Байлар мен молданы,
Қойдай ку қамшымен
деп, үйдің маңына келген иттерді тырқыратып қуып әндетіп
жүргені. Өзі пәле деймін! Л езде-ақ біздің әніміздің бәрін
үйреніп алды. Бір жолы әжем ши барқыттан маған әдейілеп
тігіп берген сумкамды сүйретіп:
Қагаз-қалам.
Қолга сихам.
Еңбекші елге барганда,
Шам боп ж анам,—
деп әндетіп жүр екен.
Әй, бәлемді үстап алып, сыбағасын бердім-ау!
Бірақ келесі күні барлық балалар мектеп қасына жина-
лып түрғанымызда, Ержан:
— Ш аншатай, мені Ертай үрды! — демесі бар ма. — Өзі
пионер, өзі үрады.
Балалар маған жалт қарасты. Әй, сондағы үялғаным-ай!
Ержан тақылдап:
— Үрдың ғой. Қүлағымнан бүрады ң ғой. Төбемнен
шерггің ғой...
Қояр емес.
— Енді сені үрмайды, — деді Ш аншатай. — Ал бүгін
Ертай сол үшін жаза тартып, сапқа түрмайды.
Ол кезде балалардың қатарында сапқа түрмау біз үшін
ең ауыр жаза еді. Тумысымда таяқ жемей-ақ шаршы топтың
алдында жылағаным сол болар...
280
Біз бір мезгіл сапқа тұрып өлең айтсак, бір мезгіл мектепті
жөндеу жүмысына қатысатын болдық. Көлшікке барып суға
түсеміз. Су басында отырып кітап оқимыз. Бізге өте үнай-
тыны Қалмақан ағайдың “Амантайдың ауылы”.
Кешкісін, әрине, ойьш. Шаншатай үйреткен доп қуу ойы-
ны үлкен-кішімізге қаггы үнаған-ды. Ол кезде резеңке доп
бізде жоқ-ты. Сондықтан жүннен жасаймыз. Кейде арасына
тас салсақ, таяқпен соққанда тіптен зымырап үшады.
Біздің бүл ойынымызға кәдімгідей жігіт боп қалған Нығ-
мет, Айымхан, шашы дудырап Күлдәріге дейін қатысатын.
Оларға іш тарлығымыз ж оқ, қайта бүл ойынға адам не-
ғүрлым көп қатысса, соғүрлым қыза түседі. Тек кейде Нығ-
мет допты кезексіз үрамын деп, ойын шырқын бүзады. Оған
“сенікі ж өнсіз” деп айтуға батпаймыз. Біріншіден, жүды-
рығы қатты. Екіншіден, “шайтан арбасы на” мінгізер деген
үміт бар әркімде. С онды қтан мүндайда сенеріміз — Ш ан-
шатай. Бірақ ол да көбіне үндемейді, неге екені белгісіз.
Нығметке Бейсекүл ғана батыл. Кезегі келгенде таяқты
оны ң қолынан жүлып алады, немесе шап етіп жармасады.
— Ү ятың ж оқ екен, түге. Әкел таяғымды!
Кейіннен байқады қ Айымхан ойынға келгенде Нығ-
мет қойдан да жуас. М омақан. О ңалбек маған бірде: “ М а-
хаббат” , — деген қулана жымиып. Ол Иманбек пен Күлдәрі
қатар түра қалса да, осы сөзді айтатын.
Бір жолы ол:
— И манбектің мысы қүры п ж ү р,— деді.
— Here?
— Мектеп жөнделіп жатыр.
— Онда не түр? О ңалбек м ырс-мырс күлді.
— М енің әпкеммен оңаш а кездесе алмай жүр. О, аңқау
басым! Анада т а я қ ж егенде К үл д әрі қай д ан can ете
түсті десем.
Тымпиып алып О ңалбек те қу-ау деймін. “Үндемеген-
нен үйдей пәле ш ығады” ,— деп әжем текке айтпаса керек.
* * *
Мен ол күні түстен кейін үйден шықпадым. Ж үмыс ба-
сы ндағы ш еш ем к ел іп , к ір -қ о ң ы м ы зд ы ж уам ы н деп,
үстім іздегі бар лы пам ы зды сы п ы ры п алды да, Ерж ан
екеумізді көрпеге орап, ж атқызып қойды.
34
Шешеміздің мінезі қатал. Оның алдында көкем де (әкем)
қ ы ң қ дей алмайды. Ал біз қоян н ы ң көжегіндей көзіміз
жәудіреп, моп-момақан боламыз да қаламыз.
Ш еш еміз келгелі бері күңкілдеп үрсып жүр. Сондағы
айтатыны:
— Зердесі жоқ мүның (онысы — мен), жалғыз киер киімін
қүртып. Елдің бүл секілді балалары тіршілік етіп жүр. (Бүл
қаш анғы айтатын сөзі. Тіпті Ержанға да соны айтады. Оған
қүлағымыз үйренген, мүның бәрі зілсіз ашу).
Келесі күні шешем таң қылаң бере, жүмысқа кетті. Әжем
біз не істесек те, беттен қ а қ п а й д ы . “ Ой, өркен дерің
өскірлер”,— деп отырғаны.
М ен ерте түрдым. Ауызғы бөлмеде тайқара қазан бар.
О ны ң ішінен не айран, не сүт арылмайды.
Түрған бетте қазанға барып қақпағы н ашып ем, бетіне
сап-сары қайм ақ түрған айран бар екен. Ж алма-жан тоста-
ғанды салып жіберіп, аузыма өкеле бергенім сол еді.
— Ертай! — деген Бейсекүлдің даусы шықты. Ышқынған
үрейлі дауыс.
Атып шықтым сыртқа. Өңі боп-боз болып Бейсекүл түр.
Қасында — Ы қсан. Онда да өң-түс жоқ.
— Ш анш атайды өл тір іп ... — деді Б ей секү л , б езгек
б олған адамдай ерні дірілдей.
— He дейсің?!
Түра жүгірдім. Бүрын Келдібай ағайдың үйінің маңы-
нан жүруден батпаушы ек. Енді сол үйдің алдына қалай
жеткенімді білмеймін.
Есік алдында Жамал апай түр екен. Өңінен үрей байқал-
майды. Бізді көріп:
— Ш аншатайға келдіндер ме? — деді. Басымызды изедік.
— Оны ағасы мана апасына әкетті.
Біз әлі түрмыз. Сүрауға тіліміз күрмелгендей.
— Қорқатын ештеңе ж оқ, — деді Жамал апай езу тар-
тып. — Байқамай қатты жығылып қапты.
Көңіліміз орнына енді түскен секілді. Мен Бейсекүлге
маразы қабақпен қарадым: “ Қашанда желөкпесің-ау осы!”
Біз бүрылып жүре бергенде, Жамал апай:
— Ертай, — деп шақырды мені — үмытып барады екем.
Ш анш атай саған бер деп еді. — Жамал апай маған үйден
газетке оралған бір бума алып шығып берді.
— Рақмет, апай!
35
— Оның тағы бір айтқаны , — деді Жамал апай, мені сәл
бөгеңкіреп, — саған Теке шалға жолығып түрсын деді. Ол
кісіні білесің бе?
— Білем.
Әншейінде Бейсекүл: “Бүл не?” — деп қолымдағыға жар-
масар еді, қазір үндемеді.
— Ж амал апай ж асы рды , — деді ол солғын үнм ен
күрсініп. — Ш анш атайды түнде үрып кеткен.
— Кім? Неге?!
— He де болса мүны Оңалбек біледі, — деді осы кезде
Ы қсан. — Ж үр, өзінен сүралық.
Оңалбек мынаны айтты:
Кеше балалар доп ойнап, өбден ымырт үйріле тарқапты.
Ең соңцарында Ш анш атай, Ы қсан, О ңалбек қана қалы п
қойы пты . Бір кезде қай дан can ете түскенін кім білсін,
ентігіп И м анбек кепті. (Ол екі күннен бері көрінбеген).
Ол келген бойда-ақ Шаншатайға:
— Анадағы сөзінді үмытқан ж оқсы ң ба? — деп сүрапты.
— Ол не?
— Бөсе, қо р қақсы ң деп ем ғой. Ол кекетіп қарқы лдап
күлген.
— Әуелі айтсаңшы.
— Молаға барам деп ең ғой.
— И ә, айттым.
— Ол сөзіңнен қайтпайсы ң ғой?
— Қайтпаймын.
— Онда, — депті Иманбек, — бүгін, батыр болсаң, бара-
сың. Ай қараңғы. Дөл дер кезі.
Ш аншатай иыгын қозғаң еткізіп:
— Ж арайды, — деп келісіпті. — Қаш ан барайын?
— Оны өзім айтам.
— Сонымен, — деді Оңалбек, — Ш аншатай мына Ы қсан
екеумізді үйге қайтары п жіберді. Өзі де үйіне кетті.
М ен үйге келіп, там ақ іш іп, ақы ры не болары н білмек
боп үйқтам ай оты рды м. Б ір а қ қалғы п кетіппін. Бір кез-
де Күлдөрі келіп оятты . “ Әй, — деді, — сен ің ана баты -
рынды жын соғып кетіп ті?” Ү й қы лы көзбен әуелі түсіне
алм ай , арты нан: “ Кім ай тты ?” — деп ем, “ И м ан б ек
кө р іп ті” , — деді.
Т ы сқа ш ы қсам , таң сарғайған екен. Ж үгіріп Келдібай
ағайдікіне келдім. А ғай к и ін іп ж үргелі түр екен. Арбада
36
Ш анш атай жатыр. Бет-аузы н ақ дәкем ен шандып байлап
тастапты. Мені көріп, ақы ры н жымиды. “ Балаларға айт-
п а й -а қ қ о й ” ,— деді. С осы н үйге келдім. Ж атсам, ү й ы қ -
тап қаппы н.
О ңалбектің м ы на бір қ а н н е н -қ а п е р с із м үлөйім сіп
түрған ы н а ж ы ны м н ы ң қозбасы бар ма. Әлгі арада түтіп
жеп жібергім кеп, кіж інген бойы үмтыла беріп ем, м енің
кейбір оқы с м інезім е с ы р қ а н ы қ өккі болған О ңалбек
Бейсекүлді тасалай берді. Осы арада Бейсекүлдің өнеубір
күні: “ Қ ит етсе, ж үды ры ғы ңды ала ж үгіресің. Өзің тағы
да пионерсің!” — деп тамам балалардың алдында қы зарт-
қан ы есіме can етті.
Қазір Оңалбекті жөбірлесем, Бейсекүлдің күні ертең бат-
титып бар баланың алдында масқараламасына кім кепіл.
Бүрынғы сөзшендігінің үстіне соңғы кезде Ш анш атайдың
мақтауымен тым есіріп кеткен сияқты . Әйтеуір, ауыздыға
сөз бермейді. Қайсарлығы өз алдына.
Оны ң үстіне Оңалбекті де аядым. Қой аузынан шөп ал-
мастың өзі. Оны үрғанда, дәл осы арада болған іс бәз қал-
пына қайта оралар ма? Босқа ренжітіп қайтем?
Сондағы бар айтқаным:
—
Н оқайсы ң ғой, ноқайсы ң. Өзіңде бір түйсік, саңлау
болса ше? Маған келіп айтсаң ғой?!..
Бармағымды тістелеп, қатты өкінгенмен амал нешік!
Көкейімді бір ғана сүрақ тесті де түрды:
“ Келер ме екен?”
Достарыңызбен бөлісу: |