“Бас жарылса — бөрік ішінде, қол сынса — жең ішінде”
деген аталарымыз. Менің емханада жатқаным сөз болып па.
Ертең-ақ мүның бәрі қолдың кіріндей шайылып үмыт бола-
ды. Түнде молаға барсам, сендерге дүниеде ешбір шайтан мен
жынның жоқ екенін дәлелдеу еді. Сол мақсатыма жеттім бе
немесе жаңылыс басып көңідцеріне қаяу салдым ба? Білмеймін.
Бірақ менің ең бір қуанатыным — дүниеге жаңарған жаңа
бір адам келіп бізбен бірге сапқа түрды. Ол адасқан еді,
тура жолға түсті. Енді ол бүл жолдан ешқашан да таймайды.
Міне, осы үшін таяқ жеуге де болады. Күресуге де бола-
ды. Берік саптың қатарына адамның қосылуы — үлкен
жеңіс. Өмірдегі бақыт, міне, осында”,— Шаншатай осылай
деп сөйлеп түрган секілді.
Ол да ат үстінде. Ол да қол бүлгап: “ Кел, жарысайық!” —
деп түрғандай.
Көңілім өсіп, жүрегім лүп-лүп соғады. Осы әсер үстінде
шешем үйге кіріп, төрдегі абдыраны ашты да, ішінен су
жаңа киімдер алып:
— Мә, ки! — деді.— Сыртта достарың күтіп түр. Есік
алдында Оңалбек, Ықсан, Бейсекүл, Назым, Иманбек, тағы
басқа балалар түр екен.
— Ой, Ертай, сүйінші! — деп, Бейсекүл бір газетті
төбесінен жоғары бүлғап айғай салды. Балалар маған көрме-
ге қойылған заттай таңырқай қарап, қоршалап алған.
— Суретің “Октябрь балаларына” шығыпты. Қүттық-
таймын! — деді Назым қолымды алып. Басқа балалар да
қолымды қысып жатыр.
— Кәне, көрейінші!
Суретте — м асақ терген Бейсекүл. Суретте ол маған
сүлу көрінді. Астына “Егін орағында” деп қойыпты. Аты-
жөнімді жазыпты.
— Ой, Ертай! Сен жақсы баласың! — деп, осы кезде Бей-
секүл екі қолымен мойнымды айқара қүшақтады да, бетімді
шөп-шоп сүйді. Жүрегім шым ете түсті. “Апырау, осы мен
Бейсекүлге ғашық болмасам нетті?”
<
Достарыңызбен бөлісу: