-і майдан тұрады. Сүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ара қатынасы адамның жасына қарап өзгереді. Жастың ұлғайуына байланысты сүйектегі органикалық заттардың мөлшері азайып, бейорганикалық заттар көбейеді. Сондықтан кәрі адамның сүйегі тез сынғыш болып келеді. Сүйектің беріктігі оның құрамына ғана емес , оның пішініне, құрылысына да байланысты.
Сүйектердің пішіні әр түрлі болады. Олар ұзын, қысқа, жалпақ және аралас сүйектер болып бөлінеді.
Ұзын сүйектерге қар, білек, сан, балтыр сүйектері жатады. Олардың іші қуыс, сондықтан оларды түтік тәрізді сүйектер деп атайды. Олар берік және жеңіл болып келеді. Түтік тәрізді сүйектердің екі ұшы жуандап, жіліктің басы пайда болады. Жіліктің басы бір-бірімен айқасып жатқан өте көп кеуек, кемік сүйек ұлпаларынан тұрады.
Қысқа сүйектерге білезік және сыбырлақ сүйектер, омыртқа сүйектері жатады. Олар негізінен кеуек, кемік заттардан тұрады.
Жалпақ сүйектерге төс, жауырын, қабырға, бастың қақпақ сүйектері, жамбас сүйектері кіреді. Бұл сүйектердің қуыстары кемік сүйек ұлпаларынан тұрады, олардың іші сүйек майына толы болады.
Буындардың құрылысын зерттейтін ілім «артрология» деп аталады. Сүйектердің алғашқы бітісіп – қосылу пішіні, олардың дәнекер немесе шеміршек тіндер арқылы бітісуі болады.Дамуы, құрылысы және қызметі бойынша сүйектердің бір – бірімен бірігулерін екі үлкен топқа бөлуге болады:
Тікелей бірігу – синартроз – дамуы ертелеу, қызметі жағынан қозғалмайды немесе аз қозғалады. Тікелей бірігуде сүйектер бір – бірімен дәнекер ұлпа арқылы бірігеді.
Үзіліп бірігу – диартроз – кештеу дамиды және қызметі жағынан қозғалмалы.
Гемиартроз – жартылай буын арқылы бірігу.
Тікелей бірігудің түрлері:
Синдесмоз – фиброзды қосылыстар. Сүйектердің бір – бірімен талшықты дәнекер арқылы бірігуі. Мысалы: бас қаңқасы сүйектерінің жіктер арқылы бірігуі, тістің жақ сүйегінің ұяларына бекуі. Сонымен бірге сүйек аралық жарғақтар. Мысалы: омыртқалардың доғасын қосатын сары жалғамалар.
Синхондроз – сүйектердің шеміршектер арқылы бірігуі. Омыртқалардың бір – бірімен, қабырғалардың төс сүйегіне бірігуі.
Синостаз – сүйек ұлпасының бір – бірімен, тікелей бірігуі. Мысалы: сегізкөз омыртқаларының бірігуі.
Барлық буындардың анатомиялыққұрылысында негізгі 4 элемент кездеседі: 1. буын қапшығы. 2. буын қуысы. 3. синовиалды сұйықтық. 4. сүйектің буын беті. Буындар адам денесіндегі сүйектердің қимылын, мөлшерін, бағытын дәл анықтайды. Буын қапшығы буын қуысын қоршап, оның бүтіндігін қамтамасыз етеді. Қапшықтың екі қабаты бар.
Сыртқы қабаты – фиброзды.
Ішкісі – синовиалды жарғақ.
Фиброзды жарғақ периостпен бірігіп кеткен. Фиброзды жарғақ қалыңдап қапшық ішіндегі жалғама пайда болады. Жалғама буынға мықтылық береді, күшейтеді, қимылын бағыттайды. Кейбір жалғамалар өте мықты болады. Мысалы: мықын – сан жалғамасы 350 кг, табан жалғамасы 200 кг салмақты көтереді.
Буын қуысының ішінде буын сұйықтығы болады. Денедегі ең ірі тізе, ұршық буындарының қуысы. Көлемі 3 куб см – дей болады. Буын қуысының қысымы атмосфера қысымынан төмен болады.
Сүйектің буын беті серпімді гиалин шеміршегімен қапталған, тек самай – төменгі жақ, төс – бұғана буындары талшықты болып келеді. Ауырлық түсетін сүйектердің шеміршегі қалың болады.
Буын 3 топқа бөлінеді:
буын бетінің санына байланысты.
буын бетінің пішініне қарай.
буынның қызметіне байланысты.
Буын бетінің санына байланысты буындар 2 –ге бөлінеді:
1. жай буын ( екі буын беті бар мыс: саусақаралық буындар )
2. күрделі буындар.
Күрделі буындар әрқайсысы өз бетінше қимылдайтын бірнеше жай буындардан тұрады.мыс: шынтақ буыны.Бір, екі және көп шығыршықты буындар. Буынның байланыс бетінің пішініне, қарай шар тәріздес, жазық, эллипс тәріздес, т.б. болып бөлінеді. Сүйектер жартылай буын арқылы да бірігеді. Оны «гемиартроз» ( жарты буын ) деп атайды. «Гемиартрозға» жамбас сүйегінің бірігуі мысал болады.
Тірі адам организмінде буындар үш түрлі рөл атқарады:
олар дене қалпының сақталуына көмектеседі.
дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады.
дененің кеңістіктегі локомоция ( орын алмастыру ) мүшесі болып табылады.
бірігуінің түрлері.
Тұлға сүйектері. Омыртқа жотасы
Қаңқа ( скелет, sсeleton) – адам денесіндегі барлық сүйектердің жиынтығы. Денедегі сүйектердің жалпы саны 200-ден астам. Олар адам денесінің қатты бөлігін құрайды. Қаңқаның адам денесі үшін маңызы зор. Ол механикалық және биологиялық қызмет атқарады. Қаңқаның механикалық қызметі: адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы. Қаңқаның арқасында адам тік жүреді, қозғалады.
Қаңқаның биологиялық маңызы: зат алмасуына қатысады, сонымен бірге денедегі ерекше биологиялық зат –қан сүйектерде пайда болады. Қаңқа денедегі минеральді тұздар алмасуына қатысады.
Омыртқа жотасы ( позвоночный столб, columna vertebralis), 33-34 омыртқадан құралған, 5 бөлімі бар. Мойын, кеуде, бел , сегізкөз, құйымшақ омыртқалар ынан тұрады.Құрылысы мен пішіні жағынан омыртқалар бір-біріне ұқсас, бірақ олардың әр бөлімінің өздерінің ерекшеліктері бар.
Омыртқа ( позвонок, vertebra) – серпімді шеміршектер арқылы біріккен. Шеміршектердің арқасында омыртқа жотасы иілу қабілетіне ие болады. Әрбір омыртқаның денесі, доғасы және бірнеше өсінділері бар. Олар: білікті, көлденең, буындық өсінділер. Омыртқаның ең ұзын білікті өсіндісі артқа қарай шығып тұрады. Омыртқаның денесі мен доғасының аралығында тесігі бар. Барлық омыртқалардың тесігі бірігіп омыртқа жотасының өзегі пайда болады. Оның ішінде жұлын орналасқан. Омыртқа жотасы жұлынға берік қорғаушы қызметін атқарады.
Омыртқа доғасының 2 жоғарғы, 2 төменгі буын өсіндісі бар. омыртқаның денесінің доғамен біріккен жерінде жоғарғы және төменгі жағында ойық бар. омыртқа жотасындағы барлық омыртқалар біріккенде бұл ойықтан омыртқа аралық тесік пайда болады. Омыртқа аралық тесіктен жұлыннан шығатын жүйкелер мен қан тамырлары өтеді.
Мойын омыртқалары ( шейные позвонки, vertebrae serbicalis). Мойын омыртқасының саны – 7. Басқа омыртқалардан ерекшелігі: 1.көлемі кіші; 2.көлденең өсіндісінде тесік болады; 3.денесі басқалардан кішкене, сопақша; 4. І-омыртқада, атлантта дене болмайды; 5. IV омыртқаның ортасындағы тесігі үлкен және үшбұрышты болып, басқа омыртқалардан үлкен; 6.VII мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі ұзын және ұшы айыр , желкеде төмпешік пайда болып тұрады; 7.VI омыртқада «ұйқы томпағы» деп аталатын дөңесі бар, бұған ұйқы артериясы жақын жатады. Басқа омыртқаға қарағанда І мойын омыртқасы (Атлант-Atlas) және ІІ мойын омыртқасы (осевой-axix) өзгеше. Атланттың денесі жоқ, тек алдыңғы және артқы доғасы мен екі латерал орналасқан бөліктен тұрады. Атлантта білік өсіндісі жоқ. ІІ мойын омыртқасы басқа мойын омыртқаларынан жоғарғы жағындағы тесігімен ерекшеленеді. Ол бірінші омыртқамен қосылып бастың бұрылуына мүмкіндік туғызады.
Кеуде омыртқалары ( грудные позвонки, vertebrae thoracicae) саны 12, басқа омыртқалардан айырмашылығы омыртқаның денесінің жоғарғы және төменгі бүйірінде қабырғалар үшін ойық бар. Бұл ойықтарға қабырғаның басы келіп қосылады. Кеуде омыртқаларының денесі мойын омыртқаларына қарағанда үлкен , ал ортадағы тесігі кішкене және дөңгелек, білікті өсінділері ұзын және арқадан төменге қарай, тасбақаның түріне ұқсап орналасқан. Омыртқаның бұл бөлімі көп қимылдамайды.
Бел омыртқалары ( поясничные позвонки, vertebrae lumbalis) – 5 омыртқа, бір-бірімен тығыз байланысқан. Олардың денесі мен білікті өсінділері үлкен, жалпақ болып келеді.
Сегізкөз омыртқалары ( крестцовая кость , os sacrum ) 5-ші бел омыртқаның төменінде үшбұрыш тәрізді 5 омыртқаның бірікпесі. Үшбұрыштың негізі жалпақ, ол төменге қарай тарылады, оны құйымшақтың ұшы дейді. Үшбұрыштың алдыңғы бетінде 4 көлденең сызық бар. Олар омыртқалардың қосылуынан қалған сызықтар. Ал омыртқаның артқы бетінде ортадағы, аралық және шеткі (латераль) дөңестер көрініп тұрады, олар омыртқаның қылқанды, буындық және көлденең өсінділерінің қалдықтары. Осы бетінде 4 жұп тесік бар. Ол тесіктерден жұлынның жүйкелері шығады.
Құйымшақ ( копчиковая кость, os coccygis) 4-5 жетілмеген омыртқа-лардан тұрады.Омыртқалар бір-бірімен серпімді шеміршек (дискілер) арқылы байланысқан. Омыртқаның алдынан ұзын тұтас байлау өтеді. Омыртқаның қылқанды өсінділері қылқан аралық және қылқан үстілік байлаулармен басталған.
Тұтас омыртқа жотасының ұзындығы ересек адамдарда 60-75см. Ерлерде 60-75см, әйелдерде 60-65см, ал қартайған шақта 3-7 см-ге қысқарады.
Омыртқа жотасы бірнеше түрлі қызмет атқарады:
Басты ұстап тұрады;
Денедегі көптеген бұлшық еттер басталады;
Кеуде қуысының іш және жамбас қуысының құрылысына қатынасады;
Ішкі мүшелерге тірек және қорғаушы.
Адамның омыртқа жотасы қалыпты жағдайда бірнеше жерде иілген. Соның нәтижесінде адам тік жүре алады.
Мойын және бел омыртқасының алдыға қарап шыққан дөңесі бар. Бұл алдыңға қарай дөңес мойын және бел лордозы деп аталады.
Кеуде және құйымшақ тұсында омыртқаның дөңесі арқаға қараған, мұны кифоз деп атайды. Мойын лордозының кеуде кифозына өткен жерінде VII мойын омыртқасы орналасқан. Лордоз бен кифоздар омыртқа аралық шеміршектердің дискілерімен бірігіп омыртқаның қимылына икемділік береді, яғни амортизатор және рессорлық қызметін атқарады. Ананың құрсағындағы нәрестеде лордоз да кифозда болмайды. Туылғаннан кейін баланың 3-4 айлығында мойынның лордозы біліне бастайды. 4-5 айлығында отыра бастағанда бел лордозы біліне бастайды.
Төстік ( грудина, sternum) – кеуек, кемікті сүйек. Ол үш бөліктен тұрады. Олар: төстің сабы, денесі және семсер тәрізді өсіндісі. Төстің сабының екі шетінде І қабырға мен бұғана сүйегі келіп бірігетін жерінде ойық (вырезка) бар. Төстің денесінде де басқа қабырғалар келіп қосылатын ойықтар бар.
Қабырғалар ( ребра, costa) 12 жұп, иілген, ұзын сүйектер. Қабыр-ғаның омыртқа және төстік ұшы бар. Қабырғаның омыртқа ұшында басы,мойын және томпағы бар. Ал төс ұшында қабырға шеміршекке өтеді. Қабырға шеміршектерінің ұзындығы мен ені әр-түрлі. Қабырғалар 3 топқа бөлінеді: 7 жұп жоғарғы –негізгі қабырғалар, 3 жұп жалған қабырғаның алдыңғы ұштары иіліп серпімді шеміршектер арқылы жалпақ төс сүйегіне жалғасады. Төменгі 2 кезеген жұбы басқаларға қарағанда қысқа және төс сүйекпен байланыспайды. Қабырғаның денесінің ішкі және сыртқы беттері, жоғарғы және төменгі шеттері болады.

Қо Бұғана сүйегі ( ключица, clavicula ) латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бұғананың денесі мен екі ұшы бар. Төстік ұшы төспен, ал акромион ұшы жауырынның акромион өсіндісімен жалғасады. Оның төстік ұшы жуандау, ал акромион ұшы тығыздау. Бұғананың латераль беті дөңес және арқаға қарай, ал медиаль шеті алдына қарай бағытталған.


Жауырын ( лопатка, scapula ) жазық, үшбұрышты сүйек. Көкірек қуысының артқы жағында, 2 – 7 қабырғаның ортасында орналасқан. Екі беті бар қабырғаға қарағаны – вентраль, сыртқысы – дорсаль. Жоғарғы, төменгі және латераль үш бұрышы бар. Үш бұрышының қосылатын үш жиегі бар. Олар – медиаль, латераль және жоғарғы жиек. Жауырынның қабырға беті дөңестеу, онда жауырын асты шұңқыры бар. Латераль жиегі қалыңдап, оған бас пайда болған. Басында буын шұңқыры бар. Оған иық белдеуіндегі бірінші сүйек тоқпан жіліктің домалақ басы кіріп тұрады. Буын ойығының айналасында жауырынның мойны бар.
Жауырынның дорсаль бетінде немесе сыртында оның « қыры » деп аталатын шығыңқысы бар. Қырдың асты мен үстінде шұңқырлары тұр. Олар « қыр үсті », « қыр асты » шұңқырлары деп аталады. Оған қыр үсті және қыр асты бұлшық еттері келіп жабысады.
Жауырынның қыры оның латераль шетінен жоғары қарай бағытталып, акромион болып аяқталады. Акромион буын арқылы бұғана сүйегімен бірігеді. Жауырынның жоғары бұрышы доғал болып келген, ал төменгісі үшкір. Жауырынның басы – ойық, оған тоқпан жіліктің басы кіреді. Жоғарғы шетінде құс тұмсықша бар.
Қолдың еркін сүйектері - үш бөлімнен тұрады. Олар: қар, білек және қол басы сүйектері.
Қар сүйегі ( плечевая кось, os humerus ) бір ғана сүйек, ол « тоқпан жілік » деп аталады. Ол білектің қатар жатқан екі сүйегімен – шынтақ және шыбық сүйектен құралатын кәрі жілікпен жалғасады. Ал жоғарғы домалақ басы жауырынның буын ойығына бірігеді.
Қар сүйегі - ұзын түтікше. Оның екі ұшы ( эпифизі ), денесі ( диафиз ) бар, олардың аралығы – « метафиз » деп аталады.
Тоқпан жіліктің басы домалақ, ол жауырынның буын ойығына кіреді. Жіліктің шар басының қатарында екі томпақ бар. Алдыңғысы кішкене, ал латераль яғни сыртта орналасқаны үлкен. Осы екі томпақтың арасынан томпақ аралық сай өтеді. Жіліктің басы мен томпақтарының арасындағы ойықты – жіліктің « анатомиялық мойыны » деп атайды. Ал сүйектің эпифизінің, яғни жіліктің басы мен томпақтарыннан төменде, оның денесі өтер жерінде, тоқпан жіліктің хирургиялық мойыны бар. Хирургиялық мойын тоқпан жіліктің ең осал жері, көбіне жілік осы жерден сынады. Жіліктің денесінде дельта тәрізді бұлшық еттер жабысатын бұдырмақтар, жүйке өтетін сайлар, ал сүйектің өзінде жүйке мен тамыр өтетін тесік бар. Тоқпан жіліктің төменгі ұшы үш қырлы болып келген. Онда білек сүйектері келіп бірігетін шұңқыр бар, ал бүйірінде – медиаль және латераль айдаршықтар, айдаршық сүйірі. Айдаршық басының үстіңгі жағында екі шұңқыр тұр. Алдында тәждік, артында шынтақ өсіндісінің шұңқыры, шыбық шұңқыры орналасқан. Үлкен және кішкене бұдырларға, айдаршық үстіне, бұлшық еттер жабысады.
Білек сүйектері ( кости предплечья ) қатар жатқан екі сүйектен – шынтақ немесе кәрі жілік пен шыбықтан құралған.
Шынтақ сүйегі, кәрі жілік ( локтевая кость, ulna ) білектің ішкі жағында, қолдың шынтақ яғни 5 - саусақтың тұсында. Терінің сыртынан сипағанда оның қыры білінеді.
Кәрі жілік – ұзын түтікше сүйек. Оның денесі диафиз, үш қыры, екі ұшы ( эпифиз ) бар. Сүйектің денесі үш қырлы. Оған қарай, алдыңғы, артқы және медиаль беттері алдыңғы, артқы шеттері бар. Жіліктің жоғарғы, яғни проксималь ұшында екі өсінді бар. Олар: алдыңғы тәждік, артқысы үлкенірек – шыбықтық өсінді. Екі өсіндінің арасында жарты айшалау ойық бар. Тәждік өсіндінің бүйіріндегі буындық ойыққа шыбық сүйегінің басы тұтасады. Кәрі жіліктің төменгі басының ішкі медиаль шетінен біздей өсінді шығып тұрады.
Шыбық сүйегі ( лучевая кость, os radialis ) түтікше ұзын сүйек. Оның алдыңғы және артқы латераль беттері бар. Жоғарғы ( проксималь ) ұшы дөңгеленіп, жіліктің басы пайда болған. Ол кәрі жіліктің айдаршығына сәйкестеніп, сәл иіліңкіреген. Шыбық сүйегінің басында кәрі жіліктің шыбықтық ойығымен тұтасатын буын айналмасы бар. Шыбықтың басының денеге өтетін жерінде сүйектің мойыны тұр. Сүйектің төменгі ( дисталь ) ұшы қалыңдау, оның медиаль бетінде шыбықты кәрі жілікпен тұтастыратын шынтақ ойығы, ал оған қарама – қарсы сүйектің латераль бетінде біздей сүйірше жатыр. Шыбық сүйегі қолдың қоспасымен бірге төменгі буын беті арқылы тұтасады. Шыбық сүйегінің екі ұшында, оның денесінде, сіңір мен бұлшық ет келіп жабысатын, төмпешіктер мен бұдырмақтар бар.
Қол басының сүйектері ( кости кисти – ossa manuss ) үш бөлімнен тұрады. Олар: екі қатар орналасқан білезіктің ұсақ сүйектері, бес қысқа түтікше алақан сүйектері және саусақ сүйектері.
Білезіктің ұсақ сүйектері ( кости запястья, ossa carpi) екі қатар, майда, жуан сүйектерден құралған. Олардың төртеуі шынтақ сүйектеріне жақын жатыр, бұршақ тәріздес, үш қырлы, жарты айшалау және қайықша сүйектер. Ал қолдың саусақ жағындағы төрт майда сүйек: қармақ тәрізді, көп басты, трапеция сияқты, « трапеция сүйек » деп аталады. Бұршақ тәріздес сүйектен басқа үш жоғарғы сүйек шынтақ сүйегімен тұтасып, эллипс – тей буын беті пайда болады.
Алақан сүйектері ( пястные кости, ossa metacarpi) - қатар түзілген бес қысқа сүйектен тұрады. Сүйектердің әрқайсысының білезік сүйектеріне қараған жуан ұшы, денесі домалақ дисталь ұшы бар. Жуан шұы буын арқылы білезік сүйектерімен, домалақ ұшы саусақ сүйектерімен тұтасады.
Саусақ сүйектері (кости пальцев, digitorum) - « фаланг » деп аталатын 5 қысқа сүйектен тұрады. Әрбір саусақ сүйектерінің « проксималь »
« ортаңғы » және « дисталь » деп аталатын майда үш сүйегі бар. Тек үлкен бармақта ғана екі сүйек болады. Оның ортаңғы сүйегі жоқ. Майда сүйектердің басы, денесі, ұшы бар. Әрбір сүйектің басы буын арқылы басқа сүйекпен тұтасқан.
Иықтың буыны - шар сияқты, көп шығыршықты буын. Буын - тоқпан жіліктің домалақ басы мен жауырынның буын шұңқырынан пайда болған. Оның қапшығы, тоқпан жіліктің басын анатомиялық мойынына дейін жауып, жауырынның буын шұңқырының шетіне жабысады, құстұмсық – иық байламымен және бұлшық етпен бекиді. Осы буын арқылы екі басты бұлшық еттің сіңірі өтеді. Бұлшық ет жиырылғанда жіліктің басы жауырын шұңқырына жақындап, қысылады.
Шынтақ буыны – күрделі буын. Ол шынтақ және оның шыбығымен тоқпан жіліктің дисталь ұшынан пайда болған. Онда үш буын бар:
1 – иық – шынтақ буыны
2 – иық – шыбық буыны
3 – проксималь шынтақ – шыбықтың буыны.
Қол қоспасының буыны, шыбық сүйегімен жоғарғы қатардағы қоспа сүйектерінің бірігуінен пайда болады, ал шынтақ сүйегі бұл буынның пайда болуына тікелей қатыспайды.
л сүйектері, ондағы ірі буындар.

Аяқ сүйектері, ондағы ірі буындар.


Аяқ сүйектері – жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қимылдайтын сүйектерінен тұрады.
Жамбас белдеуі сүйектеріне: шат, мықын, отырықшы сүйектер; аяқтың еркін қимылдайтын сүйектеріне – сан, балтыр, аяқ басы сүйектері жатады.
Жамбас белдеуінің сүйектері - мықын, шат, отырықшы үш сүйектен тұрады. Адам 14 – 16 жасқа келгенде бұл сүйектер тұтас бір жамбас сүйегіне айналады. Мықын, отырықшы, шат сүйектерінің қосылған жерінде ұршық ойығы пайда болады, ойықтың ішінде жарты ай тәріздес бет, оның ішінде буын шұңқыры бар. Бұл шұңқырға сіңір арқылы сан сүйегі бекиді.
Мықын сүйегі ( подвздошная кость, os ilium ). Оның жуан бөлігі –
« денесі », ал жалпақтанып жайылған бөлігі – « қанаты » деп аталады. Қанатының жоғарғы жағы кеңейіп мықын сүйегінің қыры шығады, қырдың алды мен артында жоғарғы жіне төменгі қыр томпақтары бар. Қанатының ішкі бетінде шұңқыр пайда болады. Мықын сүйегінің құлақша беті бар, ол арқылы сегізкөз омыртқаларымен буындасады.
Отырықшы сүйек ( седалищная кость – osischii). Оның жуан денесі мен тармақтары бар. Тармақтардың жуандау жері « төбешік » деп аталады. Төбешіктен жоғары және артқа қарай отырықшы қыры басталады. Отырықшы сүйек қырының жоғары жағында – қыр мен мықын сүйегінің аралығында – үлкен отырықшы ойық бар. Отырықшы төмпешік пен оның қыры аралығында – кіші отырықшы ойық жатыр.
Шат сүйегі( лобковая кость, ospubis ). Денеден, жоғарғы, төменгі қанаттардан және жапқыш тесігінен тұрады. Шат пен отырықшы сүйектен, жапқыш тесігі пайда болады. Оң және сол жақтағы шат сүйектері шат байламы арқылы қосылып, жамбас астауын тұйықтайды.
Жамбас астауы( таз, pelvis ). Жамбас сүйектерінің, сегізкөз, құйымшақ омыртқаларының тұйықталып қосылуынан – жамбас астауы пайда болады. Жамбас астауы үлкен және кіші болып бөлінеді. Оларды бөліп тұратын шекаралық сызық омыртқа мүйісінен басталып, мықын сүйектерінің доғаша сызығымен, шат сүйектерінің тармақтарымен, шат байламының жоғарғы жағымен өтеді.
Жамбастың үлкен астауы – мықын сүйектерініңжайылған қанаттарынан пайда болады. Ол іш қуысындағы мүшелерге сүйеніш болып тұрады.
Жамбастың кіші астауы – сегізкөз бен құйымшақтың астау беттерінен және отырықшы, шат сүйектерінен құралған. Кіші астаудың жоғарғы және төменгі апертуралары ( кіретін, шығатын жерлері ) қуыс болады. Кіші астауда – несеп қуығы, тік ішек, ішкі жыныс мүшелері ( әйелде – жатыр, жатыр түтігі, аналық безі; еркекте – простата безі, шәует көпіршіктері, шәует өзектері ) орналасқан. Әйел жамбас астауының , еркек жамбас астауынан айырмашылығы болады. Әйелдің жамбас астауы кең және қысқа, мықын сүйектерінің қанаттары кең жайылған. Шат сүйектерінің төменгі тармақтары доғал бұрыштанып біріккен, сегізкөз қысқа және жалпақ болады. Жамбас астауының пішінін, оның белгілі өлшемін білу акушерлік тәжірибе үшін өте маңызды.
Жамбас астауының буындары.
Мықын – сегізкөз буыны – ол оң және сол мықын сүйектерінің құлақша бетінің сегізкөзге берік буындасуынан пайда болған жұп буын.
Жамбас астауының алдыңғы жағында оң және сол шат сүйектері шеміршек арқылы бірігіп шат байламы пайда болады.
Жамбас буындарына: сегізкөз – отырықшы томпағымен, сегізкөз қыр арасындағы буындар жатады. Олардың үлкен және кіші отырықшы ойықтарынан үлкен және кіші отырықшы тесіктері пайда болады. Бұл тесіктерден бұлшық еттер, тамырлар, жүйкелер өтеді.
Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектері, олардың буындары.
Сан сүйегі, ортан жілік ( бедренная кость, os femoris ) денедегі ең ұзын түтікше сүйек. Оның жоғарғы, төменгі эпифизі, денесі бар. Проксималь эпифизінде домалақ басы мен жіңішкерген мойыны болады. Жіліктің басы жамбас сүйегінің ұршық ойығына кіріп, сіңір арқылы бекіген. Сүйектің денесі мен мойынының аралығында үлкен және кіші ұршық томпақтары бар. Томпақтар бір – бірімен ұршық аралық сызық арқылы біріккен. Одан қыр пайда болып, оған бұлшық еттер жабысады. Сонымен қатар медиаль және латераль айдаршықтары бар. Сан сүйегінің айдаршықтары, балтырдың үлкен жілігі және тізе тобығы бір буынға бірігеді.
Тізе тобығы ( надколенник, patella ) – қаңқадағы ең ірі қосымша сүйек. Оның пішіні дөңгелек, алдыңғы жағы дөңес, терінің сыртынан ұстағанда оңай білінеді. Тізе тобығының негізі жалпақ, ал үшкірлеу ұшы төменге қараған. Үстін санның 4 басты бұлшық етінің сіңірі жауып тұрады.
Балтыр сүйектері - екі жілік сүйектен тұрады:
1. балтырдың үлкен жілігі; 2. балтырдың кіші жілігі. Үлкен жілік балтырдың ішкі жағында орналасқан.
Балтырдың үлкен жілігі ( большеберцовая кость, os tibia ) немесе асық жілік – жоғарғы эпифизі жуандаған медиаль және латераль айдаршықтар және айдаршық үсті. Айдаршық үсті тегіс, бұған сан сүйегінің айдаршықтары жанасады, асық жіліктің латераль айдаршығының төменгі жағында балтырдың кіші жілігінің басы келіп бірігетін ойық бар. Балтырдың үлкен жілігінің денесі үш қырлы, сондықтан оның үш шеті, үш беті бар. Медиаль сүйек өсікшесінен тірсектің ішкі бетіндегі тобық пайда болады.
Балтырдың кіші жілігі немесе асықты жіліктің шыбық сүйегі
( малоберцовая кость, os fibulla ) үлкен балтыр сүйегінің сыртқы жағындағы жіңішке сүйек. Сүйектің жоғарғы эпифизі жуандаған, онда асық жілікке жанасатын буын беті бар. Төменгі эпифизі өкше сүйегіне сәйкестеніп ойықтанып келген. Одан терінің астынан білініп тұратын аяқтың сыртқы тобығы пайда болады.
Аяқ басының сүйектері ( кости стопы, ossa pedis) 3 топқа бөлінеді:
1. Тілерсек сүйектері (предплюсневые кости, ossa tarsi) – майда сүйектер. Олар: өкше, текше, қайықша, 3 – уі сына, топай сүйектері. Топай сүйегі үлкен және кіші балтыр сүйегімен буындасады.
2. Табан сүйектері (плюсневые кости, ossa metatarsi )– қатар орналасқан, 5 түтікше сүйектерден тұрады. Олардың басымен бақай сүйектері буындасады.
3. Бақай сүйектері (кости пальцев стопы,ossa digitorum) – қолдың саусақтарындай үш сүйектен тұрады. Тек үлкен башпайда ғана екі сүйек болады.
Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектерінің буындары.
Ұршық буыны - жамбастың ұршық ойығы мен сан сүйегі басының арасындағы буын. Ұршық буынының қапшығы өте берік, 300 кг дейінгі жүкті көтереді.
Тізе буыны - өте күрделі буын, сан, үлкен балтыр сүйегі, тізе тобығы буындасады. Буынның қызметі балтырды бүгеді және жазады.
Тілерсек буыны - балтыр сүйектерінен және топай сүйегінен тұрады. Бұл буын аяқтың басын бүгіп жазып, қимылға келтіреді.
Табанның сүйектері бір – бірімен қысқа буындар арқылы біріккен. Топай - өкше – қайықша буыны өкшенің көлденең буыны болып бірігеді ( шопар буыны ). Хирургияда аяқты кескенде осы буынның бойымен кеседі. Бақай буындары башпай сүйектерінің арасындағы қысқа буындар болып саналады.

Бас қаңқасы, жалпы шолу. Бас қаңқасының бірігулері.Жаңа туылған


нәрестенің еңбегі».

Бас қаңқасы (череп, cranium) ми сауыты мен бет сүйегінен тұрады. Ми сауыты 8 сүйектен маңдай, сына және торша сүйектерден тұрады. Бұл сүйектер бір-бірімен жіктер арқылы біріккен. Ми сауытының жоғарғы бөлімі қақпақ (крыша, calvaria) оны 2-төбе, маңдай сүйегінің қабыршағы, шүйде және самай сүйектері пайда етеді. Қақпақ сүйектер тегіс, жазық. Төменгі бөлігі – негізгі (основание, basis crania)деп аталады. Ол маңдай, сына және 2-самай сүйектерінен тұрады.Бет сүйектері 15 сүйектерден құралған. Олар 6 – жұп сүйектер және 3 – тақ сүйектер. Жұп сүйектерге: жоғарғы жақ, мұрын, бет, көзжас сүйегі, таңдай және төменгі мұрын кеңсірігі. 3 тақ сүйектер: төменгі жақ, желбезек және тіл асты сүйегі. Бет сүйектерінің ішінде тек қана төменгі жақ ми сауытымен буын арқылбіріккен.


Шүйде бөлігі (затылочная кость, os occipitalis) ми сауытының артқы, төменгі бөлімінде орналасқан. Сына, самай және төбе сүйектерімен бірігеді. Үлкен шүйде тесігінің айналасында төрт бөліктен тұрады. Бөліктері: қабыршықты, 2-латераль және базиллярлық бөлімдер. Үлкен шүйде тесігі арқылы сопақша ми жұлынмен жалғасады. Негізгі бөлігінің сырт жағында жұтқыншақ томпағы бар. Шүйде сүйегінің сыртқы жағында атлантпен бірігетін айдаршықтар бар. Олардың беттері эллипс тәрізді, әрбір айдаршықтың түбінен тіл асты жүйкесінің өзектері өтеді. Бүйір бөлігінде мойынтұрық тілігі бар. Мойынтұрық тілігі самай сүйегінің аттас тілігімен бірігіп, мойынтұрық тесігін пайда етеді. Бұл тесіктен мойынтұрық венасы, тілжұтқыншақ, кезеген, қосымша жүйкелер өтеді. Қабыршақты бөлігі ең үлкен бөлігі. Оның ішкі бетінде ішкі шүйделік шоқы мен крест тәрізді томпағы бар. Ішкі шүйделік шоқырдан төменге қарай ішкі шүйделік қыр орналасқан. Сыртқы бетінде сыртқы шүйделік шоқы, одан төменге сыртқы шүйделік қыр орналасқан.
Сына сүйегі (клиновидная кость,os sphenoidale) бас қаңқасының нігізінде орналасқан. Ми сауытының барлық сүйектерімен бірігеді. Оның денесі, үлкен және кіші қанаттары, қанат тәрізді өсінделері бар. Денесі куб тәрізді, 6 беті бар. Үстіңгі беті, ершік сияқты, сондықтан түрін ерікшігі деп аталады. Ол жерде гипофиз орналасқан, артқы бетінде шүйде сүйегінің базилляр бөлімімен бірігеді. Алдыңғы бетінде 2 тесік бар, ол ауа қуысымен байланысады. Төе желбезек бірігеді. Бүйір беттерінен қанаттары басталады. Кіші қанаттарының негізінен көру каналы өтеді, ал үстіңгі беті бас қаңқасының ішіне қараған. Үлкен қанаттарының түбінде 3 тесік бар: дөңгелек, сопақ, білікті. Бірінші екеуінен үштік жүйкесінің тармақтары өтеді, ол соңғысынан – бас мидың қатты қабығын қоректендіруші артерия өтеді. Үлкен қанаттардың ішкі беті миға қараған, сыртқы беті көз шарасының қабырғасын, самай ойықтарын пайда етеді. Үлкен және кіші қанаттары көздің жоғарғы саңылауын пайда етеді. Қанатша тәрізді өсінділері төменге қарай бағытталған. Олар медиаль және латераль пластикалардан тұрады. Медиаль пластинка мүрын қуысын пайда етуге қатысады, латераль пластинка самай асты ойығына қараған. Төбе сүйегі (теменная кость, os parietalis) төртбұрышты, жазық сүйек. Ішкі беті ойық, сыртқы беті дөңес, екі төбе төмпешігі бар. Сүйектің 4 шеті бар: маңдай, шүйде, сагиталь, қабыршақты. 4 бұрышы: шүйделік, аналық, маңдай және емізікшелік.
Самай сүйегі (височная кость, os temporalis) -ми сауытының сүйектерінің ішіндегі ең күрделісі. Сүйектің ішінде есіту және тепе-теңдік мүшелері орналасқан. Самай сүйегінің үш бөлімі: тасты, қабыршақты және дабылды. Сүйектің сыртқы бетінде сыртқы дыбыс түтігінің сүйекті бөлігі, оның артында емізікше, ал алдында самай шұңқыры жатыр. Сыртқы бетінен алға қарай бет сүйегінің өсіндісі шығады, ол бет сүйегімен қосылып, бет доғасын құрайды. Самай сүйегінің тасты бөлігі үш қырлы, пирамидаға ұқсаған. Пирамиданың алдыңғы бетіндеүштік батыңқы бар, бұл жерде үштік жүйкенің түйіні орналасады. Пирамиданың негізінде доға тәрізді биік бар, себебі оның астында ішкі құлақтың жоғарғы жарты айналмалы өзек орналасқан. Артқы бетіндеішкі есіту жолына жалғасады. Ол арқылы бет жүйкесі және есту тепе-теңдік жүйкесі өтеді. Төменгі бетіндемойынтұрық ойығы, оның алдында ұйқы өзегінің сыртқы тесігі орналасқан. Мойынтұрық ойығынан латеральді біз тәрізді өсінді орналасқан, ол арқылы қаңқадан бет жүйесі шығады. Пирамиданың негізгі кеңейіп, емізікше тәрізді өсіндіге өтеді. Ол медиаль жағынан емізікші тәріздес тілікпен шектелген. Емізікше тәрізді өсіндісінің ішінде ауа қуыстары бар, олар ортаңғы құлақпен байланысады.
Қабыршақты бөлімі ішкі және сыртқы беттері бар, жалпақ пластинка тәрізді. Ішкі беті тегіс емес, ол жерде бас ми иірімдерінің артериялардың іздері қалған. Сыртқы беті тегіс, самай самай шұңқырын пайда етуге қатысады. Бұл бөлімнен алдыға бет өсіндісі негізінде төменгі жақ шұңқыры орналасқан. Бұл жерде төменгі жақ бірігеді.
Дабылды бөлімі жұқа пластинка тәрізді, ол сыртқы есіту мен жолын алдыңғы, төменгі және артқы жағынаншектейді. Самай сүйегінің ішінен бірнеше өзектер өтеді.
1.Бет өзегі – бет жүйкесі өтеді.
2.Ұйқы өзегі – ішкі ұйқы артериясы өтеді.
3.Бұлшық етті-түтік өзегі – жартысында дабыл жарғағын кңеруші бұлшық ет орналасады, жартысы – есту түтігі, евстахиева.
Маңдай сүйегі (лобная кость,osfrontale) бұл сүйек бас қақпағын, негізін, көз шарасын, мұрын қуысын, самай шұңқырын пайда етуге тырысады.Торша, сына, төбе сүйектерімен бірігеді. 4 бөлімімі қабыршақты, екі көз шарасына қараған және мұрын қуысына қараған бөлім. Қабыршақты бөлімі, жалпақ, артқа және тік бағытталған. Сыртқы бетітегіс, дөңес, маңдай төмпешіктері бар.Төменінде көз шарасы үсті қырымен аяқталады. Медиальді бөлігінде көз шарасы үсті тесігі орналасқан. Латеральді бөлігі бет өсіндісімен аяқталады. Көз шарасы бөлімі, көз шарасының жоғарғы қабырғасын пайда етеді. Мұрын бөлімінде ойықтар бар, олар торша сүйектің ауа қуыстарымен байланысады. Сүйектің ішінде маңдай ауа қойнауы орналасқан.
Торша сүйек(решетчатая кость, os ethmoidale)бас қаңқасы негізін, көз шарасын және мұрын қуысын пайда етуге қатысады. Бұл сүйек горизон-таль және вертикаль орналасқан екі плстинкадан тұрады. Горизанталь пластинканың екі жағында торлы лабиринттер орналасқан. Лабиринттің ішкі бетінде жоғарғы және ортаңғы мұрын кеңсіріктері орналасқан. Перпендикуляр пластинка мұрын пердесін пайда етеді. Жоғарысында ол әтеш айдаршығымен аяқталады.
Жоғарғы жақ (верхняя челюсть, maxilla) жұп сүйек. Ол ауыз қуысын, мұрын қуысын, көз шарасын, самай асты, қанатша – таңдай шұңқырларын пайда етуге қатысады. Оның денесі және төрт өсіндісі бар. Денесінде жоғарғы жақтың ауа қуысын – Гаймор ауа қуысы орналасқан.
Денесінде 4 беті бар:
1.көз шарасы беті 3.мұрын беті
2.алдыңғы беті 4.самай асты беті
Өсінділері: 1.маңдай өсіндісі 3.альвеоляр өсіндісі
2.бет өсіндісі 4.таңдай өсіндісі.
Төменгі жақ (нижная челюсть, mandibula) қозғалғыш, самай сүйекпен буын арқылы біріккен. Денесі, екі тармағы бар. Денесінің үстіңгі және төменгі жиектері, сыртқы және ішкі беттері бар. Жоғарғы жиегі альвеоляр доға деп аталады, ол жерде 16 тіс үшін альвеола орналасқан. Сыртқы бетінде төменгі жақ өзегі бар. Ішкі бетінде төменгі жақ білігі, одан латералді тіл асты шұңқыры орналасқан. Шұңқырдан төмен, артқа қарай төменгі жақ шұңқыры орналасқан. Тармақтары жоғары бағытталған, олардың ұштары тармақталған, ортасында тілік орналасқан. Тіліктің алдындағы өсінді - тәждік, артындағы - айдаршықты өсінді деп аталады. Дененің тармаққа өтер жері төменгі жақ бұрышы деп аталады. Бұрыштың сыртқы шайнау бұдырмақтары, ішкі бетінде - қанатша бұдырмақтары орналасқан, бұл жерлерге аттас бұлшық еттер жабысады. Төменгі жақтың ішкі бетінде тесік орналасқан – ол төменгі жақ өзегіне жалғасады.
Самай – төменгі жақ буыны (височно-нижнечелюстной сустав, articulation temporomandibularis) жұп буын, самай сүйегінің төменгі жақ ойығы мен буындық томпағы төменгі жақтың айдаршықты өсіндісінің буындық беті мен буындасады. Буын айдаршық пішінді.
Бастың сүйектерінің дамуы дененің барлық сүйектері сияқты дәнекер ұлпалы сатыдан басталған. Бастың негізіндегі сүйектер дамудың шеміршекті және сүйекті сатысынан өтеді, ал бет және бастың қақпағының сүйектері дамудың шеміршекті сатысынан өтпейді. Сондықтан жас нәресте туылған кезде оның басының сүйектерінің аралығында дамудың дәнекер ұлпалы сатысының белгілері қалады. Олар баланың еңбегі, родничок деп аталады. Алдыңғы еңбек екі төбе сүйегінің аралығында болады. Бүйірдегі еңбек баланың 2-3 айлығында, ал алдыңғысы екі жаста қатаяды. Әртүрлі ауруларда еңбек өзгеріп тұрады. Мысалы денеде сұйықтық азайғанда, баланың іші өткенде еңбек төмен түседі. Бастың екінші жас ерекшіліктері нәрестенің басының негізіндегі сүйектерінің арасында шеміршіктер болады.Үшінші ерекшілігі жас нәрестенің бас сүйектерінде ауа қуыстары, өсінділері, тістер болмайды. Жақ сүйектері жақсы дамыған болады. Бастың жіктері 3-5 жасқа келгенде қалыптасады. Бас сүйектерінің өсуі 25-30 жаста тоқтайды. Ерлердің басы денесінің құрылысына қарай, әйелдердің басынан үлкенірек болады. Қарттардың басындағы қырлар, борпылдақ заттар сорылып сүйек жеңіл болып қалады. Бастың пішінін, оның көлемін зерттейтін ілім антропология, оның бір саласы краниология.
Бас қаңқасының бірігуі.
Бастың сүйектері жіктер арқылы біріккен. Жік болып бірігудің бірнеше түрлері бар:
Қабыршықты жік (самай мен төбе сүйегінің қабыршық бөліктерінің бірігуі);
Жазық жіктер арқылы бірігу, бет сүйектерінің бірігуі;
Тіс тәрізді жіктер. Тіс тәрізді жіктердің бірнеше түрі бар. Олар: тәжді, бұл маңдай мен төбе сүйегінің арасында, сагитал – екі төбе сүйегі арасындағы жік, ламдоға ұқсас – шүйде мен төбе сүйектері арасындағы жік.
Ересек адамдар мен қарттардың жіктері сүйектеніп кетеді.
Самай – төменгі жақ буыны (височно – нижнечелюстной сустав – articulation temporomandibularis), жұп, пішіні айдаршықты күрделі буын. Ол төменгі жақтың айдаршықты тармағы мен самай буын шұңқырының арасында орналасқан. Буынның ішінде буын дискісі бар. Буын қапшығы латераль жалғамамен бекітілген. Осы буынның көмегімен төменгі жақ түрлі қимылға келеді.

Миология. Бас пен мойын бұлшық еттері. Тұлға бұлшық еттері.



Адам денесіндегі түрлі қимылдар, кеңістікте денені белгілі бір қалыпта ұстап тұру бұлшық еттердің қызметі нәтижесінде жүзеге асады. Бұлшық еттердің қызметінен адам тыныс алады, жұтынады, шайнайды, ымдайды. Бұлшық еттер ауыз, кеуде, іш, жамбас қуыстарының құрылысына сонымен бірге ішкі мүшелердің қабырғасының құрылысына қатысады.
Бұлшық ет адам денесінің барлық қимылына қатынасады, қан және лимфаның денеде үздіксіз айналысын қамтамасыз етеді. Бұлшық еттер сүйектердің өсуіне әсер етеді.
Адам денесінде 400-ден 600-ға дейін бұлшық ет бар. Еркектің дене салмағының 40-45%-і, әйел денесінің 30%-і бұлшық еттен тұрады. Бұлшық еттердің 55%-і дененің төменгі мүшелерінде, 18-20% жоғарғы, 25-30 % тұлға бұлшық еттері болып саналады.
Бұлшық ет (мышца, musculus) - өзіне тән пішіні, атқаратын қызметі бар дененің мүшесі. Бұлшық ет - бұлшық ет ұлпасынан, борпылдақ және қатты дәнекер ұлпалардан, қан тамырлары мен жүйке ұлпаларынан тұрады. Оның негізі - бұлшық ет ұлпасы.
Бұлшық ет ұлпасының екі түрі бар:көлденең жолақты мен бірыңғай салалы.
Қаңқаның бұлшық еті- көлденең жолақты. Олар ұршық тәрізді бұлшық еттердің талшықтарынан тұрады. Бұлшық еті қимылға келтіретін миофибриллдер. Бұлшық еттің құрамындағы борпылдақ дәнекер ұлпа оны жұмсартады. Оның құрамындағы тығыз дәнекер ұлпадан сіңір пайда болады.
Бұлшық еттердің талшықтары бір-бірімен қатар орналасып будалар пайда болады. Будаларды сыртынан жұқа дәнекер ұлпалы қапшық қаптап тұрады. Бұл қабық- эндомезий деп аталады. Бұлшық еттердің ірірек будаларының қапшығы- перимерзий, ал өте ірілерінікі- эпимезий деп аталады. Эпимезий бұлшық еттің сіңірі перитендиниимен жалғасады. Бұлшық еттің барлық дәнекер ұлпасында қанның қылтамырлары көп болады. Олар бұлшық ет будаларының ұзына бойына орналасады.
Барлық бұлшық еттер жүйкелермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар оларда күшті зат алмасу жүреді. Жүйкелер қимылдатқыш, сезгіш және симпатика талшықтарынан тұрады. Қимылдатқыш жүйке ұшының қозуынан бұлшық ет қимылға келеді.
Сезгіш жүйке талшығы қозуды орталық жүйке жүйесіне жеткізеді, ал симпатика жүйке талшығы бұлшық еттердің қоректенуін қамтамасыз етіп, олардың қимылын түрлі жағдайға икемдейді.
Бұлшық еттің 2 ұшы сіңірге айналып, сүйекке жабысады, тек қана ымдау бұлшық етінің бір ұшы теріге жабысады. Жалпақ бұлшық еттің жазық сіңір ұшы « апоневроз» деп аталады.
Бұлшық ет, олардың топтары дәнекер ұлпа қапшықпен қапталған. Ол шандыр (фасция, fascia) деп аталады. Шандыр өте берік, механикалық тартылысқа төзімді болады.
Бұлшық еттің пішіні түрлі болады. Олардың денесі немесе қарыны және 2 ұшы бар. Жоғарғысы- басталатын жері, ол ұшы қимылдамайды, төменгі- қозғалыш бөлігі. Бұлшық ет қысқарғанда төменгі шеті жоғарыға қарай тартылып қысқарады.
Бұлшық еттер ұзын, жалпақ және қысқа болып келеді. Ұзын бұлшық еттер негізінен аяқта, қолда, ал қысқаларына арқаның терең орналасқан бұлшық еттері жатады.
Жалпақ бұлшық еттер арқада, кеуде және іште кездеседі. Сонымен бірге екі, үш және 4 басты, тісті және басқа пішіндегі бұлшық еттер бар. Бұлшық ет буынның алды, артынан аттап өтіп, басқа сүйекпен бірігеді де, сол аттап өткен буынды әрекетке келтіреді. Біреулері буынды бүксе, екіншілері- жазады. Қызметі қарама- қарсы бұлшық еттерді - антогонистер, ал бірдей қызмет жасайтындар- синергистер деп аталады. Бір бұлшық ет жиырылғанда, екіншісі босаңсиды. Бұлшық ет топтарының келісіп қызмет жасауы-бұлшық ет координациясы деп аталады. Бұлшық ет координациясына көптеген бұлшық еттер қатынасады. Ол жоғарғы жүйке қызметінің бақылауында болады. Әрбір бұлшық ет белгілі бір өзіне тән пішіні, құрылысы, қызметі, дамуы және организмдегі өзіндік жағдайы бар жеке ағза, яғни тұтас түзіліс болып табылады.
Бастың бұлшық еттері (мышцы головы , mm.capiti) екі топқа бөлінеді: шайнау, ымдау.
Шайнау бұлшық еті (жевательная мышца, masseter) - шықшыттың доғасынан басталып, төменгі жақтың сыртқы бетіндегі бұдырға бекиді. Шайнау қызметін атқарады.
Самай бұлшық еті (височная мышца, m.temporalis) жалпақ желпуіш тәрізді бұлшық ет, бастың самай сүйегінде орналасқан. Самай сүйегінің қабыршықты бөлігінен, сына сүйектің үлкен қанатының самай бетінен басталып, төменгі жақтың тәждікшесінің медиаль бетіне бекиді.
Қызметі: төменгі жақты көтереді, бұлшық еттің алдынғы тармағы жиырылғанда төменгі жақты алға қарай жоғарыға, ал сыртқы тармағы артқа тартып, жоғары көтереді.
Латералді қанатша бұлшық ет (латеральная крыловидная мышца, m.pterygoideus lateralis) – төменгі самай шұңқырында орналасқан:
сына сүйектің үлкен қанатының жоғарғы бетінен;
осы сүйектің қанатшасының латераль табақшасынан басталып, самай – төменгі жақ буынының қапшығы мен буын дискісіне, төменгі жақтың, мойынның алдыңғы бетіне бекиді.
Қызметі: бұлшық ет бір жағына жиырылғанда төменгі жақты қарсысына қисайтады, ал екі жақты жиырылғанда төменгі жақ алға жылжиды.
Медиалді қанатша бұлшық ет (медиальная крыловидная мышца, m.pterygoideus medialis) – сына сүйектің қанатшасының, осымен аттас шұңқырынан басталып, төменгі жақтың ішкі бетіндегі бұдырға бекиді. Қызметі: бұлшық ет бір жақты жиырылғанда төменгі жақты алға қарай созып, жоғары көтереді. Бұл бұлшық еттерді бұлшық ет қапшығы қаптап тұрады.
Ымдау бұлшық еттерінің басқа еттерден айырмашылығы – сүйектен басталып, бет терісіне бекиді. Бұлшық ет жиырылғанда бет терісі қыртыстанып, әжімденеді. Сонымен қатар адамның көңіл - күйінен хабар береді. Адамның көңіл – күйіне байланысты көзді ашып – жұму, ауызды ашып – жабу, ымдау сияқты қимылдарды қамтамасыз етеді.
Ми сауытының бұлшық еттері:
Ми сауытының сіңірлі жапқышы (сухожильный шлем черепа, galea aponeurotica) - бастың терісі астында орналасқан екі бөлек: шүйде, маңдай еттерінен тұрады.
Қызметі: бұлшық еттің маңдай және шүйде бөлігі кезек жиырылғанда бас терісі қозғалады, ал екеуі бірдей жиырылғанда маңдайда көлденең қатпарлар пайда болады.
Қасты бір – біріне жақындатушы бұлшық ет (мышца гордецов, m.procerus) – маңдай сүйегінің мұрын бөлігінен басталып, қас терісіне бекиді.
Қызметі: жиырылғанда қас доғасының аралығында ұзын қыртыс пайда болады.
Қасты түйетін бұлшық ет (мышца сморщивающая бровь, m.corrugator supercilii) – маңдай сүйегінен басталып, маңдайдың терісі мен қас доғасына бекиді.
Қызметі: жиырылғанда қастардың аралығында көлденең қыртыстар пайда болады.
Көз аймағының бұлшық еттері:
Көздің дөңгелек бұлшық еті (круговая мышца глаза, m.orbicularis oculi) - көзшарасын айналып орналасқан. Үш бөліктен құралған:
көз шарасының еті-көз шарасы сүйегінің шетінде орналасқандықтан, жиырылғанда көз кішірейіп тарылады;
қабақ бөлімі- жоғарғы және төменгі қабақтың бұлшық еттері болып бөлінеді. Жиырылғанда көз жұмылады;
жас қапшығының бұлшық еті жиырылғанда көз жасы безінің қапшығы кеңейіп, көздің жасы жас түтігі арқылы мұрын қуысына ашылады.
Ауыз аймағының бұлшық еттері:
1. Ауыздың дөңгелек бұлшық еті (круговая мышца рта , m.orbicularis ori) - ауыздың айналасында орналасқан бұлшық ет, оған ауыздың басқа бұлшық еттері келіп бекиді.
Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда ауыз жабылады, өте қатты жиырылғанда, ауыз алдыға қарап шүртиеді.
2. Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшық ет (мышца поднимающая верхнюю губу, m.levator labii superioris) - жоғарғы жақтың көз шарасының төменгі бетінен басталып, жоғарғы еріннің терісіне бекиді.
Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда танау кеңейіп, жоғарғы ерін көтеріледі.
3. Төменгі ерінді түсіруші бұлшық ет (мышца опускаюшая угол рта, m.depressor anguli oris) – төменгі жақтан басталып, төменгі еріннің терісіне бекиді. Бұл ет мойынның тері асты бұлшық етінің жалғасы болып табылады. Қызметі: жиырылғанда ерін төменге және шетке тартылады.
4. Иек бұлшық еті (подбородочная мышца , m.mentalis) – төменгі сойдақ және күрек тістердің дөңесінен басталып, иек терісіне бекиді.
Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда иек пен төменгі ерін жоғары көтеріледі.
5. Ұрт бұлшық еті (щечная мышца, m.buccinator) – ауыз қуысының 2 бүйірдегі қабырғасын және ұрт қалыңын түзеді. Ұрт еті жоғарғы және төменгі жақтың үлкен азуының шұңқырларынан басталып ауыздың дөңгелек бұлшық етіне бекиді.
Қызметі: ауыз қуысының қысымын реттейді, тағамды тіске ыңғайлайды.
6. Күлкі бұлшық еті (мышца смеха, m.risorius) – езуден басталып, ұрттың терісіне бекиді.
Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда кейбір адамдарда күлкі шұңқыры пайда болады.
7. Мұрын бұлшық еттері (мышцы носа, m.nasalis) – жоғарғы сойдақ және күрек тістер тұсынан басталып, танауды кеңейтетін талшықтар танау шеміршегіне бекиді, тарылтатын бұлшық еттер танаудың қарама – қарсы жағындағы сіңірге бекиді.
8. Құлақ бұлшық еттері (мышцы ушной раковины) – алдыңғы, жоғарғы, төменгі бұлшық еттер. Олар самай шандырынан басталып, құлақ қалқанының алдыңғы, жоғарғы, төменгі жағына келіп бірігіп, құлақ қалқанын тіктейді.
Бас шандырлары:
Самай шандыры ( височная фасция, fascia temporalis) Самай сызығынан, бастың сіңірлі дулығасынан басталып, аттас бұлшық етті жауып, шықшыт доғасының тұсында, беткейдегi және тереңдегi жапырақтарға бөлінеді. Бет- кейдегi шандыр шықшыт доғасының жоғарғы шетi мен сыртқы бетiне, терең-дегi шандыр шықшыт доғасының iшкi бетiне жабысады. Шандыр жапырақ- тарынын аралығында май ұлпалары мен қан тамырлар болады.
Шайнау шандыры (жевательная фасция, fascia masseterica) Шықшыт доғасынан басталып, шайнау бұлшық етiн жауып, сыртқы есiту тесiгiнiн шеміршегiне жабысады.
Шықшыт безінің шандыры (фасция околоушной железы, fascia paroti-dea) шықшыт безін жауып, артында шайнау шандырына айналады.
Ұрт- жұтқыншақ шандыры (щечно-глаточная фасция , fascia buccopha-ryngea) ұрт бұлшық етiн жауып тұрады.
Мойын бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: 1. беткейдегі. 2. тереңдегі. Беткейдегі бұлшық еттері:
1. Мойынның тері асты бұлшық еті (подкожная мышца шей, m.platysma) Мойынның терісінің астында орналасқан, жұқа ет. Ол бұғананың төменінде кеуде шандырынан басталып, мойынның бүйірдегі, жартылай алдыңғы бетін жауып, төменгі жаққа бекиді.
Қызметі: езуді төменге тартып, мойынның терісін қатайтады.
2.Бұғана – төс – емізік бұлшық еті (грудино – ключично – сосцевидная мышца, m.sternocleidomastoideus) - мойынның ең үлкен, күшті бұлшық еті. Ол екі аяқ болып бұғана және төс сүйектерінен басталып, самай сүйегінің емізікшесіне бекиді.
Қызметі: бұлшық ет бір жақты жиырылғанда мойын, бас сол бағытта қисайып айналады, ал екі жақты жиырылғанда бас тік ұсталады, күшпен жиырылса бас артқа тартылады.
Тіл асты сүйегінің жоғарысындағы бұлшық еттер:
1. Екі қарынды бұлшық ет (двубрюшная мышца, m.digastricus) - алдыңғы бөлігі астыңғы жақтан басталып, шандырға айналып, тіл асты сүйегіне бекиді. Артқы бөлігі осы шандырдан басталып самай сүйегінің емізікшесіне бекиді.
2. Біз - тіл асты бұлшық ет (шилоподъязычная мышца, m.myohyoideus) -самай сүйегінің бізшесінен басталып, тіл асты сүйегіне бекиді. Бұл бұлшық еттен ауыз қуысының түбі, ауыз диафрагмасы пайда болады.
3. Иек - тіл асты бұлшық еті (подбородочно – подъязычная мышца, m.geniohioideus) - төменгі жақтың иек өсіндісінен басталып, тіл асты сүйегіне бекиді.
4. Жақ – тіл асты бұлшық еті (челюстно-подъязычная мышца, m.mylohiodeus) төменгі жақтың доғасынан басталып, тіл асты сүйегіне бекиді. Бұлшық ет ауыз қуысының түбі, оның диафрагмасының құрылысына қатысады.
Қызметі: бұлшық еттердің барлығы тіл асты сүйегін, көмекейді жоғары көтеріп, жұтынуға, сөйлеуге көмектеседі. Біз - тіл асты бұлшық етінен басқа бұлшық еттер, астыңғы жақты төмен түсіреді.
Тіл асты сүйегінен төмендегі бұлшық еттер:
1. Төс – тіл асты бұлшық еті (грудино-подъязычная мышца, m.sternohyoideus) - төс сүйегінен басталып, тіл асты сүйегіне бекиді. Қызметі: тіл асты сүйегін төменге тартады.
2. Жауырын – тіл асты бұлшық еті (лопаточно - подъязычная мышца, m.omohyoideus) - жауырыннан тіл асты сүйегімен жалғасатын бұлшық еті. Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда тіл асты сүйегі төменге қарай тартылады.
3. Төс- қалқанша бұлшық еті (грудино-щитовидная мышца, m.sternohyoideus) - төстен көмекейдің қалқанша шеміршегіне дейінгі бұлшық ет.
Қызметі: ол жиырылғанда көмекейдің қалқанша шеміршегі тартылып, көмекей, тіл асты сүйегі төменге түседі.
4. Қалқанша – тіл асты бұлшық еті (щитоязычная мышца, m.thyrohyoideus) қалқанша шеміршегінен басталып тіл асты сүйегіне бекиді.
Қызметі: бұлшық ет астыңғы жақты төменге тартып, тіл асты сүйегінің бір орында тұруын қамтамасыз етеді.
Мойынның тереңдегі бұлшық еттері:
1.Алдыңғы, ортадағы, артқы баспалдақ бұлшық еті (передняя, средняя и задняя лестничные мышцы ) - мойын омыртқасының көлденең өсінділерінен басталып, қабырғаларға бекиді.
Қызметі: барлық бұлшық еттер қабырғаларды көтереді, бір жақты жиырылғанда мойынды бір жаққа қисайтады.
2.Омыртқа алды бұлшық еттері – оларға бастың және мойынның ұзын бұлшық еттері, бастың алдыңғы және латераль бұлшық еттері кіреді.
3.Бастың және мойынның ұзын бұлшық еттері (длинная мышца головы, длинная мышца шеи ) - бастың және мойынның бұлшық еттері – мойынның, жоғарғы кеуде омыртқалардың алдыңғы бетінде орналасқан. Қызметі: екі жақты жиырылғанда мойынды иеді, бір жақты жиырылғанда, сол жаққа бұрады.
Арқаның бұлшық еттері: беткейдегі және тереңдегі болып бөлінеді.
Беткейде орналасқан бұлшық еттер:
Трапеция тәрізді бұлшық ет (трапецевидная мышца, m.trapezius). Ол – арқаның жоғары тұсындағы жалпақ бұлшық ет. Шүйде сүйегінен, барлық кеуде омыртқалары қылқандарынан басталып, бұғананың акромион өсіндісіне және жауырынға жабысады.
Атқаратын қызметі: жоғарғы бөлігі жауырынды көтереді, ортадағысы жауырынды омыртқа жотасына жақындатып, ал астынғысы оны төмнге тартады.
Арқаның өте жалпақ бұлшық еті (широкая мышца, m.latizzimus dorzi) Басталатын жері: төменгі VI кеуде омыртқасының қылқаншасынан , барлық бел омыртқасынан, мықынның қырынан басталып жоғары көтеріліп қар сүйегінің жоғарғы басындағы кіші томпаққа барып бірігеді.
Атқаратын қызметі: иықты, қолды артқа тартып, қолды ішке бүгеді.
Үлкен және кіші ромбы тәрізді бұлшық еттерm.(большая и малая ромбовидная мышца, romboeideus maior et minor) - трапециялау бұлшық еттің арасында орналасқан. Екі төменгі мойын, төрт жоғарғы кеуде омыртқаларының қылқаншасынан басталып жауырынның омыртқа шетіне келіп бірігеді.
Атқаратын қызметі: жауырынды көтереді, оны омыртқа жотасына жақындатады.
Жауырынды көтеретін бұлшық ет (мышца поднимающая лопатку, m.levator scapule) ромб тәрізді бұлшық еттен жоғарылау, мойынның артқы бөлігінде орналасқан. Жоғарғы IV мойын омыртқаның көлденең өсіндiнiн тұсынан басталып, жауырынның жоғарғы бұрышына келіп бірігеді.
Жоғарғы артқы тiстi бұлшық ет (верхняя задняя зубчатая мышца, m.seratus posterior inferior) ромб тәрізді бұлшық еттің астында болады. Ол төменгі II мойын, II жоғарғы кеуде омыртқасынын қылқаншасынан бастап қисая көтеріліп, жоғарғы төрт қабырғаға жабысады.
Арқаның қызметі: қабырғаларды жоғары көтереді.
Төменгі артқы тiстi бұлшық ет (нижняя задняя зубчатая мышца, m.seratus superior) арқаның өте жалпақ бұлшық етiнің астында орналасқан. Ол кеуденің төменгі, белдің жоғарғы омыртқаларынын қылқаншаларынан басталып төменгі төрт қабырғаға жабысады.
Атқаратын қызметі: қабырғаларды төмен тартады.
Жоғарғы және төменгі артқы тiс тәрізді бұлшық еттер тыныс алуға қатысады кеуде көлемін тарылтып, кеңейтедi.
Арқаның терең орналасқан бұлшық еттері екi топқа бөлінеді. Олар екi жолақ латераль және медиаль болып орналасқан. Латераль орналасқан бұлшық ет шүйде сүйегінен сегізкөзге дейін созылып, арқаны тiк ұстайды. Iшкi медиаль бұлшық ет, қысқа омыртқаның үстінен өтiп келесі омыртқаларға бірігеді. Мойында осы бұлшық еттің үстінде мойынның белбеу бұлшық етi орналасқан.
Арқаның шандырлары:
1. Беткейдегi шандыр трапеция тәрізді және арқаның өте жалпақ бұлшық етiн жауып тұрады.
2. Бел-кеуде шадыры- арқаның тереңдегi бұлшық еттерін беткейдегiлерiнен бөліп тұрады, ол бел тұсында арқаның бұлшық етiнiн сiнiрiмен бірігеді.
Кеуденің бұлшық еттері үлкен үш топқа бөлінеді:
иық белдеуінің бұлшық еттері.
қолдың еркін сүйектерінің бұлшық еттері.
кеуде бұлшық еттері.
Кеуденің үлкен бұлшық еті (большая грудная мышца, m.pectoralis major) үшбұрышты. Бұғана сүйегінің сыртынан, төс және II – VII қабырға-ның шеміршегінен басталып, тоқпан сүйектің үлкен томпағына келіп бекиді.
Атқаратын қызметі: қолды денеге жақындатады, ішке қарай бұрып көтереді, тыныс алуға қатысады.
Кеуденің кіші бұлшық еті (малая грудная мышца, m.pectoralis minor )
үлкен бұлшық еттің астында орналасқан, I – V қабырғадан басталып, жауырынның құс тұмсықшасына бекиді.
Атқаратын қызметі: жауырынды төменге тартады, жауырын тыныш тұрғанда қабырғаларды көтеріп, тыныс алуға қатысады.
Бұғана асты бұлшық еті (подключичная мышца, m.subclavius), кеуде қуысының сыртқы бүйірінде I- ші қабырға мен бұғана сүйегінің аралығында орналасқан. Бұғананы ішке және төменге тартады.
Алдыңғы тісті бұлшық ет (передняя зубчатая мышца ,m. serratus anterior ), жоғарғы IX қабырғалардан тіс тәрізді басталып, жауырынның медиаль шеті мен төменгі бұрышына келіп бекиді.
Атқаратын қызметі: жауырынды алға тартады, қолды горизонталь созуға мүмкіндік береді, тыныс алуға қатысады.
Кеуденің тереңде орналасқан бұлшық еттеріне – ішкі және сыртқы қабырға аралық бұлшық еттер кіреді. Ішкі қабырға аралық бұлшық еттер қабырғаларды төмен тартып, дем шығаруға көмектеседі, ал сыртқы бұлшық ет қабырғаларды көтеріп, дем алғызады.
Кеуде шандырлары: кеуде және кеуденің ішіндегі болып бөлінеді, екі жапырақтан тұрады. 1. беткейдегі; 2. терең орналасқан шандырлар. Беткейдегі жапырақ кеуденің үлкен бұлшық етін, алдыңғы тісті бұлшық етті жауып тұрады. Ал кеуденің ішкі шандыры кеудені ішінен қаптап, кеуде қуысы мен іш қуысын бөліп тұратын көкет өтеді.
Көкет (диафрагма, diaphragma), күмбез тәрізді бұлшық ет, оның бұлшық еттері үш бөлімнен тұрады. Олар төс сүйегінен, қабырғадан және бел омыртқадан басталып, төс, қабырға, бел бөліктері болып үшке бөлінеді. Барлық бұлшық еттер ортаға жиналады да сіңірге өтеді, содан көкет орталығы пайда болады. Көкеттің ең мықты бөлігі – бел. Ол оң және сол тармақтан тұрады. Оның медиаль бөлігінде екі үлкен тесік бар. Біріншісінен өңеш пен қолқа, ал ортаңғы тесіктен – төменгі қуыс венасы өтеді.
Көкет тыныс алуға қатысады, ол қысқарғанда төмен түсіп, кеуде қуысы кеңейіп, адам дем алады. Ал босаңсығанда жоғары көтеріліп кеуде қуысы тарылып, дем шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет