Содан бері талай-талай жылдар отті. Сол кезде мойында рына ал қы зыл галстук тағып, сапқа түрып: Бір-екі, үш



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата24.11.2023
өлшемі2,12 Mb.
#125289
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
He болды бізге?
Ғашықтық үлкен-кішіге қарамайды-ау деймін. “Октябрь 
балаларын” алып оқығаннан бері онда суреті шыққан кыз- 
дардың бәріне ғашық болған сияқтымын. Әсіресе қоп-қою 
қара шашының алдын мандайына келтіріп, айналасын қүла- 
ғының үшымен түспа-түс етіп біркелкі кестірген дөңгелек 
жүзді қыз көз алдымнан кетпейді. Сан рет түсіме де кірді.
Бірақ қара басып, түндегі тәтті түсті ертесіне үмытып 
қала беремін.
47


Адамға қиял коңілді демеу үшін берілген бе деймін. 
Оңашада сол қиял тербейтін мені. Мен газеттегі сол қыздың 
суретіне қаншама тесіле қарадым, қаншама онымен бірге 
бүзауларды жайып өріске шықтым десейші! Біресе көк теңізді 
кеудемен жарып қатар жүзіп бара жатқандай боламын, біресе 
қасымдағы сол қыздан көз жазып қалам. Соны іздеп, қиян 
даланы кезіп, бар өңірді шарлап, талмаурап барып, көзімнің 
ілініп кеткенін байқамаймын.
Түс кіреді. Мен жерден іздеген қыз үлкен самолетке мініп 
алып, Солтүстік Мүзды мүхиттың үстінде қалқы п бара 
жатады. Қолымды созамын. Айғайлаймын. Ш ақырғаны- 
ма қарамайды.
Өз даусымнан өзім шошып, селк етіп оянып кетемін.
Оянганыма өкінемін.
Кеше Теке қартқа өлең айтып беріп алып келген 
газетімде сол қыз жайлы үлкен мақала шығыпты. Коп 
баланың ортасында түскен суреті басылыпты. Мақаланы 
оқып шығып, суретті коз алдыма үстап, тесіле қарап жа- 
тып, үйқтап қалыппын.
Түс көріппін. Адырлы кең дала екен деймін. Соның дәл 
ортасына жүмыртқадай аппақ киіз үйлер тігілген. Сол үйлерге 
беттеп шоғыр-шоғыр топ келеді. Көбі сай тасындай сақа 
жігіттер. Апыр-ау, мынау Теке шал ғой. Оган не жоқ! Көк 
есегін тепеңцетіп, топ арасында ол да жүр.
Үлкен ақ үй алдында суреттегі қыз түр. Үстінде үлбіреген 
ақ жібек көйлек. Бір шетте Нығметтің патефоны “Қара то- 
рғайды” сайрайды.
Осы кезде бір бала (ой, мынау Оңалбек қой!) қыздың 
алдына қаракөк түлпарды тарта берді. Ер-түрманы күмістей 
жалтырайды.
— 
Кел, Ертай, жарысайық! — дейді қы з, бота көзі 
жалт етіп.
Менің алдыма бір ат тартыла береді. Қарасам, Теке шал- 
дың тобылғы торысы. “ Е-е, маған берген екен ғой! Бүл 
үшін сізге мың өлең айтып беремін, ата!” — деймін қуанып.
Ерге қарғып міндім. Тақымымды қысып қалдым. Ат ыр- 
ғып шыға берді.
Қыз алда. Мен қуып келемін. Оның аты үшқыр екен. 
Бірден ытырыла суырылып, оза берді. “Саспа, бәлем! үзап 
кете алмассың. Бәрібір қуып жетемін!” — деймін мен.
Бүйірі қызған екі ат жүлдыздай ағады. Бірде қүйрық 
тістесіп те қалады.
48


Астымдағы атқа ризамын. Белі берік. Бірте-бірте қарқы- 
ны да күшейіп, төрт аяқты көсіле, түйдектете тастайды.
Қызбен үзеңгі қағысып қатарласа бергенде, маған жалт 
қарап сыңғырлай күлді. “Апыр-ау, мынау Назым ғой!”
Осы кезде танауыма шаң кіргендей басымды кекжитіп 
кәне түшкір.
— Аштфу!
Біреу сықылықтап күледі. Көзімді ашып алсам, Бейсекүл. 
Қасында — Оңалбек.
— Аштфу! — Танауым жыбырлап, тағы да түшкірдім.
Оянып кеттім. Түстің нағыз қы зы қ жерінде оятқан-
дарына Бейсекүл мен Оңалбекке ж ақтырмай қарадым. 
Ыза буынып:
— He керек? — дедім ашуланып. Бүрылып қайта жат- 
пақшы болып ем, Бейсекүл жүлқылап:
— Түске дейін бүл не жатыс? Жүр жылдам, Келдібай 
ағай шақырып жатыр,— деді.
Аң-таңмын. Шаншатай келгенше біздермен онша көп 
сойлеспейтін (мүмкін, козіне ілмеген болар) директорымыз 
енді өзі әдейі шақыртқанына неге таң қалмассың!
Орнымнан үшып түрдым.
— Here шақырды, ө?
— Білмейміз.
Сыртқа шықсам, күн арқан бойы көтеріліпті. Мен әлі 
күн батпаған екен десем, келесі күн түске тақапты. “ Here 
оятпады екен?” Есіме шешемнің кеше қос басына кеткені 
түсті. “Е-е, қамқор әжем екен гой оятпаган”.
Директор мектептің қасында түр екен. Үзын бойлы, кең 
мандайлы, иықты кісі.
Қасында бірнеше бала түр. Іштерінде Ықсан, Ныгмет бар. 
Бойшаң деген Нығметтің өзі директордың иығынан әрең- 
әрең келеді екен.
— Ертай, бері кел! — деп, директор мені қасына шақыр- 
ды. — Шаншатайдың сөлемдемесін алдың ба?
— Алдым. Коп рақмет.
Кеше біз қағазбен ораған буманы ашып көргенбіз. Ішінде 
бірнеше кітап бар екен. Бейсекүл, Ықсан бас салып алып 
қойған. Біреуін Оңалбекке бергем. Өзіме қалғаны Сәбит 
Мүқанов алғысөз жазған “Батырлар жыры” еді. Оны мен 
шүберекпен орап, әжемнің абдырасына салғанмын.
Ашық жатса, біреу үстап кетуі мүмкін. Ол кезде “Батыр-
ПХ-4


лар жырын” үлкен-кіші қолдан-қолға түрғызбайтын. Және 
үй ішін ақтарып, тіміскілеп жүретін Ержаннъщ қолына тисе, 
ертең-ақ жүні жүлынған тауықтай түтіліп шыға келуі созсіз. 
Қимас достың белгісін сақтай білмесем, несіне адаммын!
— Ағай, — дедім мен қысыла сөйлеп, — Шаншатай қай- 
тып келе ме?
— Мор апасы жіберсе, келеді.
— Ол кісі қайда түрады? Алыс па?
— Сүлутөрде.
— Онда жақын ғой, — дедім мен, тобесіне оркеш-оркеш 
ақ бүлттар ілінген тауға қарап.
Келдібай ағай басын шайқады. Мені маңцайымнан си- 
пап:
Ол алыста, — деді. — Қордай жақта да Сүлутөр деген 
жер бар.
Менің қабағым түсіп, ақырын күрсініп қойдым. Сол 
Сүлутөр біздің Мерке жақтағы Сүлутөр болмағанына қатты 
қынжыламын.
— Қапаланба, әлі талай кездесесіңцер. Саған берген хаты 
бар, — дейді Келдібай ағай. Төс қалтасынан бүктелген қағаз- 
ды суырып маған үсынды.
Келдібай ағайдың даусы қаггы шыққанын естіген емеспін. 
Қашан да жайымен асықпай сөйлейді. Бірақ соның өзінде 
біздің қүлағымызға оның даусы ызғардай суық болып естілетін. 
Мүмкін, “бастық адамның қауары қатгы болады, қатал бола- 
ды” деген сөз жасымыздан миымызға әбден сіңген бе, кім 
білсін. Ал бүгін оның даусы аса мейірімді боп естілді маған.
Қағаздың бүктеуін жазып, жалма-жан оқи бастап ем, 
манадан директордан именіп түрған Бейсекүл, оның жүмсақ 
жүзін көріп, менің қасыма жетіп келді.
— Шаншатай бәрімізге ортақ. Әкелші бері! — деп, хатты 
қолымнан жүлып алмасы бар ма.
Мүндай қызды кім көрген десейші! Түк имену жоқ өзінде. 
Талассаң, шіңкілдеп бет бақтырмайды. Оқталсаң, жүлқыла- 
суға да дайын. Нағыз қызыл шоқ бүл пәле.
Екі бетім ду етіп, қызарып кеттім. Келдібай ағайдың 
козінше жармасуға бола ма.
Келдібай ағай байқамағансып, жүзін екеумізден бүрып 
окетті. Қасында түрған Нығметке бірдеңелер айтып жатты. 
Осы сотті пайдаланып, Келдібай ағайдың көзін ала бере, 
Бейсскүлге жүдырығымды көрсеттім. Ол тілін шығарып,
so


танауын көтерді. “Қап, мына қызды-ай! Осының да суретін 
салып, газетке жібердім-ау. Оңбаймын өзім!”
Мүны көрген балалар үндерін шығармай, мырс-мырс 
күлді.
Бейсекүл хатты өуелі күбірлеп ішінен оқып шықты да, 
сонан соң қағазды төбесіне көтеріп, айғай салды:
— Алақай! Мына хатты бәрімізге жазыпты. Ықсан, сені 
де, Оңалбек сені де айтыпты. Күзге келе алмасам, қысқы он 
бес күндікте сөзсіз келемін, депті. Хат жазып түрамьш депті.
— Кбне, кәне...
— Көрсетші!
— Бері әкелші! — Балалар Бейсекүлді қоршаласты. Хат 
қолдан-қолға жүгірді. Шыдай алмадым.
— Әкелші бері! — деп, бір кезде мен де жармастым.
Хатты қарындашпен асығыс жазыпты. Айтқандары
жаңағы, тек хат соңында: “Ертай, сурет салуды тастама. 
Қарындаштан гөрі бояумен салып үйрен. Менің қагаздарым 
мен бояуымды ағаның үйінен ал. Ол кісілерден үялма. Ба- 
рып түр. Досың Ш аншатай”, — депті. Хатының ең соңын- 
да: “Шайтаннан қорықпандар! Шайтан жоқ!” — деген сөз 
бар екен.
Бейсекүл, дегенмен, жетесіз емес. Бүл сөздерді айғайлап 
жар салған жоқ. Оны оқуды менің өзіме қалдырса керек.
Келдібай ағай бізді неліктен шақыртқанын айтты:
— Оқу басталатын күн ж ақын. Оған дейін сендерге 
пионерлік бір тапсырма бергім келеді. Қалай, орындай- 
сындар ма?
Пионерлік тапсырма дегенді Келдібай ағайдың аузынан 
алғаш естуіміз. Көбіне: “ Қоғамдық тапсырма”, — дегенге 
қүлағымыз үйір.
— Орындаймыз! — деп шу еттік.
— Өзіміз де солай ойлаған едік, — деді Келдібай ағай 
жымиып. — Шаншатай сендерді бекерге мақтамаған екен.
Бүл сөзге қоразданып қалдық. Бір-бірімізге: “ Көрдің 
бе” дегендей көзімізді қысып, иегімізді қағамыз. Жымың- 
жымың етеміз.
Келдібай ағай бізге бір-бірден кішкентай кітапша үлестіріп 
берді. Бүл — Совет Одағы Конституциясының жобасы бо- 
латын. Соны, үйді-үйге бөлініп, ата-әже, әке-шешелерге оқып 
беруіміз керек.
— Сендерді мына Нығмет басқарады, — деді Келдібай
51


ағай. — Асықпай, күніне бір-екі беттей оқындар. Сүрақта- 
рын жазып алындар. Сонан соң Ныгметке әкеліп беріндер. 
Түсіндіндер ме?
— Түсіндік.
Нығмет біздің тізімімізді алды. Үйді-үйге бөлді. Маған 
Қарақүл деген кісінің үйі тиді. Ол үйді жақсы білемін. 
Мүрны біздей, басы қалт-қүлт еткен сойдақ тіс арық кемпірі 
бар. Дүниеде тілі ащы. Қашан көрсең ауылды басына көтеріп, 
біреуді қарғап-сілеп, үрсып-балағатгап жүргені.
— Басқа үй болмай ма? — дедім Нығметке, қаға берісте 
езімсініп.
— Болмайды, — дейді маңғазданып.
Бүл — оның мені қасақана сол үйге бөліп өш алуы. Мүны 
сездім. Себебі соңғы бір хатын Айымханға алып бармай, 
жыртып тастағам. (Қашаңғы қүлагымды бүрата бермекпін).
Қарақүлдың үйіне кешке жақын бармақ болдым. Ол кезде 
жүртжүмыстан қайтады. Үйлерінде болады.
Балалар үйді-үйлеріне тарқасты. Қос ағаштың түбінде, 
бір қарасам, Оңалбек екеуміз ғана түрмыз.
— Жүр, ашымал ішесің бе? — деді ол. Оңалбектің үйінде 
жүгерінің жармасынан жасаған, айран қатқан ашымал 
үзілмейді. Оны айтқанда тамағым қүрғап, ернім кеберсіп 
кеткендей болды. Бірақ Күлдәріден батпаймын.
Күлдәрі бір айтқанын еш уақытта үмытпайды. Және со- 
нысын орындамай көңілі көншімейді. Түнеугүнгіден бері 
ол мені андып келеді. Мен қолына түспей келемін. Қазір 
ашымал ішуте барып, денемді кегерткім келмейді. Оның 
қолы қатты, шымшыған жерін ойып түседі.
Күлдәрі былайша салақ болғанымен, алақаны ашық. 
Көңілі түссе, үйдегінің бәрін алдыңа жайып тастайды.
— Жүр! — Оңалбек жеңімнен тартқылайды. Осындай но- 
қай болар ма? Күлдәрінің менде тісі барын үмытып кетсе 
керек.
Кешегісі анау. Көзімді бақырайтып қойып, өз істегенін мой- 
ындамады. Ойыны деуге келмейді. Бедірейіп отырып алды ғой.
Өкпелейін десең, оны да білетін адамға салық ету керек. 
Ренжі не, ренжіме не — бәрібір. Түсініп жатқан ол жоқ.
Ашымалдың қышкылтым дәмі аузыма келіп, жүтынып 
қоямын. Кешеден нәр татпағаным есіме түсіп, қарным енді 
шүрылдағандай.
— Жүр! — деді Оңалбек тағы да.
52


— Өзің бар. Мен күте түрайын.
— Үйде ешкім жоқ. Жүрсейші!
— Күлдәрі қайда?
— Бригадир жүмысқа қуып кетті.
— Онда, жүр! — дедім көңілім жайланып.
Осы Оңалбектен өнер шығып келеді. Мүнда да сасық 
қулық болады деп кім ойлаған. Кішкентай терезесін тас 
қып бітеп қойған қара көлеңке үйге кіргенде, өуелі ештеңе 
көре алмадым.
— Төрге шық.
Соқыр адамдай жан-жағымды сипалап, оң жақ босаға- 
дағы ағаш тапшанға келіп отырдым.
Оңалбек төр жақ бүрыштагы ағаш күбіні пісіп-пісіп, бір 
тостаған ашымал күйып әкеліп қолыма үстатты.
Дем алмай сіміріп тастадым. Оңалбек тағы да бір тоста- 
ған қүйып өкелді. Шертіп ашып түрған ашымал кекірік 
атгырып, шүрқыраған қарным тоғайып қалды.
Екінші тостағанды бір-екі үрттап, дем алып, қоңыр сал- 
қын үйде желпініп қана отырмын. Ойымда дәнеңе жоқ.
— Терезені ашайын ба? — деді Оңалбек.
— Аздап саңылау жасап қой.
Терезеден күннің сәулесі жіп-жіңішке болып созылып 
менің бетіме түсті. Осыны күткендей мүрныма келіп бір 
көк шыбын қона қалды. Шапалақпен салып жібердім. Жа- 
ңғалақтық осы емес пе, шыбын үшып кетті. Өз мүрным- 
ды өзім сипаладым да қалдым. Сол қолымдағы тостаған 
шайқалып кетіп, бір қасықтай ашымал жерге төгілді.
— Берген дәмді неге төгесің?
Түпкі бөлменің есігінің алдында шашы дудырап, был- 
шықтанған көзін уқалап, керіліп-есінеп Күлдөрі түр.
Мен тостағанды тапшанның үстіне қоя салып, есікке 
үмтылдым. Сөйткенше, быртиған толық денесіне қарамай, 
Күлдәрі келіп желкемнен бүрді. Уысын жіберместен 
дедектетіп тапшанға қайта әкеп отырғызды.
— Табалдырықтан аттап үйге кірген адамға тимеймін. 
Ата-бабамыздың салты ол. Қас дүшпаны болса да, күтіп 
алады. Өзің жаман састың-ау, ә? Ха-ха-ха...
Күлдәрі дарылдап кеп күлді.
— Ашымалыңды тауысып іш. Отыр. Әй, Оңалбек, нан 
тура. — Қасыма келіп өзі де отырды. Дастарқан жайылды. 
Қазанға қақтаған қатырма нан туралды.
— Же, же! — деп, төніп отырса, тамағыңнан ас өтер ме.
53


Көзімнің астымен аларып Оңалбекке қараймын. Оған қашан 
біткен бүл әдет? Бедірейіп мелшие қапты.
— Сен жақсылап тойып ал, — дейді Күлдәрі. — Тамақты 
көп ішкен адам күшті болады. Ауырмайды. Ата-бабамыз 
“Ac түрған жерге ауру түрмайды”, — деп бекерге айтпаған.
Қашаннан бүйтіп ділмар боп алганын білмеймін. Менің 
ойымша, осы үйдің жандары сөзге жоқ әлжуаз. Түрмыста- 
ры да жүдеу, жүтаң. Жан баққан бір пенделер. Айбат шегері 
осы Күлдөрі болуға керек еді.
Жо-о, мен танымай барам бүларды!
— Ата-бабамыз “жамандыққа — жақсылық, қастыққа — 
достық, зүлымдыққа — ізгілік” деп өсиет еткен. “ От 
бермегенді ас беріп үялт”, — дейді, үқтың ба? Сен қагыңғыр 
менің анада қолымды қыршып алып, көгертіп қойдың. Оны 
үмытты дейсің бе? Үмытқам жоқ. Оның орайын бір қайта- 
рамын, есіңде болсын. Ал қазір саған тимеймін. Мына 
жетпегірге жалынып-жалпайып жатып сені өдейі шақырт- 
тым. Осылардың ішінде сенің ғана етің тірі. Сен ана 
Келдібайдың інісімен дос болдың ғой, ө? Соны соққыға 
жыққан Иманбек. Осында екі-үш жігітті үйымдастырып, 
молаға алдап апарып соқты. Оны мен мына көзіммен көрдім. 
Here үрды дейсің бе? Онысын білмеймін. Бірақ Иманбекті 
біреу әдейі айдап салып отыр. Иманбек маған бір уыс ақша 
керсетгі. Тентіреген немеге оны кім берді? Көрдің бе?! Иман- 
бекке сенбе. Ол қу, сүм, нағыз алаяқтың өзі. Сен де сақ 
бол. Саған да тісін қайрап жүр. Үқтың ба?
Менде үн жоқ. Ойым сапырылысып кеггі. Тізілген кіл 
сүрақтар. Қайсысына жауап берерімді білмеймін. Себебі, бәрі 
маған жүмбақ.
Ойым дал. Иманбектің Шаншатайға өшігуіне себеп не? 
Анада тоспа басында таяқ жегені ме? Оған өзі кінөлі ғой. 
Шаншатай мені қорғады. Сол үшін қолы тиді.
Талай рет төбелесіп жүрдік. Соның бәрін кек түтсақ, 
қайсыбірін еске сақтамақсың?
Кейіннен екеуі татуласып кеткен сияқты еді ғой? Ж оқ, 
мүнда басқа бір гәп бар. “Айдап салатын біреу бар”, — деді 
ғой Күлдәрі. Ол кім? Ауылға бір келіп кеткен жас бала 
кімнің егініне түсіп үлгірді, соншама өштесерлік? М үның 
сыры теренде. Оған мен жете алмаймын. Сонда кіммен 
ақылдассам екен? Келдібай ағаймен бе? Ж о-о, ол кісіні 
мазалауым үят. Қап, осындайда Шаншатай болса, әттең!
54


Иманбекке көп ақшаны кім берді? Бүл да жүмбақ. 
Күлдәрі білсе айтар еді ғой. Айтпақшы, Күлдөрі мүның 
бәрін неге айтты, ә?
— Иманбек алдап кетіпті. Әпкем соған күйіп-пісіп жа- 
рылғалы отыр. Қызық, ә? — деп, сыртқа шыққанымызда 
Оңалбек басын шайқап-шайқап қойды.
“Е-е, гәп осында екен ғой!” — дедім іштей, бір сүрақтың 
жауабы шешілгеніне қуанып.
— Ал, енді қайда барамыз? — дедім мен Оңалбекке.
Бүрын мүндайда мектептің жөндеуіне көмектесетінбіз.
Қазір оның іші-сырты әктеліп, іші даңғырап түр.
— Суға түселік, — деді Оңалбек мүләйімсіп. Соңғы кез- 
де тоғанға баргым келмейтін бір әдет пайда болған. Шыжы- 
ған ыстықта ғана амалсыз баратынмын. Онда да бірер ғана 
сүңгитінмін.
Бір ғажабы, кейінгі кезде тоғанды ешкім бүзбайтын бол- 
ды. Тыр жалаңаш кішкентай балалар болмаса, мүнда келуге 
ересектер жалыққан сияқты.
— Бармаймын,— деп мен ашығын айттым.
— Ендеше газет алып келейік.
Онысы — Теке қарттың үйіне шақырғаны. “Октябрь ба- 
лалары” бүгін де, ертең де келмейтінін білемін.
Here екені белгісіз, көз алдыма манағы көрген түсім қайта 
оралды. Мүның неге есте қалғанына таңым бар. Суреттегі 
қыздың Назым болғаны қалай? Оятып жібермесе, қуып же- 
тер ме едім, ә?
Тәтті бір қиял көңілімді қытықтап, жібектей сипап өтті.
Көз алдыма Назым келді. Мөлтілдеген көзі қиыла қарай 
ма, қалай?
— Ертай, ол қыз тым әйбәт, ә? — деп, Оңалбек тәггі бір 
сезімді тағы да бүзып жіберді.
— Кімді айтасың?
— Назым, — деді Оңалбек, еріксіз бір күрсініп. “Апыр- 
ау, не болды бізге?”


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет