Социология. Әлеуметтік стратификацияның тарихи типтері


Қоғамның даму концепциялары



бет35/37
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#13315
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Қоғамның даму концепциялары:

*нигилизм (Кант «бiртiндеп жақсарудан өлгел жатырмың», Ницше, Шопенгауэр, Франк, Бохенский) – қоғамдық прогресстiн болуына күмәнданып, мойындамау

*географикалық детерминизм (Монтескье, Бокль, Мальтус, Кьелен) қоғам дамуында географиялық жағдайлар: климат, қазба байлықтар мен табиғи ресурстардың болуы және халық саны шешушi б.т. деп есептеу

*әлеуметтiк- табиғи (Л.Гумилев)- қоғам дамуында пассионарийлер (кейбiр табиғи факторлар әсерiмен, күн қуатының белсендiлiгi немесе ғарыштық радиация т.б. аса ынталы әрекеттерге бейiмдi этностар) шешушi болып табылады

*формациялық тұғырнама (Маркс)- әлеуметтiк- экономикалық фактор маңызы және таптық күрес қоғам дамуында асыра бағаланады

*технократиялық (Белл, Ростоу, Тоффлер)-техниканы, технологияны және ғылымды постиндустриалды қоғамның жүиеқалыптастырушы элемент негiзiнде алады

*мәдени-тарихи (Сорокин)-мәдениет ерекшiлiктерi мен дүниеге көзқарастарды абсолюттендiру

*әлеуметтұлғалық (Мертон, Фромм)- тұлғаның еркiндiк деңгейiн және оның қоғам мен  өзара әрекеттестiгiн қарастырады

*қоғам дамуының жалпы бiр негiздерiн мойындамайтын көзқарастарда бар (М.Вебер) оның айтуынша батыстық-еуропалық капитализм генезисiне экономика мен протестанттық этика бiрдей әсерiн тигiздi



Бiздiң байқаумызша бұл тұғырнамалардың бәрi де сынаржақты болып келедi, қоғам дамуының бiр қырланып әсерлейтiн ао екiншiсiне мән бермейтiн. Бiз қоғамды бiртұтас организм ретiнде қарастырып, оның дамуында келесi компоненттердi белгiлеймiз: экономикалық-өндiрiстiк, әлеуметтiк, саяси-басқару, табиғи, рухани




136.Марксизмдегі тұлға – ол

К. Маркс пен Ф. Энгельс бірігіп жазған "Коммунистік партияның манифесті" атты белгілі шығармада әлеуметтік парадигма адамзатты қанаудан құтқаратын пролетариаттың бүкіл әлемдік-тарихи мессиялық рөлін орнықтыратын революциялық идеологиянық концептуалды негізі ретінде қолданылады. Бұл тарихи міндетті пролетариат революция жасағанда және өзінің таптық диктатурасын орнатканда ғана орындай алады. В.И. Лениннің ойы бойынша марксизмдегі ең басты мәселе — пролетариат диктатурасының тарихи болмай қалмайтындығы мен оның тарихи кажеттілігін мойындау.
Марксизмде әлеуметтік парадигма әлеуметтік - экономикалықка өзгереді. К.Маркс пен Ф.Энгельстің көзқарасы бойынша, қоғамдық дамудың іргетасы адамдардың материал- дық игіліктерді өндіруі болып табынады, ал ол сатылы процесс ретінде, өндірістің ерекше тәсілі ретінде жүзеге асырылып, қоғамның экономикалық базисін қалыптастырады.

Осы базистің үстінде қондырма деп аталатын құрылымданған жүйе пайда болады. Қондырма базиске қатынасы бойынша қайтарымды әрі белсенді.Әр түрлі өлеуметтік институттар қондырманың маңызды компоненттері болып табылады. Олар: идеологиялық көзқарастар, ұйымдар, мекемелер, бұлардың арасынан беделді орынды идеология және ұйымдастырушы құрылым ретінде (мемлекеттік билік, саяси партия және басқалары) саясат иеленді.

Марксизмді насихаттау немесе сынау біздің міндетімізге жатпайды. Біз тек мына мәселеге ғана назар аударамыз: әлеуметтік-экономикалық парадигма революциялық идеологиянық негізі ретінде аса мақсатты болғанымен оның әлеуметтік-жасампаздық рөлі тиімді болмады, себебі ол тарихи процестің нағызжасампаз негізі ретіндегі адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуының деңгейін төмендетіп жіберген еді.

Әлеуметтік парадигмалардың қатарына әлеуметтік-экономикалықтан бөлек, патриархалды-тектік кұрылыс ыдырап, ол жаңа нормалар мен биліктік құрылымдары бар таптық қоғамға өте бастаған кезде ерекше мәнге ие болған этикалық-нормативті тәсілді жатқызуға болады. Мұндай тәсіл әсіресе Конфуций (б.з.д. 522-479жж.) мен Аристотельге (б.з.д.384-322жж.) тән. Әрине, таптық қоғамның дамуы мен мемлекет пен оның заңдарының реттеуші рөлінің күшеюіне байланысты этикалық-нормативті тәсіл екінші орынға ығысты. Бірақ азаматтық қоғам қызмет ете бастаған қазіргі кезде аталған парадигма дамудың жаңа қарқынына бет бұруда.

Әлеуметтік парадигмалардың қатарына мәдени-антропологиялық парадигма да жатады, оның көмегімен саясаттың сырткары натуралистік жалпыәлеуметтік негіздерінен адамның өзіне, оның әлеуметтік мәдени дүниесіне, ол өмір сүретін өмірлік жағдайларға, оның осы жағдайларға бейімделуі мен өзінің жеке шешімдерін қабылдауға өтуі іске асырылады. Бұл көзқарас тұрғысынан, саясат адамның әрекетшіл мәнінің құбылысы, оның шығармашылық қызметінің жүзеге асуы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет