Смк пп 3-91-01 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже / Положение о защите курсовой работы ( проекта) Издание /басылым 1/2022 Стр/бет
Жансая курстық жұмыс
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕ МУЗЫКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ Музыка сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жүргізу түрлерінің маңызды бөлігі сыныптан тыс мезгілде тәрбие беру. Жастарға музыкаылық-эстетикалық тәрбие беруде музыка сабағымен қатар сабақтан тыс мезгілдегі оқушылар сарайының жанындағы көркемөнер үйірмелері, мектеп жанындағы оқушылардың хоры, оркестрі, музыка сауатын үйрететін үйірме, жеке музыкалы аспаптарды ойнауды үйрететін пианино, домбыра, қобыз, баян, аккордеон, саз сырнай, шаң қобыз, т.б. үйрететін үйірмелердің маңызы өте үлкен. Қазіргі таңда жалпы білім беру кешендерінде музыка сабағын жоғарғы дәрежеде өткізу көзделіп отыр. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет. Осы күнге дейінгі музыка бағдарламалары әртүрлі құрылымда , түрлі авторлардан туындалып жатса да, барлығының да мақсаты халқымыздың және де басқа ұлт-халық өкілдерінің байырғы сазын терең мазмұнда кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау болып табылады. Сондықтанда музыка пәні мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі, ата-аналар зор үміт артады. Жас өспірім бойына музыкалық білімді игерту - пәндегі сабақ жоспары құрылымы бойынша болғанымен жеке дара табиғи дарынды оқушылармен жұмыс аспаптық үйірмелер арқылы дамитыны бізге мәлім. Сол орайда музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде болу керек деп ойлаймын. Ал ол үшін пән мұғалімі қазіргі таңда қолданысқа берілген жаңа технология әдіс-тәсілдерін, түрлі бағдарламалар элементтерін дұрыс және ұтымды қолдануы қажет. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану оқушылардың өздігінен іздену жəне зерттеу жұмыстарында, бос уақыттарында жəне қарым-қатынаста цифрлық технологияларды сенімді жəне шығармашылықпен қолдана білуге үйретті. Музыка сабағында АКТ-ны қолдану дағдылары ақпарат іздеу, алмасу жəне онымен жұмыс жасау, идеяларды жинау, өз жұмысын бағалау алуан түрлі жабдықтар мен бағдарламалық қосымшаларды пайдалану арқылы дамытады [6]. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Мысалы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім: - музыка шығару жəне суырыпсалу музыкалық-шығармашылық жұмыс кезінде виртуалды музыкалық аспаптарды қолдану; - ғаламтор дерекқордан ақпарат іздеу, табу, өңдеу жəне таңдау (мысалы, оқушылар веб-сайтқа кіріп, мəліметтер оқиды, іздейді, керекті мəліметтерді таңдайды, көшіреді жəне оны сақтайды); - слайдтік презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, нақты аудиторияға көрсету жəне қойылған мақсатқа жету үшін, түрлі дерекқордан материалдарды жинақтау; - виртуальды ортада оқытуды, электронды байланысты пайдалану арқылы басқа оқушылармен ақпарат алмасу, қатынасу жəне ынтымақтасу; - белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін интерактивті тақтаны пайдалану. Əртүрлі ақпараттық құралдарды пайдалана отырып жəне өз ойын сауатты жеткізу оқыту үдерісінде оқушыларға сыныптастарымен, көпшілікпен ауызша жəне жазбаша қарым-қатынасқа түсуіне оқушылардың назарын аударуға тырыстым. Музыка мен бейнелеу өнерін біріктіретін бұл олардың əрқайсысы белгілі бір коммуникацияның құралы болып табылады. Музыкадағы коммуникация музыкалық дыбыс арқылы жүзеге асырылады, ал бейнелеу өнерінде визуалды жəне тактильді болып табылады. Осы байланысты пайдалану музыка сабақтарына деген қызығушылықты, назар жəне ойлау қызметін жандандыруға, бекітілген оқу материалдарын тиімді меңгеруге, қабылдауға,сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. жүктеу/скачать 490,5 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |