СМК ПП-5.3-91-01 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже /
Положение о защите курсовой работы
( проекта)
Издание /басылым
1/2022
Стр/бет.
5 из 30
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі кезеңде республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі болып жатқан нәтижелі өзгерістер, оның өсіп-өркендеуі, өркениетті елдер қатарынан орын алуы білім беру саласына да жаңа леп әкеліп жатыр.Осыған байланысты орта мектептің білім беру саясатында жас ұрпақты жаңа көзқараста оқыту мен тәрбиелеуіне көп көңіл бөлінеді. Осының бәрі ауылдық мектептеріне, соның ішінде шағын жинақталған (комплектілі) мектептеріне де байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында шағын жинақталған мектептер туралы былай айтылған: «шағын жинақталған мектеп сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысанасы бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».
Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі ұлтымыздың жаңа заманға қадам басып, ұлттық сананың қайта жаңғыру сатысында тәуелсіз мемлекет болу тарихынан бастап жеткен жетістіктер айтарлықтай. Соның ішінде, шағын жинақталған мектептердің қосқан үлесі де жоқ емес. Көптеген халық жанашырлары мен зиялылары осы ауылдық шағын жинақталған мектептерде білім алып, тәрбиеленді. Аталмыш мектептердің тарихына үңілсек, шағын жинақталған мектептер алғашында Қазақстан территориясындағы халықтың әркелкі орналасуына байланысты алыс ауылдық жерлерде, уақытша қоныстанған елді мекендерде ашыла бастаған.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала халқының күрт өсуі, миграция, балалардың өмірге келуінің азаюы шағын комплектілі мектептердің санының өсуіне әкелді. Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады.
Зерттеу жұмыстардың мәлеметтеріне қарағанда шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісі, стандартты орта мектептерімен салыстырғанда, өзгеше жүреді және т.б.
Себебі шағын жинақталған мектептерде жас ерекшелігіне қарамастан бірнеше сынып оқушыларына бір мезгілде бір мұғалімнің сабақ жүргізуі ерекшелігінің бірі болып саналады. Сондықтан да «шағын жинақталған мектеп» деп аталады. Ауылдық шағын жинақталған мектептердегі мәселелердің бірі музыкалық тәрбие жүргізу шарттары болып отыр.
Осы мәселенің жалғасы ретінде шағын жинақталған мектептерде жүргізіліп жатқан музыкалық тәрбиесі қалай жүргізіледі деген сұрақ туады.
Зерттеу барысында байқағанымыз – бұл проблема Қазақстанда кәзірге дейін зерттелмегендігін көрсетеді. Сондықтан біз курстық жұмысымызда шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбиесін жүргізу әдіс-тәсілдерін қарауды көздеп отырмыз.
Шағын жинақталған мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі мен теориялық тұрғыда зерттеліп, ғылыми әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі және аталмыш мәселенің қоғам талабына сай қарастырылмауы арасында қарама – қайшылық орын алып отырғандығы байқалады.
Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру мектептерінің 77%-ы ауылда орналасқан болса, ал соның 65-% шағын жинақталған мектеп. Қазақстандағы шағын жинақталған мектепте басты, көкейкесті мәселелері:
шағын жинақталған мектептерде қазіргі заманға сай оқытуды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешеннің болмауы;
негативті тенденцияларға сәйкес, демографиялық дамудың күрт азаюы;
ауыл мектептерінің азайып, сонымен қатар республикада шағын жинақталған мектептер санының азаюы;
музыкалық тәрбие әдістемесінің әлсіз болуы.
Ауылдық мектептерде тарихи аспектілердің, соның ішінде шағын жинақталған мектептердің, дамуын шетел ғалымдары М. И. Зайкин, Н. В. Горбунов, Т. Б. Френкель, Г. Б. Горнетов, В. Н. Яценко, Г. Ф. Суворова, Е. Ивлиева, Т. В. Маркелова, Г. В. Невзорова және т.б. зерттеген. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің жағдайын Р. Б. Ахмедова, Ә. Т. Өтебаева, Г.Қ. Шұғаева, қарастырған.
Жоғарыда айтылғандардың бәрін де ескере отырып, шағын жинақталған мектептерде қазіргі уақытта заман талабына сай музыкалық тәрбие беруді қарауды көздеп отырмыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: шағын жинақталған мектептерде музыканы кіріктіріп оқытудың теориясын негіздеп, оны тәжірибе жүзінде зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысаны: шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу жұмысының пәні:шағын жинақталған мектептерде музыканы кіріктіріп оқыту әдістемесі.
Зерттеу міндеттері:
1. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің тарихи-теориялық аспектілерін қарау.
2. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктерін айқындау.
3. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарды жүргізу туралы ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: егер шағын жинақталған мектептерде музыканы кіріктіріп оқыту жұмыстарын жүргізу теориялық жағынан дәлелдеп, педагогикалық талдау жасалынып, тәжірибе арқылы тиімді шарттары ұсынылса, онда оқушылардың бойында музыкалық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік-эстетикалық тәрбиесінің қалыптасуына нәтижелі мүмкіндіктер жасалынады.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»
Управление образования Восточно-Казахстанской области