Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата31.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#10710
1   2   3   4   5   6

Айтақын БҰЛҒАҚОВ,

«Заң газеті»

АлМАТы ОБлыСы



№114 (2892)

14 қазан 2016

3

zangazet@mail.ru



Екіншіден, малдың басым көпшілігі 

ауыл маңына шоғырланған. Үшіншіден, 

малдың дені ұсақ әрі қосалқы шаруашы­

лықта болғандықтан шалғай жайылым­

дық тарға шығаруға мүмкіндік жоқ. 

Мәсе лен, уақыттың бәрі барып­қайта­

тын жолға кетіп, мал толыққанды жайы­

ла алмайды. Төртіншіден, ауылдық 

округтер есебіндегі яғни, акционерлік 

қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі 

серіктестіктер, шаруа қожалықтары, 

орман су шаруашылықтары еншісіндегі 

жайылымдық жерлер заңнамалық негізі 

болмағандықтан қолданысқа енбей 

отыр.

Жаңа құжаттарда осы түйткілді мә­



се  лелерді шешудің 4 басты бағыты бел­

гіленіп, тиісті құқықтық тетіктермен 

қам тамасыз  етілді.  Олар  негізінен 

жайылым дарды реттеу, ұйымдастыру, 

жоспарлау және басқару шараларын 

қамтиды. Мәселен, Үкіметтің, уәкілетті 

органның, облыс, аудан, ауыл әкім­

дерінің, мәслихаттардың, құзыреттері 

белгіленді. Уәкілетті органға өңірлердің 

табиғи ерекшеліктеріне сай мал басын 

ұстап­бағу өлшемдерін жасап, бекіту 

құзыреті беріліп отыр. Яғни, Жексенбай 

Қартабайұлының айтуынша, жайы­

лымдарды реттеу және басқару жүйесі 

құрылады. Ол ауылдық және аудандық 

атқарушы органдар жергілікті өзін­өзі 

басқару ұйымымен бірге барлық аудан, 

ауылдық округтерге қарасты жайылым 

қорына мониторинг жасап, жоспар 

түзеді. Бұл құжатта мал бағылатын ал­

қап тар көлемі, құнарлылығы, мал басы 

саны, олардың орналасу тығыздығы, 

бос жатқан жайылымдар ауқымы негіз­

ге алынатын болады. Депутаттың ай­

туынша, мұндай жүйе шаруашылық 

нысандарын кооперативтер құруға ын­

таландырып, пайдаланылмай жатқан 

жайылымдықтарды қолданысқа енгізіп, 

елімізде мал шаруашылығын тиімді 

дамытады.

ҚОҒАМ

ЖАҢА ҚҰЖАТ АУЫЛДАҒЫ ЕЛДІҢ 



ҚАЖЕТТІЛІГІН ДӨП БАСЫП ОТЫР

Бүгінгінің бас тақырыбы

Аймақтағы  мүдделер тепе­теңдігін  ұстап 

тұруға жол ашатын АҚШ­пен ынтымақтастық бас­

ты  басымдықтардың  бірі  болып  отыр.  Бұл 

Елбасының былтырғы жылдың қыркүйек айында 

Нью­Йорк қаласында америкалық бизнестің же­

текші өкілдерімен кездесуінде айқындалды. 

Сыртқы істер министрлігі экономикалық бағыт ­

тағы  құзырлы  орындармен,  бизнес  қауым­

дастықпен біріге отырып, өзінің дәстүрлі әріптес­

терімен қатар Латын Америкасы және Африка ел­

деріндегі жаңа серіктестері арқылы сауда­инвес­

тициялық ынтымақтастықтың тың мүмкіндіктерін 

іздеуде. Осылар жайлы баяндай келе министр 

мырза жалпы сырттан инвестицияның іркіліссіз 

келуі тек қана сыртқы саясатқа ғана емес, елдегі 

экономикалық тетіктерге байланысты екеніне на­

зар аудартты. Бұл ретте бастысы салық пен кеден­

дік әкімшілендірудің озық жүйесі, ұлттық заңна­

ма лардың тиімділігі, инфрақұрылымның қолай лы­

лығы айрықша маңызға ие. Өйткені, сырттан ке­

летін инвестор өз бизнесінің кедергісіз жүргізілуі­

не, одан табыс табуына, ол табыстың қорғалуына 

сенімді болуы керек. 

Өз кезегінде сөз алған Мәжілістің Халықаралық 

істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің 

төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл істегі негізгі 

рөлдің «Kaznextinvest» АҚ­на тиесілі екенін атап 

көрсетті. Бұл ұйым жұмысының негізгі нәтижесі 

бүгінде халықаралық деңгейдегі кездесулер, фо­

румдар өткізіп, солардың негізінде меморандум­

дарға қол қойдырудан ғана көрініп отыр. Депутат 

осы ретте Еуразиялық Экономикалық Одақ ел­

дерінде отандық өндірушілер мүддесін қорғауда 

елеулі кедергілер барлығын, олар үшін көп жағдай­

да бұл елдерге тауар жеткізген кезде қосымша құн 

салығын қайтару үлкен қиындық тудыратынын 

айта келіп, «Kaznextinvest» АҚ осы мәселелерді 

шешумен айналысса деген ұсынысын жеткізді.

Сонымен қатар, Мәулен Сағатханұлының 

пікірінше, Қазақстанның экономикалық мүдде­

лерін жүзеге асыру үшін парламенттік дипломатия­

ны, ынтымақтастық ұйымдар ресурсын, депутат­

тар арасындағы ресми және бейресми қатынас­

тарды да кеңінен пайдалану қажет.

Сөз алған депутаттар өзге елдермен жасалатын 

келісімдердің тиімді шарттарға негізделуі, олардың 

екі жақты орындалуы, дер кезінде ратификацияла­

нып, жүзеге асырылуының қадағалануы, сырттан 

келіп жатқан инвестициялардың мақсатқа сай 

игерілуі, үкіметаралық комиссиялардың тиімді 

жұмыс істеуі жөнінде пікір қосты. 

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,

«Заң газеті»

Иә, жанармайдың қымбаттауы жақсылықтың 

нышаны еместігін білу үшін сарапшы болу мін­

детті емес. Оның соңы тауарлардың, азық­

түліктің, түрлі қызметтердің өсуіне алып келетіні 

бесенеден белгілі. Күнара болсын бекетке бір 

соқпай тұрмайтын көліктілер ғана емес, жалпы 

жұрттың бензин бағасы өссе беймаза күйге 

түсетіні сондықтан. 

Олай  болатындай  да  жөні  бар.  Себебі, 

алғашқы «жаңғырығы» естіліп те үлгерді. Бұл 

арада негізгі мәселе дизель отынына байланысты 

туындап отыр. Бір қызығы, осы отын түрінің 

бағасы АИ­92 маркалы бензин құнын басып 

озды. Жаңа айтып өткен «Роял Петройл» жанар­

жағармай құю бекеттерінде соңғы 3­4 күнде 3­4 

рет құбылған дизельді отын бағасы соңында 138 

теңгеге бір­ақ жетіп жығылды. Басқасы да 

жетісіп тұрған жоқ. Енді Алматы қаласындағы 

жолаушы тасымалдаушылардан маза қашуда. 

Шаһар көшелеріндегі қоғамдық көліктің 

барлығы газбен жүретін экологиялық жағынан 

таза делінетін әлгі көк автобустарға ауыстыры­

лып біте қойған жоқ. Көпшілігі дизель отынымен 

жүретін баяғы ескі көліктер. Ал, ол отынның 

бағасы жаңа айтқанымыздай. Содан келіп авто­

паркі ескі автобустардан тұратын тасымалдау­

шылар тағы да «тың бастама» көтеріп отыр. 

«Соңғы  кезде  дизельдің  күрт  қымбаттауы 

жағдайды тіпті ауырлатып жіберді. Жолақы ке­

мінде 210 теңге болуы тиіс деп есептедік. Ал, кей 

автопарктерде одан да жоғары болуы мүмкін», – 

ЭКОНОМИКАМЫЗҒА 

ҚҰЙЫЛҒАН 



ҚАРЖЫ ҚОМАҚТЫ

ЖОЛАҚЫ 200 ТЕҢГЕ БОЛСА, 

ЖҰРТ «ЖАЯУ МҰСАҒА» АЙНАЛМАЙ МА?!

Үкімет сағаты

Мәселе


(Соңы. Басы 1-бетте)

Депутаттың бұл оптимизмін жиын­

да депутаттар сауалына жауап берген 

Ауыл шаруашылығы вице­министрі 

Гүлмира Исаева қуаттай түсті. Оның 

айтуынша, жалпы бүгінгі таңда елімізде 

жайылымдықтардың ифрақұрылымын 

жасап, суландыру шаралары қолға алы­

нып жатыр екен. Мәселен, соңғы үш 

жыл ішінде жаздық жайылымдықтарда 

құдық қазуға 4 млрд теңгеден астам 

қар жы жұмсалып, оған 1377 құдық 

қазы  лыпты. Сонымен қатар, өздері 

құдық қазатын шопандарға жәрдемқар­

жы беріліп отыр. Оның жиырма пайы­

зын олар лизинг бағдарламасы бойын­

ша пайдалана алады. Қазірдің өзінде 

құ дық қазуға жұмсалған шығын ды өтеу 

үшін мемлекет есебінен 2 млрд теңгеден 

астам қаржы жұмсалыпты.

Вице­министр айтқан тағы бір жаңа­

лық – жайылымдар инфрақұ ры лымын 

құ руға жәрдемқаржыны кеңінен тартуға 

бағытталған арнайы бағдарлама жаса­

лып жатқандығы. Онда шопандарға ар­

нал ған вагон, баспана сатып алуға кеткен 

шығындардың 40 пайызын субсидиялау 

қарастырылады. Сөйтіп, 2020 жыл   ға 

дейін еліміздің барлық аймақ та рында 4 

мыңнан астам құдық қазылатын болады. 

Әрине, еліміздегі жайылым көлемін 

ескерсек,  бұл  шара  теңізге  тамған 

тамшыдай ғана екенін бағамдау қиын 

емес. Мұны заң жобаларын талқылау 

кезінде сөз алған депутаттар да атап 

көр сетті. Негізі депутат Қожахан Жаба­

ғиев тің айтуына қарағанда, осындай 

құ дықтарға, оларды жұмыс істетуге 

қажет шағын электр станцияларына 

қолы жетіп отырғандар ат төбеліндей 

ғана жағдайы жақсы шаруа қожалық­

тары екен. Біздің мемлекет тарапынан 

жасалып жатқан қолдаулар байды одан 

сайын байытып, кедейді кедейлендіре 

түспеуі керек. Қазіргі таңда малдың 

денін бағып отырған орта деңгейдегі 

фермерлерге айрықша қолдау жасалып, 

олардың субсидия алуына мүмкіндік 

туғызылуы тиіс. Өкінішке қарай, мұн­

дай шаруа қожалықтары бүгінде осын­

дай көмектен сырт қалып отыр. Сондық­

тан  депутаттың  айтуынша,  заңды 

қабыл  дау мен қатар оны жүзеге асыру­

дың маңызы айрықша. Өйткені, бұл 

шара басқару, ұйым дастыру жұмыста­

ры ның  жүйе лілігін,  теңгермелігін, 

тиімді лігін қажет етеді. Ол үшін өңір­

лер дегі жағдайлар, шопандардың мүм­

кіндіктері  толық қанды  зерделеніп, 

қамқорлықтың шын мұқтаж шаруа шы­

лық жүргізу ші лерге жасалғаны дұрыс.

Сөз алған депутаттардың бірқатары 

аталмыш заң жобаларына бастамашы 

болып, дайындаған әріптестерінің ба­

тыл   дығына, біліктіліктеріне разылық 

білдіріп жатты. Өйткені, жаңа құжаттар 

шын мәніндегі ауылдағы елдің қажет ті­

лігін дөп басып отыр. «Бұрын Үкімет 

де путаттарға өз діттегенін айтса, енді 

де путаттар оған өз ұстанымдарын өткі­

зіп отыр. Негізі, заң жобаларын жазуда 

осындай үрдіс сақталса, көптеген түйінді 

мәселе оңынан шешілер еді» деген Азат 

Перуашевтің пікірі шынында да орынды. 

Соңғы кездері депутаттар тарапы­

нан құзырлы орын басшылары алдында 

мәселе қоюда осындай батылдық бай қа­

лады. Бұған белгілі дәрежеде Палата 

спикері Нұрлан Нығматуллин мырзаның 

тегеуріні ықпал еткендей. Нығматул­

лин нің өзі әрбір заң жобасын талқылауға 

белсене араласып, Үкімет мүшелерінен 

әр мәселе бойынша нақты, жүйелі жау­

ап талап ететініне куә болып жүрміз. 

Осы жиында да заң жобаларын қорғаған 

министрлерге мінберде ұзақ уақыт аяқ 

талдырып, спикердің біраз сауалына 

жауап беруге тура келді. Мұндай талап 

әрине, заң жасау ісінің ширап, оның 

сапа сының артуына оң ықпал етеді деп 

ойлаймыз.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ

«Заң газеті»

(Соңы. Басы 1-бетте)

дейді Алматы қалалық тасымалдаушылар қауым­

дастығының президенті Роберт Кан. 

Сәл артқа шегініс жасасақ. Қоғамдық көлік­

тердегі жолақы құнының 50 теңгеден 80 теңгеге 

көтерілгеніне төрт жылдың жүзі ғана. Әлі есіміз­

де, сол уақытта 100 теңге болады екен деген дақ­

пырт та жүріп еді. Кейіннен оның ешқан дай да 

дақпырт еместігін, жолаушы тасымалдаушы 

компаниялар бағаны 110 теңгеге көте руді ұсын­

ғанын естідік. Тек, қалалық мәслихат мұны құп 

көрмей, жолақы құнын 80 теңге етіп бекіткен­ді. 

Жалпы, сол кезде де, қазір де айтатын сылтаула­

ры біреу, яғни, жанар­жағар май бағасының 

қымбаттауы және түрлі тұтыну тауарлары мен 

қызмет түрлері құнының көтерілуі, соның салда­

рынан автопарктердің шығынға батып жат­

қандығы...

Тағы да сол әңгіме. Алматы қаласында жолау­

шы тасымалымен айналысатын автопарк бас­

шыларының дегені болатын болса (егер), онда 

тұрғындардың төрт жыл бұрынғы жүз теңгеге 

жылап көрісетін түрі бар. Тасымалдаушыларға 

салса, автопарктері шығынға батпай халыққа 

қалыпты қызмет көрсетуі үшін жолақы құны кемі 

210 теңге болуы тиіс екен.

Жұбаныш болатыны, әзірге бұл ұсыныс қана 

және Алматы қалалық Жолаушылар тасымалы 

және автокөлік жолдары басқармасынан қолдау 

таппаған. Оның үстіне, жолақыны көтеру үшін 

тасымалдаушы компаниялар автобөлшекке, 

жала қыға, салыққа кететін бүкіл шығынын, 

кіріс­шығысын есептеп көрсетіп, дәлелдеуі ке­

рек. Яғни, мәслихатқа мұндай ұсыныс толық қан­

ды  қандай  да  бір  негізбен  жасалуы  қажет. 

Сондықтан, басқармадағылар әзірге бес компа­

ния ғана есеп­қисабының құжаттарын тапсырға­

нын, жыл соңына дейін ешқандай да баға тарифі 

көтерілмейтінін айтуда.

Көкейге күмән ұялататыны, жолақы тарифі 

көтерілмейтініне кепілдіктің жыл соңына дейін 

ғана беріліп отырғандығы. Демек, келер жылға 

кепілдік жоқ. Бәлкім, қала тұрғындарын велоси­

педпен жүруге үгіттеген экс­әкім Ахметжан Есі­

мов бірнәрсені сезді ме екен. Жолақы 200 теңге 

болса, не «Жаяу Мұса» атанасыз, не «белсе­

бетке» таңыласыз. 

Қоғамдық көліктер жайлы сөз еткенде, қала­

лық әкімдіктің қолдауымен енгізілген «Оңай» 

жүйесіне соқпай кете алмаймыз. Жаңашылдықты 

жариялаған тұста бұл жүйе қоғамдық көліктердегі 

қызмет сапасын көтеріп, жолаушылар тасымалы­

нан жекелеген қалталарға кетіп жатқан мил­

лиардта ған теңгені «көлеңкеден» шығаруға сеп 

болатынын  айтып  жар  салғаны  есте.  Қала 

тұрғындары  да  айқайшы­кондукторлардан 

құтылатынына қуанған еді. Бірақ, «Оңай» оңайға 

түспей, қуаныш ұзаққа созылмаған сыңайлы. 

Оған көз жеткізу үшін маршруттық автобустарға 

мінсеңіз, жеткілікті. Шыны керек, бұл қалалық 

әкімдікке үлкен сын. Себебі, «театр – киім ілгіш­

тен басталатыны» секілді, шаһар мәдениеті – 

қоғамдық көліктерден, ондағы қызмет сапасынан 

басталады, меніңше. Өкініштісі, әкімдік қалаіші­

лік автобустарда осыны бір ретке келтіре алмай­

ақ қойды. Жолаушыларға жекіп, зекіп, тіпті, 

жағасына жармасуға дейін баратын кондуктор­

лардың алдында жергілікті биліктің дәрменсіз 

болғаны арқаға батады. Әлде бұл арада біз біл­

мейтін себептер бар ма?! 

Жолаушымен 80 теңге үшін жаға жыртыса­

тын қоғамдық көліктердегі кондукторлар жолақы 

құны 200 теңге болса, өлтіруден де тайынбайтын 

шығар. 


Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті» 

«Бір кем дүние» ғой. Теңге тұрақта­

на бастады деп Ұлттық банк басшысы 

Ақордаға «сүйінші» сұрап барғанымен, 

мына жақтан жанар­жағармай бағасы 

шарықтап келеді. АИ­92 маркалы 

бензинінің бағасы жағынан жанармай 

құю бекеттерінің арасында «Роял 

Петройл» (132 теңге) көш бастап 

тұр. Осыдан соң, сарапшылар, тіпті 

алдағы уақытта баға 150 теңгеге дейін 

көтерілуі мүмкін деген болжам айта 

бастады. Оларға сенсек, бұл қалыпты 

жағдай көрінеді. Өйткені, Ресей 

рублінің теңгеге қатысты бағамының 

өсуі аталмыш өнім бойынша екі ел 

арасында баға айырмашылығына 

алып келеді екен. Сондықтан, 

Қазақстанға не бүгін, не ертең, бәрібір 

бензин бағасын көтеруге тура келеді­

мыс. Қала берді, көрші елдің қымбат 

жанармайы бізде оның тапшылығын 

тудыруы да ғажап емес. Алайда, 

сарапшылар мұның соңы инфляция 

деңгейінің артуымен аяқталуы мүмкін 

екенін де жасырмайды.

4

№114 (2892) 

14 қазан 2016

zangazet@mail.ru

аймақ

құқықбұзушылық 



картасының 

пайдасы көп



Е

лбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт 

жоспарының 30-қадамында: «Жергілікті атқарушы орган-

дарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті 

полиция қызметін құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттігі: 

қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы 

тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқықбұзушылыққа атымен төз-

беушілік» деп атап көрсетілген. 

Елбасының тапсырмасымен Бес 

институционалдық реформаны жү-

зеге асыруға бағытталған «100 нақты 

қадам» – Ұлт жоспарының 32-қа-

дамында «Қылмыстық құқық бұзу 

картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі 

негізінде «Қылмыстық құқық бұзу 

картасы» интернет-порталын құру 

керектігі және ол картада елімізде 

1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде 

жасалған барлық қылмыстық құқық-

бұзушылық тіркелетіні, бұл қоғамға 

ішкі істер органдары жұмысының 

тиімділігін бақылауға мүмкіндік бе-

ретіні айтылған-ды. Осы тапсырманы 

орындау аясында қазір республика-

ның барлық аймақтарында жұмыстар 

жүргізілуде. Біз осы тапсырманың 

қалай орындалып жатқандығы жөнін-

де Оңтүстік Қазақстан облыстық про-

куратурасының баспасөз қызметіне 

сұрау салған болатынбыз. Олардан 

төмендегідей жауап келді. 

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспа-

рында айтылған бұл міндетті орын-

дау  аясында  «Қылмыстық  құқық 

бұзушылықтар  картасы»  интер-

нет-порталын жасау бойынша үлкен 

дайындық жұмыстары жүргізіліп, 

алғашқы қадамдары да жасалды. Ай-

талық, Оңтүстік Қазақстан облысы 

әкімдігі мен прокуратура органдары 

бірлесіп, осы жылдың 27 қыркүйе-

гінде интернет желісінде Шымкент 

қаласының картасы орналастырыл-

ды. Облыс аумағындағы аудан ор-

талықтарында қыркүйектің 30-ынан 

бастап, ал, аудандардағы елді мекен-

дердің картасы жыл соңына дейін 

көпшілікке қолжетімді болады. 

Бұл бағдарламаны интернетке 

қосылуға  мүмкіндігі  бар  барлық 

смартфон, планшеттердің тұтынушы-

лары  көре  алады.  Ол  үшін  іздеу 

бағдарламасы  бойынша  «service.

pravstat.kz»-ті ашып қарау қажет. 

Картаның ауқымын кішірейту не-

месе үлкейту арқылы әркімнің өзіне 

қажетті аймақтағы криминогендік 

жағдаймен танысуға мүмкіндігі бар. 

Картаның мәліметтері әр 2-3 минут 

сайын жаңартылып отырады. Орын 

алған қылмыс картаға дер кезінде 

енгізіледі.

Елбасы  тапсырмасы  негізінде 

дайындалған  ақпараттық  сервис 

мемлекеттік органдармен қатар, қа-

рапайым азаматтарға да қажет. Яғни, 

кез келген азамат осы жүйеге кіріп, 

өзіне қажетті аймақтағы (көше мен 

үйлердегі) құқықбұзушылықтардың 

түрлері мен орындарын көре алады. 

Аталған картаның мүмкіндіктерін 

пайдалана отырып тұрғындар қыл-

мыстық-қауіпті аймаққа барудан бас 

тартып, туыстарының да қауіпсізді-

гін қамтамасыз етулеріне болады. 

Ал құқыққорғау органдарының осы 

карта ар қылы патрульдік, учаскелік 

қызметкерлерді дұрыс бөліп, про-

филактикалық іс-шараларды тиімді 

жүргізулеріне  кеңінен  мүмкіндік 

туып отыр».

Облыстық прокуратураның бас-

пасөз қызметіндегілер осылай дейді. 

Шынында да, тәжірибеге енгізіліп 

отырған  қылмыстық  құқық  бұзу 

картасының қарапайым азаматтар 

үшін пайдасы көп екені көрініп тұр. 

Әсіресе, бір қалаға немесе аудан 

орталығына алғаш барып отырған 

қонақтар үшін ол аймақтың қанша-

лықты қауіпті немесе қауіпсіз екенін 

әлгі картадан көріп, соған сай сақтық 

шараларын қолға алуға жағдай жа-

сайды. Тек оны халыққа түсіндіру 

жұмыстарына айрықша көңіл бөлу 

қажеттігі айтпаса да түсінікті. 

Шадияр МЕКЕНБАЙҰЛЫ,

«Заң газеті»

ОңТүсТіК ҚАзАҚсТАн ОБлысы

үлкен  қылмыстар  ұсақ  құқық 

бұзушылықтан  басталатыны  да  ес-

кер тілген.  Осы  тапсырманы  орын-

дау барысында Оңтүстік Қазақстан 

облысында ііД ЖПҚ бастамасымен 

«нөлдік төзімділік» акциясы өтті. Ак-

цияға Оңтүстік Қазақстан облыстық 

Жергілікті полиция қызметкерлерімен 

қатар, білім беру, денсаулық сақтау, 

еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, 

прокуратура органдарының, үкіметтік 

емес ұйымдардың, «нұр Отан» партия-

сының және қоғамдық құрылымдардың 

өкілдері қатысты. 

Жергілікті полицияның 1300-ден 

астам қызметкері жұмылдырылған 3 

күндік іс-шара барысында барлығы 

2703 әкімшілік құқықбұзушылық анық-

талды. Олардың ішінде тыныш тықты 

бұзған 53, қала және елдi мекендердің 

аумақтарын көрiктендiру ережелерiн 

бұзғаны үшін 254, қоғамдық орындар-

да мас күйінде жүрген 216, жекелеген 

қоғамдық орындарда темекі шеккені 

үшін 342, кәмелетке толмағандардың 

түн мезгілінде заңды өкілінсіз бейбе-

рекет жүруіне жол берген 164 азаматқа 

әкімшілік шара көрілген. 

сондай-ақ, көлік басқару барысында 

ереже бұзғандар да назардан тыс қал-

мады. Мәселен, көлік басқарып бара 

жатып, ұялы телефонмен сөйлескен 527 

жүргізушіге әкімшілік шара көрілсе, 

жылдамдықты белгіленген мөлшерден 

асыра айдаған 78, қауіпсіздік белді-

гін тақпай көлік басқарған 577, жаяу 

жүргіншілерге жол бермеген 16, рөлге 

мас күйі отырған 31 азамат анықта-

Атап өтетіні, бұл акция мүм кіндігі 

шектеулі азаматтарды қолдауға, олар-

дың  өздерін  қоғам ның  толық қанды 

мү шесі ретінде сезі нуіне жағдай туғызу 

үшін өткізілді. Осы ар қылы қаншама 

қамкөңіл жандардың жүрегіне ізгілік 

нұры құйылып, олар дың өмірге деген 

құштарлығы оянатыны белгілі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда күнгейде 

112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі 

жандар бар. Олардың 26,7 мыңының 

тірек-қимыл аппараттары бұзылған. 

8,5 мыңы арнайы жүріп-тұру құралда-

рымен (қоларбада) қозғалады. Ал, 16,4 

мың азаматтың көру және есту қабілет-

тері нашарлаған. 

Биылғы  жылдың  шілде  айын-

да  об лыстық  прокуратурада  дөңге-

лек үстел ұйымдастырылып, мүгедек 

аза маттар дың мәселесі талқыланып, 

ұсы ныс-тілектері тыңдалған болатын. 

Жиында жарымжан жандар қоларба-

дан қысылып, материалдық жағдайла-

рының мәз еместігін алға тартқан еді. 

«Екі қолға бір жұмыс таппай, тағдыр 

тау қыметін тартып жатырмыз», – деп 

көп шілігі проблемаларын ашып айтқан. 

Айтылған мәселелер аяқсыз қалмай, 

прокуратура қызметкерлерінің қадағала-

уымен біртіндеп шешімін табуда. Атал-

мыш акция соның дәлелі деуге болады. 

Жарымжан жандардың көңіліне де-

меу болған жиында облыс прокуроры 

Ибраһим Иманов сөз сөйлеп, акция 

аясында атқарылып жатқан қамқорлық 

шараларын атап өтті. 

«Акция аясында және іс-шаралар 

жоспарына сәйкес демеушілік жасаған 

облыстық  және  қалалық  маслихат-

тардың депутаттары, кәсіпкерлермен 

7 мүгедекке арналған спорттық және 

электрондық қоларбалар сатып алуға 

көмек көрсетілді. 12 спортшыдан тұра-

тын мүгедектердің волейбол командасы 

толық қажетті құралдармен жабдықтал-

ды, 4 мүгедек ноутбуктармен және 13 

жетім-мүгедек бала басқа да қажетті 

заттармен қамтамасыз етілді. Оған қоса, 

облыстық маслихат депутаты Қ.Балаби-

евтің атсалысуымен  мүмкіндігі шек-

телген 57 азамат жұмыспен қамтылды», 

– деді облыс прокуроры.   

Ибраһим Иманов, сондай-ақ, барша 

акцияға қатысушыларға алғысын біл-

діріп, демеушілік жасаған азаматтарға 

алғыс хаттар табыстады.

«Біз біргеміз!» акциясы аясында қо-

ғамдық нысандардың 403-іне пандус тар 

салынып, дыбыс және жарық беретін 44 

бағдаршам орнатылдыүлкен жолдар-

дың бойына 51 белгі, көрсеткіштер қой-

ылды. сондай-ақ, мүгедектер көліктері 

үшін 13 автотұрақ салынып, олардың 

ешбір кедергісіз баратын жеріне жетіп 

алуына жағдайлар жасалуда. Бұдан 

бөлек, жергілікті жеке кәсіпкерлермен 

42 млн теңгеге меморандумдар түзіліп, 

осы акция аясында 370 мүгедек азамат 

жұмыспен қамтылды.

Облыстық драма театрында өткен  

қайырымдылық шарасы барысында 

үш миллион теңгеден аса қаражат жи-

налып, демеушілер тарапынан төрт би 

қоларбасы Мүгедектер спорт мектебіне 

тапсырылды. 14 азаматқа медициналық 

көмек алу үшін 140 мың теңгелік сер-

тификаттар мен дәрі-дәрмектер пакеті 

тапсырылды. 

сонымен қатар, шара барысында  

мүгедек жастар би билеп,  әннен шашу 

шашты. Өз өнерлерімен көрермендердің 

ықыласына бөленді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет