«Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)» кмм мектепішілік ұлдар жиналысының Хаттамасы № Қатысқандар



Дата24.01.2023
өлшемі16,74 Kb.
#62651
Байланысты:
хаттама улдар


«Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)» КММ
Мектепішілік ұлдар жиналысының
Хаттамасы №


Қатысқандар: 8 сынып ұлдары, оқу тәрбие-ісі бойынша орынбасары Сәрсенбай Ә., әлеуметтік педагог Мажитов С.К., тәлімгер Калиева А.Қ.

Күн тәртібінде:
1.ДТЖО Сәрсенбай Ә. «Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?» тақырыбындағы баяндамасы.
2.Оқушыларға кибербуллинг,буллинг туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3.Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Тыңдалды:

1.ДТЖО Сәрсенбай Ә. «Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндамада буллинг дегеніміз - адам құқығының өрескел бұзылуы. Сонымен қоса бір адамның немесе адамдар тобының екінші адамға қасақана және үнемі зиян келтіруі екендігі айтылды.Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды. Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды.Сондықтан, оқушыларға интернеттегі қауіп туралы айтылды.


2. 2- мәселе бойынша оқушыларға кибербуллинг,буллинг туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Олар түрлі ресурсты қолданады, сөйлеседі, видео көреді. Балаға кибербуллингтің не екенін түсіндіру керек. Кіммен сөйлесетінін сұрап, бейтаныс адамдардың хатына жауап бермегені дұрыс екенін айту қажет.Әрбір ата-ана өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет.Сонымен қатар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға күш салу керектігіаталып өтілді.


Қаулы:
1.Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды екендігі ескерілсін.
2. Өмір қауіпсіздігі, санитарлық талаптар сақталынсын.
3.Оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына көңіл бөлінсін.
ДТЖО: Сәрсенбай Ә.
Әлеуметтік педагог: Мажитов С.К.
Хатшысы: Калиева А.Қ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет