Ойламаган жерден
Бригадирдің баласы Ықсан Шаншатай кеткелі көрінбеді
ғой. Менің қасымда ылғи Оңалбек жүреді. Бірде Бейсекүл
көрінеді. Сонда, мені біреу мақтаса, іші күйетін Ықсаны-
мыз қайда жүр? Азғана ауылдың ішінде онан кез жазып
қалғанымыз ба?
Аспанды торлаған бүлт, ақыры, дегеніне жеткендей, әуелі
шүмектеп қүйып-күйып алды да, артынан сіркіреп жауып
түрып алды. Оңалбек пен Бейсекүлден жасырып жасаған
байлауым: Мешітбайдың үйін кешкісін тору болатын. Оны-
ма жаңбыр кесел болып, үйде жіпсіз байланып жатқанмын.
Далада еркін сайран салып ойнамаған соң, үйде отырып
кітап оқу, не сурет салу көңілінді жадыратпайтын секілді.
Еңсенді бірдеңе басып түрады.
Жамал апай Шаншатайдың ақ қағаздары мен бояуларын
беріп жіберген екен, кешелі бері бір сурет салмақ боп әлек-
тенсем де, ештеңе шықпады. Оның үстіне Ержан біресе қағаз-
ды алып қашып, біресе қаламды алып қашып, біресе бояу-
ды түрткілеп, әбден мазалады. Радио орнатқан күні “Қызыл
бүрышқа” кіргізбегенімнің өшін алып жүр.
Шынын айтсам, сурет салуға да зауқым жоқ секілді. “Ок-
тябрь балаларынан” ешбір хабар жоқ. Салған суретімді Шан-
шатай жіберген болса (ол екі айтпайды, оған сенемін) ендігі
бір хат келуге тиіс еді. Мүмісін, салғандарымды жаратпаған
болар. Бос әурешілік шығар мүным? Теке қартқа барып,
газет әкелуге де қүлықсызбын.
65
28-5
Апыр-ау, соншама не болды маған?
Осындай күйде отырғанымда, асып-сасып Ықсан келді.
— Сен білесің бе? — деді үйге кірген бойда. — Шанша-
тайды үрған Иманбектер екен.
— Білем.
— Білсең, Иманбекті неге соқпадың? Еһ, тағы да Шан-
шатайдың досымын дейсің-ау.
— Өзің ше?
— Мен бүрын білсем, әрине, соғар ем. Таяқ жесем де,
соғар ем, — деді Ықсан кіжініп. Танауын бір тартып койды.
— Әлі де кеш емес, — дедім мен.
— Кеш, — деді ЬІқсан, сылқ етіп отыра кетіп. — Әлгінде
Иманбекті милиция келіп, ауданға алып кетті.
— Алып кетті?
— Иә.
— Көрсеткен кім екен?
— Білмеймін.
— Шаншатай болар?
— Жоқ, ол емес.
— Оны қайдан білесің?
— Білмегенде ше!? Шаншатайды кеше ғана мына козіммен
көрдім. Қасында дәл осылай отырып сәйлестім.
— He сандырақтап отырсың?
Сөйтсе, Ы қсанды шешесі киім -кеш ек сатып алуға
Меркедегі базарға апарыпты. Сол базарда Ықсан Жамал
апайға кездеседі. Шаншатайдың емханада жатқанын біледі.
Бірге еріп, емханаға барады. Сонда Шаншатайға жолығады.
Ықсанды ішке кіргізбеген. Ол терезеден сөйлеседі.
— Басын қатты бір затпен соғыпты. Қозғалтпайды екен.
“Әлі де үзағырақ жататын түрім бар” деді. Сендерге сәлем
айтгы.
Мен ойға қалдым: “Келдібай ағай оны” емханада жатқа-
нын неге жасырды?”
— Келдібай ағай саған берген хатты Ш аншатай басқа
балаға жаздырыпты. Әуелде оған ешкімді кіргізбейді екен.
Сөйлесуге де тыйым салыпты. “ Б осқа өуре болмасын,
ағаға жасыртқан менмін. Ертай ренжімесін. Жазылған соң,
өзім хабар беремін” деді. Мені де көп сөйлестірмеді. Көріп
қойы п, қуып ш ықты. Ол И м анбекті кінәлаған жоқ.
“ Біреулерді” айдап салуы болар. Қ ам қорлы ққа алсаңцар,
түзелетін бала” деді. “Ертай сурет сала берсін” деді. “Бри-
66
гаданы үмытпасын, барып түрсын, газет шығарсын, ойын
көрсетіңдер” деді. Атап тапсырды.
Шаншатайдан хабар алғаныма қуандым. Бірақ оның
сәлемдемесі мені қатты ойға қалдырды.
Бүрын жаз шыгысымен, шашылған тарыдай басымыз
бірікпейтін. Біріміз ойда, біріміз қырда дегендей, тентіреуді
ғана білетінбіз. Жүмысқа қуып, бүйідей тиіп әкіреңдеген
бригадирден жасырынып қалғанымызға мәз болушы едік.
Жазғы демалыста біздің қолымыздан пайдалы іс келеді деу
үғымымызға сыймайтын.
Ойда жоқ жерде келе қалған тәмпіш кара бала өбден
сүрлеу болған біздің бүрынғы өдетімізді лездің арасында
өзгертті. Біздің қолымыздан пайдалы іс келетінін, біздің де
жаз күндері басымыз бірігетінін ойын екеш ойынды да ой-
най білсек, онда да бір мақсат барын көрсетті. Бойымызда
бүғып жатқан өнерімізді ашып, өз күшімізге өзімізді
сендірткен еді.
Біздің де игі мақсат үшін күрес қолымыздан келетінін
білдік. Қос басында шығарған жедел газетіміз де, қойған
ойынымыз да, күнде ертеңгісін барабан қағып, can түзеп,
өн айтып көшеде жүруіміз де бір жағынан бойымызда қан-
шама күш-қуат барын басқаларға көрсетсе, екінші жагынан
өзіміздің де санамыз өсіп, көңіліміз марқая түсті.
Бөрік теппек, асық, ләңгі ойындарынан өзіміз де жерініп,
доп қуу ойнына қүмартқанымыздың өзінде сол тәмпіш қара-
ның әсер-ықпалы бар емес пе. Кешкісін алқа-қотан отырып
алып, оның айтқан әңгімелерін тындағанда баяғының жез
тырнағы, қара дәуі, мыстан кемпірлері өз алдына адыра
қалып, біздің кәз алдымызда бүгінгінің батырлары түрушы
еді ғой. Сол әңгіме әсері емес пе, біздің келесі күндері
“Қызыл” мен “А қ” боп ойнайтынымыз Аманкелді, Чапай
болуға таласатынымыз.
Енді ойлап түрсам, біз сол ойындарымызбен қызу күрес-
ке араласыппыз. Біз көре білмегенді тәмпіш қара көрген екен.
Өз еркіміз өзімізге тиген жазғы демалыс түрм ақ,
оқудың нағыз қызу кездерінде кейбіріміз ата-анамыз жел-
келемесе, сарсылып отырып кітап оқушы ма ек. Оқулық-
тардан басқа кітаптар мен газет-журналдарға мойнымыз
жар бермеуші еді ғой.
Енді қарасақ, біреудің қолынан кітап не журнал көрсек,
таласатын болдық. Оқуға қүныққанымыз сонша, “Амантай-
67
дың ауылын” талай рет жарыса оқыдық. Өтебай ағайдың
“ Қарлығашын” жаггап алдық. Әттең, тек кітап жоқ. Әйтпе-
се, аранымыздың ашылғаны соншама, бір жазда талайын
қылқыр ек.
Ал соңца бүрын бізге кітап оқы деп ешкім айтпады дейсің
бе? Әкеміз базарлап қайтқанда соңғы тиынға “Саңлаусыз
болма, үлым”,— деп кітап әкеп бермеуші ме еді. Бірақ соны
тесіле оқимыз ба? Ертең қажет болар деп қүнттаппыз ба?
Өлең кітап болмаса, қара сөзбен жазылгандарын оқымаушы
едік қой?
Енді біз лезде қалайш а кітапқүм ар бола қалдық?
Кітапты оқығанда шәрбат ішкендей неліктен қүмары-
мыз қанбайды? Осының бәріне желіктірген тәмпіш қара-
ның сиқыры бар ма?
Оны білу үшін, ш іркін, бір кеште біздің қасымызда
отырып Ш анш атайдың әңгім есін тыңдасаң. Күндізгі
оқы ған кітабыңа қайтадан жан бітіп, тастап кеткен
беттердегі табигат бар өсем көркімен алдында түрады-ау.
Жансыз жапырақтар сыбдыр қағып, жапырылған шалғын
бой көтеріп, иіле майысып тербелген орман, болмаса, дала-
ның сыбызғы сырлы үні қүлағыңа келіп, бойынды балқы-
тар әсерге шомасың.
Келесі күні сол кітапты бастан аяқ тесіле қайта оқисың.
Қазір ойлап түрсам, Шаншатайдың өңгімесі біздің жаңа
фильм көргеніміздей екен. Осы күні жазушының шығарма-
сына қойылған жақсы фильмді көргенде, үйге келіп сол
шығарманы тағы да оқимыз ғой. Сан оқыған шығармаң
енді саған жаңа бір қырымен көрініп, өсер етпей ме?
Мені ойға қалдырған осылар еді. Байқасам, сол бір елтіп
әкеткен жақсы өнеге, жақсы істерді іле жөнелмеппіз. Тағы
да тарьщай шашырап, бүрынғы өуенімізге басқан корінеміз.
Шаншатайды көбірек еске алғанмен, кейде онымен кеңес-
кенмен, мүның бәрі кер-жер, үсак-түйек екен. Айтқан
сөлемдемесінде үлкен мән, терең сыр жатқандай қалың
кештен сырылып қалып барады екенбіз:
— Жүр! — дедім мен, орнымнан үшып түрып.
Қызылқүрдағы егін орылып біткен. Біздің ауылға ора-
луымыз да сондықтан болатын. Қазір колхозшылардың ай-
налдырғаны — ауылдың етек жағындағы қара жолдың ас-
тында жатқан қызылша егістігі.
Оның басында ешқандай қос жоқ. Колхозшылар үйлерінен
68
барып-келіп түрады. Мынандай ақ жауында жүмысқа кім
шықты дейсің. Кешелі бері Қарақүлдың үйіне күндізден
барып кітапшаны оқып тамамдағам.
Бір қызығы, кара кемпір мені көрсе, үндемейді.
Оңалбек кеше де, бүгін де ертеңгісін келіп, босағаға
сүйеніп түрып-түрып кеткен. Оған салса, осындай жауында
су-су болып ойнай береді. Ал оған менің зауқым соқпаған.
Бейсекүл де бір соғушы еді. Шамасы, өзіне бір қызық іс
тапқан болуга керек, қарасын көрсетпейді.
Назымды көргелі бері газеггегі қызға қүмартуым көмескі
тартты. Атагы бүкіл елге өйгілі болған алыстағы ол қыз
мені қайтсін. Қасымдағы Назымды көбірек ойлаймын. Бірақ
ол жаққа баруға жолым кесілгендей. Жүрттың лақабынан
гөрі, балалардың мазағынан қорқамын. Бейсекүлдің аузын-
да сөз түрмайтыны белгілі. Бірде болмаса, бірде айтады.
Меніңше қызға сену қиын ғой, бәрі де бір қалыптан шық-
қандай. Былтыр осында Сүйімхан мен Түрғынбайды “Қыз
Жібек пен Төлеген” деп келемеждеп, ит терісін бастарына
қаптағандары бар. Ақыры, Сүйімхан шыдай алмай басқа
мектепке кетіп қалуға мәжбүр болды.
Кеше “Октябрь балаларын” сыртга ойнап жүрген Ержан
әкелді. Шамасы, Теке қарт көк есегін тепеңдетіп өткен бо-
луға керек. Шіркін, оның да мандайында бес елі ырысы бар
екен. Назымдай немересі, тобылғы торы жүйрігі түрғанда,
оны кім “Жаман шал” демек. Маңдайымнан күніне жүз
шерткізер ем, сол аггың үстіне бір мінсем.
Ықсанды ертіп мен колхоз кеңсесіне келдім. Қазіргідей
кеңсе ол кезде қайда? Үзыннан-үзақ созылған ат қораның
бір жағын кеңсеге бөлген. Жазда шатырына қарлығаштар үя
салып, шырылдай үшып жүреді. Кірсең, атгың қиының иісі
қолқанды қабады. Еденнің шаңы шығып жатады. Кеңсе бо-
лар еш сиқы жоқ. Сонда да жүрт осында отырып жүмыс
істейді. Қысы-жазы адам арылмайды.
Біз келсек, қараңғы тар коридорында қүжынаған халық.
Үш-төрт есікте дамыл жоқ, бір ашылып, бір жабылады.
Іздегенім — бригадир. Онымен көдімгідей сөйлеспекпін.
Ойлап алған іш есебім бар.
Біз сығылысып жүрттың арасынан өтіп келеміз.
—
Мына өдіре қалғырларға не жоқ? — деп қалды бір
өйел. Кимелегенде, шынтағымыз қатты тисе керек...
Бір есікті аштым. Шатырлатып есеп-шот қаққан адам-
69
дар. Екіншісін аштым. Мүнда да алдарына жуан-жуан пап-
ка үйіп қойып, есеп-шот қаққандар.
Үшінші есікті ашып қалғанымда...
Шегіншектей беріп едім...
— Мүнда кел, Ертай, — деп, Келдібай ағай шақырды.
Төргі стоддың басында шашы аппақ ат жақты, кесек
мүрын, үстіне жайылма жаға қара гимнастерка киген бір
адам отыр. Оның алдындағы орындықта — Келдібай ағай.
Оган қарама-қарсы күнқағары былғарыдай жылтыраған
қоқырайтып фуражка киген қара сүр жігіт.
— Төрлетіңцер, балалар! — деп төрдегі кісі қолын созып
ишарат жасады.— Бүлар да сіздің пионерлеріңіз ғой? —
Мойнын Келдібай ағайға бүрды.
— Иә, — деді Келдібай ағай.
— Үйымш ылдығы үнайды , — деді төрдегі кісі жы-
м иы п.— А л...— Келдібай ағай оны ң сөзін бөлді:
— Ондай-ондай ханның қызында да болады деген емес
пе? Інішек бір жолға кешірім етер... Бүдан былай қайталан-
байды. Солай ғой, Ертай?
— Дәл солай! — қызыл өскер қүсап тік түра қалдым.
Біреулер сыңғырлап күлді. Жалт қарасам, Бейсекүл мен
Назым. Есік жақ қабырғаға қойылған үзын орындықта отыр.
Ауыздарын басып күледі. Орындықтың екінші шетінде басы
төмен салбырап, жүні жығылған түлкідей боп сөлбірейген
Иманбек отыр.
Мен әуелі бригадирге жолығып, сонан соң Келдібай
ағайға бармақшы болып жүргенімде, алдымнан орап кетіпті.
Бүлардың неліктен жиналғаны санама енді-енді жеткен-
дей. Жауындатып Келдібай ағайдың бүл жүрісі ішімді
елжіретті. “Мен ноқай дәнеңе білмейді екем ғой...”
— Енді не істейміз, жігітім? — деп, ақ шашты кісі қара
сүр жігітке қарады,— Ауылдық кеңеске, мына пионерлер-
ге бір жолға сенерсің. Қалай, ә? Кешірім ете аласындар ма?
Бастықтарыңа өзім жолығамын.
Түксиген қара сүр жігіттің реңі жіпсіп:
— Айтқандарыңыз болсын, ағасы,— деді.
— Рақмет. Аулымызды үятқа қалдырмадың, жігіт
екенсің! — төрдегі кісі орнынан түрып, жігіттің, қолын
қы сып жатыр. Келдібай ағай да жүзі жадырап қолын
сілкіледі.
Бәріміз сыртқа шыққанда, Иманбек Келдібай ағайға:
70
— Ж ақсылығыңызды үмытпаймын, аға, — деді жы-
ламсырап.
— Алғысынды мыналарға айт, — деді директор бізді
көрсетіп. — Білер болсаң, нағыз достарың осылар.
Достарыңызбен бөлісу: |