Сман Мадина 7М01510-Химия



Дата26.12.2023
өлшемі15,69 Kb.
#144301
Байланысты:
Сман М.С. ЖМП


Орындаған: Сман Мадина
7М01510-Химия



  1. Дидактика. Дидактика- педагогиканың маңызды саласы ретінде оқыту процесін қарастырады. Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі және т.б. проблемаларды зерттейді.

  2. Оқыту принциптері. Оқыту принциптері – бұл білім беру үрдісінің бағыттылығын, мазмұнын, әдістемелік құрылымын, оқытушы әрекетінің сипатын анықтайтын ереже-талаптар. Оқытудың дидактикалық принциптерін анықтауға зор үлесін қосқан чех ғалымы Я.А.Коменский еді. Мектеп педагогикасы жүйесінде оқыту принциптері жан-жақты қарастырылып, үнемі толықтырылып жаңарып отырғанымен, жоғары мектеп теориясында оқыту принциптері терең ғылыми негіздемеге ие болмады. Сондықтан, көбінесе жоғары оқу орындарының оқытушылары оқыту үрдісін ұйымдастыруда өз білімі мен тәжірибесіне сүйенеді.

  3. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Оқытуды ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:

  • теориялық (лекция, СӨЖ, семинар);

  • практикалық (зертханалық сабақ, практикум, өндірістік/дипломдық практикалар);

  • бақылау (сынақ, емтихан және т.б.).

  1. Интербелсенді оқыту. Интербелсенді оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.

  2. Я.А. Коменскийдің «Академия» еңбегі. Жоғары мектеп педагогикасының қалыптасуында Я.А. Коменскийдің «Академия» еңбегіндегі оқытудың қағидалары мен әдістері:

  • студенттерге адамзатта бар білімді меңгерту, оларға ғылымның негізін үйрету;

  • студенттерді оқытуға тек ғалымдар мен профессорларға рұқсат беру;

  • Академияда барлығына қол жетімді кітапханалардың болуы туралы идеялары маңызды роль атқарған.

  1. Оқыту процесі. Оқыту білім беру мекемелерінде оқыту процесі арқылы іске асады. Оқыту процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен білім алушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет. Оқыту процесі - білім, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, ілім алушылардың дүниетанымын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет барысы. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту процесібұл оқытушы мен білім алушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуі барысында шәкіртттерге білім беру міндеттерін шешу процесі.

  2. Кәсіби білім беру. Педагогтың кәсіби білімін педагогикалық үрдісті ұйымдастыру үшін қажет жалпымәдени, психологиялық-педагогикалық білімдер, жоғары білікті мамандарды даярлау үшін қажетті арнайы білімдер құрайды. Кәсіби білімдер құрылымында ажыратады:

– студенттердің жас және дара ерекшеліктерін, оқыту үрдісіндегі қатынастар мен қарым-қатынас ерекшеліктерін, кәсіби әрекеттің жағымды және жағымсыз сапаларын ескере отырып оқу материалын оқытуға мүмкіндік беретін психологиялық білім;
әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлерде қалыптасқан оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдерін, құралдарын таңдауды анықтайтын педагогикалық білімдер;
– белгілі бір мамандықтың ерекшелігі, мамандықтың жағдайы мен даму болашағы, кадрларды даярлау жүйесі туралы кәсіби бағытталған білімдер кешені;
– ғылыми-зерттеушілік білімдер – ғылыми әдебиетпен жұмыс, экспериментті өткізу, ғылыми байқау нәтижелерін өңдеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет