6
№114 (2892)
14 қазан 2016
zangazet@maiI.ru
КЕЛБЕТ
5. «Жана – Холдинг» ЖШС (БСН 990740000178) өзінің жойылғаны
туралы хабарлайды. Барлық арыз-талаптар хабарлама жарияланған күннен
бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан
Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай а., Домалақ ана к.,
259-үй. Тел.: 8 (72636) 4-50-71.
6. «АНКОРТИКС ДИСТРИБЬЮШН Л.П.» (ANCORTICS DISTRIBUTION L.P.)
ЖШС Өкілдігі, БСН 160742009457 (Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле
ауданы, Байсерке а., Заречная к., 6-үй) өзінің жойылғаны туралы хабарлайды.
Арыз-талаптар хабарлама жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына
мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле
ауданы, Байсерке а., Заречная к., 6-үй, күзетші. Индекс: 040700.
8. Жамбыл облысы, Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуір
№177 қаулысы негізінде, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы,
Ә.Молдағұлова көшесі, №32 мекенжайында орналасқан «Қаратау қалалық
ЖАРНАМА
1996-2004 жылдарға дейін Қа-
зақстан Республикасы Жоғарғы Со-
тының қылмыстық істер алқасының
судьясы қызметін атқарған оның бұл
саладағы еңбегі лайықты бағаланып,
2004 жылдың мамыр айында Қазақстан
Республикасының «Құрмет» орденімен
марапатталды. Сонымен қатар, «Туған
жеріне туын тігуді», өскен ортасына
қамқорлық танытуды қаперінен шығар-
маған Кеңес Жексенбекұлы Қарағанды
облысы Приозерск қаласының құрметті
азаматы. Ардагер аға доғарысқа кеткен
соң да аттан түскен жоқ. Бүгінде ол
Қазақстан Республикасы Ардагер су-
дьялар кеңесінің төрағасы.
Әркімнің-ақ көкірегін өзіне сай
арман әлдилейді. Бірақ, кез келген
адамның арманға жете алмайтыны
тағы бар. Асқақ арманға жету үшін ал-
дына айқын мақсат қоя білу, осы мақ-
сатты орындау жолында пендешілік
кертартпа дағдылардан арылып,
төзімділікпен тер төгу өзін-өзі баға-
лай алатын қажырлы жандардың ғана
қолынан келмек.
Адам өмірінде кездесетін қиын-
қыс тау сәтте басты қиындық емес,
басты қиындық адамның өзі. Кез кел-
ген адам өз бойындағы пенделік осал-
дықты ысырап тастап, өзін-өзі жеңе
алуы керек. Кеңес аға Абай айтқан бес
дұшпаннан қашық жүріп, бес асыл
іске асық болған, барлық қажыр-қай-
ратын сол асқақ арманға жетуге сарқып
жұмсаған және арманына жеткен қай-
раткер.
Иә, үлкен жолды адамның өткен
өміріне зер салып қарайтын болсак,
оның иірім-иірім тұстары көп, күрделі
кезеңдерді бастан өткерген толағай
тұлғалы азамат екендігіне көз жеткі-
земіз. Кеңес ағаның сот жүйесіндегі 35
жылдық ерен еңбегі Қазақ елінің игілі-
гіне жұмсалып, мемлекеттің нығаюы на
арналды. Республиканың заң саласын-
дағы білікті, тәжірибелі маман ретінде
ол ел егемендігінің алғашқы тұстарын-
да Негізгі заң – Конституцияның қабыл-
дануына үлкен үлесін қосты.
Кеңес ағамыздың өмірлік жолы
кілең бір кілт бұрылыстардан, оқыс
өзгерістерден тұрады екен. Жиырмадан
жаңа асқан кезі еді. Бір қараған адамға
жағдайы дұрыс, Шоқпар стансасында
ауылдық кеңестің білдей хатшысы.
Әке-шешесі жанында, тұрмыстары да
жаман емес. Бірақ, іштегі жалын атқан
жастық жігер бұны байыз таптырмады.
Сөйтіп жүргенде баспасөз бетінде Қа-
зақстан Магниткасын салуға жастарды
шақырған хабарландыру шыға келсін.
Қалтаға комсомол жолдамасын төрт
бүктеп салып алып, сағым қуған сайын
дала төсін түлетуге бұл да аттанады.
Әкесі Жексенбек пен анасы Қадиша ақ
батасын беріп, ақ жол тілеп қала берді.
Әлпештеп өсірген ата-анасының батасы
жұғысты болды ма, Сарыарқаға алып
келген сол бір соқпақ кейіннен сәтті
жолға айналып, талай биіктерге көтерді.
Бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін
әдетінің арқасында құрдастарының
арасында беделді болды.
Теміртауға келген соң олардың ара-
сынан 120 адамды іріктеп Магнитогор-
скіге окуға жіберді. Оқу аяқталар тұста
осыдан 80-дей азамат қана қалды. Аз
күндік қиындыққа шыдамай ауылына
қайтып кеткен жерлестері үшін талай
жер боп ұялғаны бар болатын. Дәл сол
кезде Днепродзержинск қаласында
да қазақстандық түлектер металлург
мамандығын игеріп жатқан. Олардың
ішінде Қазақстаннын болашақ тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар
еді. Бұлардың жолы Теміртау қаласын-
да тоғысқан еді.
1960 жылдың 3 шілдесі Кеңес аға-
нын есінде мәңгі қалды. Бұл күні дәл
сағат күндізгі үште Борис Яговидов
бастаған бұлардың бригадисы Қазақс-
тан Магниткасының тұңғыш шойын
балқымасын алды. Оның ішінде жас
горновой Нұрсұлтан да бар еді.
«Мен Қазақстанның тұңғыш Прези-
денті Нұрсұлтан Әбішұлымен сол та-
рихи сәтте бірге болғанымды әрқашан
мақтан тұтамын»,– дейді Кеңекең жүзі
ерекше нұрланып.
Еліміздегі айтулы бұл оқиғаға Дін-
мұхамед Қонаевтың өзі қатысып, кұт-
тықтау сөз сөйлеп, бұларға ақ батасын
беріп, бастарына металлургтің киіз
телпегін өз қолымен кигізген болатын.
Димекеңнің кигізген қалпағы сол тоғыз
азаматққа бақ құсы болып қонды. Өз-
дері қорытып жүрген кұрышпен қоса
қайнап шынығып, олардың аттары
ел аузына ілінді. Бірі құрметті метал-
лург болып Еңбек Ері атанса, екіншісі
Жоғарғы Кеңестің депутаты, үшіншісі
қоғам қайраткері атанды. Нұрсұлтан
Әбішұлы еліміздің тұңғыш Президенті
атанып, еліміздің тарихында жаңа
бетбұрыс жасады және 20 жыл бойы
елімізді тек алға тартып, қазақ елін дү-
ние жүзіне паш етті.
Үш жыл өткен соң Кеңес ағаның
өмірінде тағы да күрт өзгеріс бол-
ды. Тағы да комсомол жолдамасымен
білімді әрі алдыңғы қатардағы жас
азамат ретінде Теміртау қаласының
социалистік меншікті ұрлауға қарсы
күрес бөлімінің (СМҰҚКБ — ОБХСС)
қызметкері болып бір-ақ шықты. Бұл
өзгеріс оның өмір жолын біржола ай-
қындап берген еді.
Онда біраз тәжірибе жинақтап көз-
ге түскен соң, бұған тағы бір ұсыныс
көлденең тартылды және анау-мынау
емес, Ішкі істер министрінің орынба-
сары, генерал Ахмет Тұмарбековтің
өзі қолқа салды. Ахметтей ағасының
меселін қайтаруға дәті бармады.
Оның үстіне, баратын жері өзінің
туып-өскен өлкесіне біртабан жақын
еді.
есінің үлкен шаңырағы – Жоғарғы
Сотқа қызметке шақырылды. Бедел-
ді-ақ орын. Бірақ, қылмысқа қарсы
майданның алғы шебінде жүріп үй-
реніп қалған Кеңес Жексенбекұлын
Жоғарғы Соттың басшылары Торғай
облысы ашылғанда үлкен сенім ар-
тып, облыс тық соттың тізгінін қо-
лына ұстады. Торғай бір жабылып,
қайта ашылғанда да Кеңес аға сол
жерден табылды. Бір кезде өзі құрған
облыстық сот тоз-тоз болып кеткен
екен, үлкен іскерлік көрсетіп шаңы-
рағын қайта көтерді.
Торғай облысынан кейін Кеңес
ағамыз Алматы облыстық сотының
төрағасы болады. Үш рет қатарынан
Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының судьясы атанды. Көпшілікке
белгілі жайт қой, сын сағатында тұрған,
ЕРДІҢ АТЫН
ЕҢБЕК ШЫҒАРАДЫ
Президент қабылдауында Конституциялық Соттың судьялары 1994.
көпжылдық тәжірибесі де көмектесті.
Қателесуге еш қақысы жоқ еді. Өйт-
кені, әр істе адам тағдыры бар болатын.
Еңбегі еленіп, мемлекеттің «Құрмет»
орденімен, тағы басқа да көптеген мем-
лекеттік медальдармен марапатталды.
Сот саласының білімді маманы,
белгілі заңгер, біртуар азамат Кеңес аға
енді, міне, көпжылғы көрген-білгенін
қағаз жүзіне түсіре бастады. Құқық
қорғау саласында және сот жүйесіне
енгізілетін реформалар жайында жү йелі
түрде газет-журналдарға мақалалар
жариялап тұрады. Әсіресе, ол кісінің
сот төрелігін атқарудағы судьяның тәу-
елсіздігі, сот төрелігіне қандай да бол-
масын тыйым салынатыны, соттардың
атқарушы билік органдарынан тәуелсіз
болуы, сот төрелігін атқаруды неғұр-
лым жоғары деңгейге көтеру, судьялар
мәртебесі мен соттардың маманданды-
рылуы, судьялардың және сот саласы
зейнеткерлерінің материалдық және
әлеуметтік қамтамасыз ету шаралары
және Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің «Қазақстан Республикасының
сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы» конституциялық заңдылық
күші бар 1995 жылғы Жарлығына және
2000 жылдың 25 желтоқсанында қабыл-
данған «Қазақстан Республикасының
сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы» конституциялық заңына өзгері-
стер мен толықтыру енгізу жөніндегі
сүбелі ұсыныстары мен ой-тұжырымда-
ры өте құнды.
Осы жылдар арасында ағамыз-
дың үш бірдей кітабы жарық көрді.
Ол еңбектерде 1955-2012 жылдар
аралығындағы қатарлас жүрген аза-
маттардың адамгершілік қырлары
баяндалып, тәуелсіз ел азаматта-
рын отансүйгіштікке, шындық пен
әділеттілікке баулиды. Кітаптарда
жазылған деректер сонау ата-баба-
ларымыздың елін, жерін қорғап, өз-
дерінің биік, таза, рухани қасиеттері
мен мәдениетін, тілін, салт-дәстүр
мен әдет-ғұрыптарын сақтаудағы ер-
ліктерін көркемдеп көрсетеді.
Саналы өмірінің ширек ғұмырын
Қазақ елінің игілігіне, оның кұқық
қорғау саласына, сот жүйесіне арнаған
ұланғайыр еңбегі, халқына адал беріл-
ген махаббаты Кеңес Жалмұханбетовтің
бейнесін өз арасынан даралап тұр.
Ж.ШӨЖЕНОВ,
Қазыбек би аудандық сотының
судьясы
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бу-
рылбайтал ауылының тумасы Кеңес ЖАЛ-
МҰХАНБЕТОВ еңбек жолын Қазақстан
Магниткасының бірінші Домна пешінде
горновой болып бастаған еді. 1968 жылы
ҚазМУ-дың заң факультетін бітірген оның
өмір жолы еліміздің құқық қорғау орган-
дарымен тікелей байланысты. Қарағанды
облысында арнаулы соттың төрағасы,
1981-1986 жылдар аралығында Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы,
Алматы қалалық әділет басқармасының
бастығы, одан Торғай облыстық сотының
төрағасы, Қазақстан Республикасы Кон-
ституциялық сотының судьясы, Алматы
облыстық сотының төрағасы қызметтерін
атқарған кейіпкеріміз өзінің еңбекқор-
лығымен, ұйымдастырушылық қабілетінің
мықтылығымен, ізденгіштігімен көпке үлгі.
қияндағы Шалғиядан (Қарағанды об-
лысы) бір-ақ шықты. Мұнда да небір
қиын істің қиюын тауып, қияметтің қыл
көпірінен талай өтті.
Осы жерде сот қызметкері ретінде
көзге көрініп, өзі қызмет атқарған
Приозерск қаласына арнайы соттың
төрағасы болып оралып, тағы да
сол жерде он шақты жыл еңбек етті.
Ол кезде Приозерск қаласы тікелей
Мәскеу ге бағынатын жабық әрі құпия
қала болатын. Қалада бар-жоғы 2-3
қазақ отбасылары болатын және
солардың ішінде жауапты қызмет
атқарған Кеңес аға ғана еді. Мұның
«Кеңес» деген атының шыққаны сол
жылдар. Екпінді алғашқы «е» әрпіне
түсіріп: «Кеңес келе жатыр!» – де-
сетін үрпиісіп. Соның бәрі қара қыл-
ды қақ жарған әділдігі мен адалдығы-
ның арқасы еді. Одан кейін Кеңес
ағамыздың еңбегі ескеріліп, сот жүй-
мейірімділігі. Бір ауыз сөзбен айтқанда,
қазақтың нағыз зиялы азаматы.
Кеңес аға – ұлын ұяға, қызын қияға
қондырған құтты шаңырақ иесі. Ұлы
Арман болса ата жолын қуған мұрагері,
бұл күнде полиция генерал-майоры.
Еліміздің Ішкі істер министрлігінде
жауапты қызмет атқарады. Немересі
Әмір де атасының жолын ұстап заңгер
болды. Немерелері Индира мен Саби-
на Дубайдағы Араб университетінің
студенттері.
Кенекең өмір бойы әділдіктің ара-
шашысы болып келеді. Оның қолынан
көпжылдық судьялық қызметінде
жылына жүздеген, мыңдаған істер өтті.
Қатардағы судья емес, қалалық, облы-
стық соттың төрағасы, Жоғарғы Соттың
тәртіптік алқасының төрағасы қызмет-
терін абыроймен атқарды. Қашанда
төрелік айтарда таразы басын тең ұста-
уға тырысты. Оған қажыр-қайраты мен
Сонымен, тағдыр енді мұны Бет-
пақтың төсіндегі жабық әрі құпия әске-
ри қала – Приозерскіден бір-ақ шығар-
ды. Жап-жас аға лейтенантқа тікелей
Мәскеуге ғана мойын ұсынатын әскери
адамдардың ортасында СМҰҚКБ тіз-
гінін тең ұстап отыру оңайға соққан
жоқ. Шендері де жоғары, шіренсе шідер
үзгендей ығай мен сығайдың арасында
адал қызмет атқарды.
1968 жыл мұның өмірінің тағы бір
жаңа парағын ашты. Сол жылы Қа-
зақ мемлекеттік университетінің заң
факультетін бітірген еді. Сондықтан,
Жоғарғы Соттың басшылары оны
білімді заңгер ретінде сот саласына
қызметке шақырған болатын. Осыдан
кейін арнайы соттың төрағасы болып
елдігін сақтап қалуға бар күшін жұм-
саған Қазақстан үшін дәл сол шақта
көрген-түйгені мол, жоғары білімді
мамандар қажет болды. Міне, сол сәтте
Кеңес ағадай сарабдал азаматтар бой
көрсетіп, мемлекет іргесінің бекуіне
септігін тигізді.
Кеңес ағамыз бұл күнде мерейлі жас
80-ге толып отыр. Бұл өмірден көргені
де, түйгені де көп. Бір кезде құрыш қай-
натып болат шыңдаса, енді бар білгенін
басқаға үйретіп, жастарды тәрбиелеу-
ден бас тартқан емес. Жоғарғы Соттың
ұжымы бұл кісіні «Біздің ақсақал»
деп ардақтайды. Кеңес ағаның азамат
ретіндегі басты ерекшелігі – қарапай-
ымдылығы, парасаттылығы мен мә-
дениеттілігі, туған-туыстарына деген
ТАРАТУ
орталық рыногы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының таратылғандығын
хабарлайды.
Барлық талап-арыздар екі ай көлемінде мына мекенжай бойынша
қабылданады: «Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл
облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы, 1-үй.
10. Жалағаш Селолық тұтыну кооперативі, БСН 991240005906, өз қызметін
тоқтататынын хабарлайды. Жарияланған уақыттан бастап 2 мерзімде таратуға
байланысты ұсыныстарды Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш
кенті, Желтоқсан көшесі № 9 ғимаратта қабылдайды.
11. «ДВС Менеджмент» ЖШС өзінің таратылатыны хабарлайды. Талап-
шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына
мекенжайда қабылданады: ҚР, Алматы қ., Райымбек даңғылы, 245 Г үй, 39-пәтер.
13. «Қызылорда Тау Мекен» қоғамдық қоры (БСН 090540013828) – өзінің
таратылатындығы туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру
жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Қоңырбаев көшесі, 47 а.
14. «Ұлық-Ырыс» ЖШС (БСН 130340022999) – өзінің таратылатындығы туралы
хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап
2 ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Қазақстан Республикасы,
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Желек ауылы, Мақұлбек Рүстемов, 46.
15. «Қазалы – Ломбард» ЖШС (БСН 130640001789) өзінің таратылатынын
хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап
екі ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Қызылорда облысы,
Қазалы қаласы, Қазалы ауданы, Блакбаев көшесі, № 22-үй.
25. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы шұғыл түрде
басқаруға хұқылы Коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорын «Мұнайшы
Спорткешені», БСН 020740003260, өзінің ерікті түрде таратылатыны туралы
хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап
екі ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: ҚР, Атырау қаласы,
Әуезов көшесі, 28а.