Содан бері талай-талай жылдар отті. Сол кезде мойында рына ал қы зыл галстук тағып, сапқа түрып: Бір-екі, үш



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата24.11.2023
өлшемі2,12 Mb.
#125289
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Шайтан да жоқ, жын да жоқ
Оган енді сенбеңдер
Молдсиіардың сөзіне
Будан былай ермеңдер!
Қүлгана мен мерездей
Молда сөзі — ол да дерт.
Аластайық арадан,
Жан-жагына қойып өрт.
Өлеңнің жатық шықпағанын ішім сезеді. Дегенмен, оқуға 
болатын секілді.
Енді кешегі сөзімен Назым келіп қалмаса деп, қыпылдап 
отырмын. Менің мына тонға оранып отырған түрімді көрсе, 
кім болса да, шошыр. Газеттің тақырыбы, мен салған сурет 
пен астындағы өлеңнен басқа алдымдағы ақ қағазға еш белгі 
түскен жоқ. Иманбек пен Назым жазса, онда толып қала- 
тын жайы бар. Дегенмен, мектептің қабырға газеті секілді 
бас жағына бір мақала керек тәрізді. Оны кім жазады? Бүл 
маған өзірге жүмбақ. “Ауылдық кеңеске бара көрермін, — 
деймін. — Көшіріп жазатын бәрібір өзіммін ғой”.
Осы күні сол кездегі мүғалімдерге рақмет айтамын. Бірінші 
кластан кітапты мәнерлеп оқуға, сүлу жазуға қадағалап оты- 
рып үйретуші еді. Сүлу жазудың өзі мақтаныш болатын.
Сондықтан болар, мен әріптерді өдемі жазуға тырысатын- 
мын. Оным жеміссіз болған жоқ. Қабырға газетін жазу не бол- 
маса бірдеңені кошіріп жазу керск болса, маған тапсыратын.
Тон жамылып отырмын. Сыртгағы ашық күннің сөулесі 
терезеден сығалап, делбемді қоздырып, көңілімді қытықтайды. 
Далаға шығуға дәрмен жоқ. Жіпсіз байлану деген осы екен.
Мүндайда кітап оқисың, болмаса, қиялға берілесің. 
Үйқтауға болар еді. Бірақ түні бойы үйқыны да сарыққан 
секілдімін.
Тағы да есіме әнеукүнгі түс түседі. Әйтеуір, сол түс есімнен 
шықпайды. Тобылғы торы үстіңде Назым отыр. “Кел, жары- 
сайық! Алда талай бөгет, талай сын бар. Солардан сүрінбей 
өте аласың ба?” деп түрғандай. Әсем бір әсерге шомамын.
76


“Бас жарылса — бөрік ішінде, қол сынса — жең ішінде” 
деген аталарымыз. Менің емханада жатқаным сөз болып па. 
Ертең-ақ мүның бәрі қолдың кіріндей шайылып үмыт бола- 
ды. Түнде молаға барсам, сендерге дүниеде ешбір шайтан мен 
жынның жоқ екенін дәлелдеу еді. Сол мақсатыма жеттім бе 
немесе жаңылыс басып көңідцеріне қаяу салдым ба? Білмеймін.
Бірақ менің ең бір қуанатыным — дүниеге жаңарған жаңа 
бір адам келіп бізбен бірге сапқа түрды. Ол адасқан еді
тура жолға түсті. Енді ол бүл жолдан ешқашан да таймайды.
Міне, осы үшін таяқ жеуге де болады. Күресуге де бола- 
ды. Берік саптың қатарына адамның қосылуы — үлкен 
жеңіс. Өмірдегі бақыт, міне, осында”,— Шаншатай осылай 
деп сөйлеп түрган секілді.
Ол да ат үстінде. Ол да қол бүлгап: “ Кел, жарысайық!” — 
деп түрғандай.
Көңілім өсіп, жүрегім лүп-лүп соғады. Осы әсер үстінде 
шешем үйге кіріп, төрдегі абдыраны ашты да, ішінен су 
жаңа киімдер алып:
— Мә, ки! — деді.— Сыртта достарың күтіп түр. Есік 
алдында Оңалбек, Ықсан, Бейсекүл, Назым, Иманбек, тағы 
басқа балалар түр екен.
— Ой, Ертай, сүйінші! — деп, Бейсекүл бір газетті 
төбесінен жоғары бүлғап айғай салды. Балалар маған көрме- 
ге қойылған заттай таңырқай қарап, қоршалап алған.
— Суретің “Октябрь балаларына” шығыпты. Қүттық- 
таймын! — деді Назым қолымды алып. Басқа балалар да 
қолымды қысып жатыр.
— Кәне, көрейінші!
Суретте — м асақ терген Бейсекүл. Суретте ол маған 
сүлу көрінді. Астына “Егін орағында” деп қойыпты. Аты- 
жөнімді жазыпты.
— Ой, Ертай! Сен жақсы баласың! — деп, осы кезде Бей- 
секүл екі қолымен мойнымды айқара қүшақтады да, бетімді 
шөп-шоп сүйді. Жүрегім шым ете түсті. “Апырау, осы мен 
Бейсекүлге ғашық болмасам нетті?”
<

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет