Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте)


– Жігіттерді әскерге қабылдауда



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата15.03.2017
өлшемі3,84 Mb.
#9355
1   2   3   4   5   6

– Жігіттерді әскерге қабылдауда 

психолог мамандардың қаншалықты 

көмегі тиюде?

– Әрине, психолог мамандардың 

жастарды әскер қатарына іріктеу кезін­

де маңызы өте зор. Қазіргі таңда олар 

жастардың психологиялық жағда йын, 

яғни, бойындағы, мінез­құлқын дағы 

өзгеріс немесе ауытқуды, сондай­ақ, 

кәсіби­психологиялық  мінезін  «Ақ 

сұңқар»  универсалдық  психодиаг­

нос тикалық кешенді базасы бойынша 

анықтауда. Әрбір азаматтың психо ло­

гиялық, психикалық саулығы маңызды 

болғандықтан, арнайы мамандардың 

көмегіне жүгіну тиімді болып отыр.



– «Әр жігіт әскери борышын өзі­

нің облысында өтеуі тиіс, сонда әлім­

жет тік оқиғалары болмайды» дей тін 

пі кірлер бар. Сіздің бұған қа тыс ты 

көз қарасыңызды білсек дейміз... 

– Әрбір ер­азамат өз өлкесін туып­

өскеннен бастап біледі. Туып­өскен 

аймағының  тау­тасы  жақсы  таныс. 

Дегенмен, тек өз өңірінде әскери бо­

рышын өтегені дұрыс дейтін пікірлер­

мен келісу қиын. Мысалы, Кеңес Одағы 

кезінде ер­азаматтарымыз шекара асып, 

мүлдем басқа мемлекетке барып әскери 

міндетін атқарды. Қазақстанның қай 

қиыры болсын өз еліміз – біздің біртұтас  

мем ле кетіміз. Ал, жастарға өздері көр­

меген аймағын көрсету арқылы үлкен 

тәрбие беруге болады. Олар ел мен 

жерді көріп қана қайтпайды, сонымен 

қатар, рухани тұрғыдан өсіп, есейеді. 

Мәселен,  жақында  ғана  Қазақстан 

Рес публикасының Мемлекеттік күзет 

қызметіне «Айбын» Президенттік пол­

кі» әскери бөлімінің командирі Т.Сар­

секеевтің атынан алғысхат келген бола­

тын. Онда Отан алдындағы борышын 

абыроймен  атқарып  жүрген  біздің 

жер лесіміз М.Каресовтың же тіс тіктері 

туралы жазылған. Бұл жер ле сі міздің 

Отанына, халқына, еліне, жеріне деген 

сүйіспеншілігін  және  отбасындағы 

өнегелі тәрбиесін көрсе те ді. Меніңше, 

Қазіргі күні қазақстандық армия қатарында өзінің қасиетті 

борышын абыроймен атқарып жүрген 8 мыңнан аса нәзік 

жанды бар. Қарулы Күштерде ерлерден қалыспай қызмет 

етіп жүрген арулардың құрметіне Қорғаныс министрлігі 

«Батыр арулар» байқауын жыл сайын жариялауды дәстүрге 

ай налдырған. Биыл да қазақстандықтар үздік 12 батыр ару­

ды таңдау мүмкіндігіне ие болды. 1 сәуірде «Батыр арулар» 

байқауының қатысушыларына онлайн дауыс беру бастал­

ды. Дауыс беру Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz 

ресми сайтында өткізілуде. Және ол мамырдың 31­іне дейін 

жалғасады. Қазақстандағы қыз­келіншектердің әскери қыз­

метін насихаттауда байқаудың маңызы зор. 

«Батыр арулар» байқауы – бұл қоғам үшін жақсы резо­

нанс туғызған әйел әскери қызметшілер арасындағы тұңғыш 

республикалық байқау. Бұл тұрғыда «Батыр арулар – 2015» 

байқауының жеңімпазы, аға лейтенант Әлия Хайрулина: 

«Әскери қызмет – мен үшін мәртебе және мақтаныш сезімі, 

біз ерлермен бірге иық теңестіре отырып өмірімізді Отанға 

қызмет етуге сарп еттік. Мен бұл байқаудың ұйымдастырылып, 

өткізілуіне мұрындық болған Қорғаныс министрлігінің басшы­

лығына шексіз алғысымды білдіремін. Аталмыш байқау бізге 

қарым­қабілетіміз бен кәсіпке деген ықыласымызды көрсетуге 

жақсы мүмкіндік берді», –  дейді.

 Байқаудың шарты бойынша бақ сынаушылар өздеріне 

жүктелген тапсырмаларды сәтті орындайтынын және далалық 

жағдайларда жауынгерлік айла­тәсілдер мен сабақтарды өт­

кізе алатынын, яғни, қарым­қабілеттерін дәлелдеуі тиіс. Өт кен 

жылғы байқау жеңімпазы, сержант Ботагөз Мұсаева да қаты­

сушыларға өзінің: «Аталмыш байқау мен үшін маңызды болды. 

Бұл – басқа байқаулардан ерекшеленетін әскери қызметшілер 

арасындағы бірден­бір конкурс. Осынау байқауда мен тәжірибе 

жинақтап,  дене  даярлығымның  қандай  деңгейде  екенін 

аңғардым. Мен барлық қатысушыларға сәттілік және жеңіс 

тілеймін», – деген ақжарма тілегін білдірді.  

Байқаудың басты міндеті – еліміздегі қыз­келіншектердің 

әскери қызметінің оң имиджін қалыптастыру, сондай­ақ, әскери 

кәсіптің беделін арттыру. Тұңғыш байқаудың қатысушылары 

әртүрлі кедергілерді еңсерді, дене даярлығын көрсетті, далалық 

жағдайларда жауынгерлік айла­тәсілдер мен жаттығуларды 

орындады. Жеңімпаздар «аман қалу курсымен» қарқынды 

жауынгерлік даярлықтан өтті, олар танк астында жатты, па­

рашюттен секірді және оқ атты. Әскери қызметшілер ұдайы 

әзірлікте екенін және оларға жүктелген тапсырмаларды сәтті 

орындайтынын дәлелдеді.

Бұл – мәселенің бір жағы ғана. 

Өйткені, біз ылғи да әс кер мәсе­

лесінде осы тұсты шиыр лай мыз. 

Екінші қырына бой ла ғымыз кел­

мейді. Мысалы, бүгінде әскери 

қызмет ету мерзімі бар­жоғы 

бір­ақ жылды құрайды. Алайда, 

сол аз уа қыт тың өзіне ата­аналар 

бала ларын тап бір соғысқа кетіп 

бара жатқандай шығарып сала­

ды. Санаулы уақытта соқталдай 

азаматтың  артынан  жолдың 

ұзақтығына қарамай артынып­

тартынып келіп­кететіндер тағы 

бар. Бұлай деп отырғанымыз, 

шектен тыс өбектеудің салдары 

– Отан қорғар жігіттерді босбел­

беулікке ұрындыруда. Мұны мо­

йындаған жөн. 

Психолог  Әсем  Сүлей ме­

нова ның айтуынша, әскерге аза­

мат  Отанды  қорғауға  дайын 

бо лып келуі керек. Ал, шын мә­

нінде азамат дайын болып келе 

ме десек, өкінішке қарай, көп 

жағдайда сенім ақталмайтын 

кө рінеді. Әрине, мұны ата­ана, 

орта тәрбиесінен бөліп қарай 

алмаймыз. Мысалы, баласының 

мінез­құлқын, физиологиялық, 

психологиялық жағынан қандай 

мүмкіндігі  барын  ата­анадан 

ар тық ешкім білмейді. Бала мек­

тепте немесе достарының ара­

сында қандай? Мұның бәрі ата­

ана назарынан тыс қалмауы тиіс. 

Өкінішке қарай, ата­аналар көп 

жағдайда балаларының әскерге 

барып тәрбиеленіп қайтуын ой­

лайды. 


Әрқайсысымызда  балалар 

әскерге  барып  шыңдалсын, 

үй ренсін деген түсінік қалып­

тас қан.  Психологтар  мұның 

тү бе гейлі  қате  екенін  айта­

ды. Өйткені, бозбала әскерге 

дайын күйде, яғни, Отанды қор­

ғайтындай, мойнына үлкен жа­

уапкершілік алатындай болып 

келуі керек. Құдай бетін ары 

қылсын, әрине, дегенмен, «жа­

ман айтпай жақсы жоқ», төтенше 

жағдай бола қалса кімге сенім 

артамыз?  Сондықтан, ер­аза­

маттарымызды қатаң тәртіпке 

тәрбиелеген абзал. 

Қарапайым мысал, ата­ана 

18 жыл дұрыс тәрбие бере ал­

ма ған баланы әскер қалай бір 

жылдың ішінде болаттай шың дап 

жібермек? Ақылға сыймайды. 

Кәмелеттік жасқа толған балаға 

ата­ана үнемі «ер­азамат болдың, 

елді қорғайсың, се нім ді ақтарыңа 

шүбәміз жоқ, бар үмітіміз сен­

де» деген жігерлі сөз дерімен дем 

беріп отырса нұр үстіне нұр. Яғни, 

әскерде алатын тәрбиенің әліппесі 

отбасынан басталуы тиіс.

Психологтардың пікірінше, 

ата­аналар баласының ержет­

кенін  сезінуі  және  оларға  да 

сезіндіруі  керек.  Себебі,  жа­

уынгер кішкен тай бала емес, 

оның  мойны на  Отанның  жа­

уапкершілігі  жүк теліп  отыр. 

Олардың сол мін детті түйсінуіне 

ата­аналар ық пал еткені жөн. 

Тәрбие отбасынан басталады. 

Жігітті жігітше тәрбиелеу ке­

рек. Өйткені, ерке лік пен жігер­

сіздікті өмір көтер мейді. Қазір 

ақпараттық  тех нологияның 

дамыған заманы. Көбісінің есіл­

дерті қалта телефоны, компью­

тер, әлеуметтік желі лерде екені 

ащы шындық. Отан, ел жайлы 

түсініктер аз. 

Ата­аналардың балаларына 

«оқуға түспесең ақылы оқисың, 

әскерге бармасаң әскери билет са­

тып ала саламыз» деген сықылды 

ер­азамат бәріне дайын болуы тиіс. 

Сондықтан, мен психо ло гия лық тұрғы­

дан әскери міндетін бас қа аймаққа ба­

рып өтеу оңтайлы деп ойлаймын.



– Сіздің ойыңызша, әскерге бара­

тын жастар ең алдымен нені ескеруі 

керек?

– Ең алдымен, жастар өздерінің дене 

дайындығына және білім деңгейіне аса 

назар аударуы керек. Өйткені, әскер 

қа тарына шақырылу үшін денсаулық 

жағдайы мен білім деңгейіне, сондай­

ақ, отбасылық жағдайына баса назар 

аударылады. Сол себепті жергі лік ті 

әскери басқару органдарының лауа­

зымды тұлғаларымен (әскери қыз мет­

керлер) алдын ала кешенді іс­шаралар 

жүргізіледі.



– Ал, ата­аналар ше, ұлдарын әс­

керге шығарып салғанда нені білуі 

керек?

– Қазақстан Республикасының әс­

кери доктринасы кәсіби армия құруды 

мақсат етіп, әлеуметтік жоғары стан­

дартқа сай болуға күш салып келеді. 

Әскер қатарында қызмет атқару – нағыз 

ер­азаматтың міндеті. Қазақстан Рес­

публикасы  Қарулы  Күштері,  басқа 

да  әскери  құрылымдарына  әскерге 

шақырылған азаматтар: киім­кешек, 

әскери құрал­жабдықтар және төрт 

мезгіл тамақпен мемлекет тарапынан 

қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 

ұлдарының  әскер  қатарында  ержү­

рек тілікке, батылдыққа, биік адам гер­

шілікке, шыдамдылыққа және патрио­

тизмге  тәрбиеленетінін  ата­аналар 

жақсы білуі керек. Және кәмелеттік 

жасқа толған баланы ата­анасы «ер­аза­

мат болдың, елді қорғайсың, мойныңа 

міндет  жүктелді,  сенімді  ақтарыңа 

кү мә нім жоқ, бар үмітіміз сенде» деп 

үкі леп, ұлы сапарға үлкен дайындықпен 

жіберуі керек.



– Әскерге келген жастың атқа­

ра тын қызметі қалай бөлінеді? Бір 

жылда не оқып үйренеді?

– Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз 

мемлекет атанып, төрткіл дүниемен 

тереземіз теңескен бүгінгідей шақта 

Қазақстан Республикасының Қарулы 

Күштері де өсіп­жетілді. Қорғанымыз 

мықты болу үшін ел қорғайтын бола­

шақ  ұрпақ  саналы  да  сапалы  білім 

алуы керек. Бұл ретте елімізде барлық 

жағ дайлар жасалған. Ең алдымен әскер 

қатарына шақырылған азаматтар бөлім 

командирлерімен зерделенеді. Жауын­

герлер физиологиялық мүмкіндігіне, 

қабілетіне  қарай  іріктеледі.  Нақты 

айт қанда, олардың білімі, денсаулық, 

психо логиялық жағдайлары және жеке 

қасиеттері сараланады. Соның нәти­

жесінде әскер қатарында атқаратын 

қызметтері белгіленеді. Әрі олар әскери 

өмірдің қыр­сырына тез үйренеді.



– Әскери борышын өтеген соң, 

осы салада қызметке қалғысы келе­

тіндер көп пе?

– Әскери борышын өтеп келгеннен 

кейін келісімшарт негізінде әскери 

қызметке қалғысы келетін жастар саны 

қазіргі таңда артуда. Себебі, келісімшарт 

бойынша әскери қызметке қабылданған 

азаматтар жалақысын тұрақты алады. 

Сонымен бірге оларды лауазымына 

және шеніне қарай тұрғын үймен қам­

тамасыз ету көзделген. Бұл бағытта 

от басы құрамына қарай үйді жалға алу 

ақысы мемлекет тарапынан төленеді 

және  қысқы,  жазғы  киім­кешекпен 

тегін қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік­

материалдық тұрғыда қамтамасыз ету 

үшін әскери қызметкерлердің бала ларын 

кезектен тыс балабақшаға орналастыру, 

отбасы құрамына тегін дәрігерлік көмек 

көрсету мәселелері шешілген.

–  Әскер  шынымен  жігіттерді 

шың дап, тәртіпке үйрете ме?

– Елімізге бойына ата­баба лары­

мыздың  ел  мен  жерге  деген  сүйіс­

пен шілік қасиеті дарыған, егеменді 

елі мізге аянбай қызмет ететін, ой­өрісі 

кең, алғыр да жүректі, сауатты да сала­

уатты азаматтар қажет. Армия – үлкен 

тәрбие мектебі. Себебі, ол ең алдымен 

төзімділікке, тиянақтылыққа үйретеді, 

сонымен қатар, әскер ер­азаматтарды 

темірдей тәртіпке, қырағылыққа, басты­

сы, жауапкершілікке тәрбиелейді.



– Бізде әскерге деген жағымды 

көз қарас қалыптаспаған, бұл ненің 

сал дары? 

– Себебі, біз кез келген нәрсенің 

жақсы жағын емес, жаман жағын кө­

руге бейімбіз. Мәселен, бұқаралық 

ақ парат құралдары сенсация іздей­

ді. Керісінше, олар жігіттердің Отан 

алдындағы борышын өтеуі басты мін­

деттері екенін неге насихаттамайды? 

Бізде, негізі, жас ұрпақты Отанға, елге, 

жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, 

бойына сіңіріп, қалыптастыру халық 

тәрбиесінде жетекші орын алады. Қо­

ғамда болып жатқан оқиғаларды жа­

сыру да мүмкін емес. Дегенмен де, 

қа зіргі таңда Қазақстан Республикасы 

Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру, 

әскери қызметті насихаттау, Қазақстан 

әскерлерінің оң беделін айыру үшін, біз, 

жергілікті әскери басқару органдары, 

аянбай қызмет етудеміз. 



– ҚР Отан қорғаушылар күні қар­

саңындағы тілегіңіз...

– Ел халқын ұлы мерекемен құт тық­

таймын. Отанымыздың тыныштығын 

сақтап, тәуелсіздігіміздің берік қалқаны, 

ұйытқысы болып отырған азаматтарға 

мықты денсаулық, еңбекте табыс, қыз­

меттерін абыроймен атқаруды тілеймін.

– Әңгімеңізге үлкен рақмет.

Руслан НИЕТАЛИЕВ, 

Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

«БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТУ – 

 МЕРЕЙЛІ МӘРТЕБЕ»

Байқау


Мәселе

«БАТЫР АРУЛАР» 

БАҚ  СЫНАСУДА

ӘСКЕРДЕН СЫПЫРҒЫШ ЕМЕС,  ҚАРУ ҰСТАП 

ҚАЙТҚАНЫҢ ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ



Жасыратыны жоқ, соңғы кездері әскерге бару, яғни, 

әрбір жастың Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу 

мәселесіне атүсті қарайтынын жиі байқап жүрміз. Әскерге 

деген құрмет сезімі жоқтың қасы. Керісінше, бойы мыз да бір 

қорқыныш, үрей бар. Ел аман, жұрт тыныш та ата­ аналар мен 

жастардың, жалпы, көпшіліктің қор қы нышқа бой алдыруы­

на не түрткі? Бозбалалар әскерде шың далудан, ата­аналар 

ұлының әскерге баруынан неге сескенеді? Бұған бұқаралық 

ақпарат құралдарында үнемі сөз болатын әлімжеттік, әскерде 

орын алып жатқан өлім­жітімнің әсер еткені даусыз.

әңгімелерге құлақтарын үй ре­

тетіні де өтірік емес. Оңай жол­

дарға ұмтылдырудың түбі жақ­

сылыққа әкелмесі тағы анық. 

Біздегі басты кемшілік – ата­

ана  барлық  жауапкершілікті 

өз  мойнына  алып,  баланың 

барлық  проблемасын  өздері 

ше шу ге  тырысады.  Мысалы, 

«оқуға түсе алмасаң, өзің шеше 

алатын  мынадай  жолы  бар», 

«денсаулығың жарайды, Отан 

алдындағы борышыңды өтеп 

кел», «талпынсаң жетесің» деген 

тәрбие кез келген ата­ананың 

не гізгі ұстанымы болуы шарт. 

Бала ны еркіндік пен жауапкерші­

лікке үйрету маңызды екенін 

тілге тиек еткен Ә.Сүлейменова: 

«Қынжылатының, ата­аналар ба­

ласымен сөйлескенде «қиналып 

жүрсің бе, ұрды ма, тамағың 

тоқ па?» деген секілді сұрақтар 

қояды. Бұлай еткен дұрыс емес. 

Егер ата­ана баласына «жарай­

сың, Отан алдындағы боры шың­

ды өтеудесің, біз сені мақтан 

тұтамыз, бәріне төз, хабарласа 

берме, қызметіңді жақсы атқар» 

десе, азаматтың да жауапкер­

шілігі артар еді. Оқушы кезіміз­

де бізге мұғалімдер «ата­анаңа 

айтам» десе қорқатын едік қой.  

Қазір, керісінше, мұғалімдер 

қор қатын болды. Әскерде де сол 

сияқты. Жауынгерлерді демалыс 

күні түстен кейін ұйықтатамыз. 

Тренинг жүргіземіз. Әскердегі 

жағ дайлары жақсы. Сақадай сай 

тұру үшін тәртіп керек», – дейді.

Әскерге барып келген жауын­

гер лер үшін басты қиындық – 

ер кін діктің  шектелуі.  Мыса­

лы,  олар  әскерге  дейін  еркін 

жүріп­тұрып  үйренген.  Ал, 

әс кер де  олай  емес.  Ротадағы 

60  адам  бірдей,  бір  мезгілде 

тұрып  жуынып,  бір  уақытта 

тамақ ішеді. Тұрғысы келген 

уа қыт та  тұрып,  ұйықтағысы 

кел генде ұйықтап үйренгендер 

мұндай тәртіпті көтере алмай­

тын көрінеді. Қалаған тағамын 

қалаған уақытында жей алмай­

ды.  Осыған  шыдамайтын  да 

жігіттер бар. Тәртіп бәріне бір­

дей.  Саппен  жүреді.  Жастар 

тәр тіпке, уақытпен жүріп­тұруға 

көндікпесе, батыр бабамыз Ба­

уыржан айтқандай, олар қайтіп 

«Белдескеннің белін сындырып, 

тірескеннің тізесін бүктірмек?»

Әскери қызметкерлер бүгінде 

бұрынғыдай, яғни, екі жылдық 

әскердегідей әлімжеттік, ұрып­

соғу  жағдайлары  жоқтығын, 

бар лық  жерде  бейнебақылау 

камералары орнатылғанын ай­

тады.  Жарты  жылда  200­260 

жауынгер келсе, соның 150­і 

қару ұстауға дайын екен. Қал­

ған дары ішкі жұмыстарға, атап 

айтқанда,  сварщик,  электрик 

т.б.  кезекші лікке  тартылады. 

Өзінің қарым­қабілетін дәлел­

деп, қару ұстауға жараған да ры­

ның көкірегінде мақ таныш оты 

тұтанатыны  өмір  шындығы. 

Жүзден жүйрік шы ғып сенімді 

ақтау, яғни, әскерде сыпырғыш 

емес, қару ұстап қай ту өзіңе 

ғана емес, ата­анаға да үлкен 

мақтаныш екені даусыз. «Сын 

ерді шыңдайды, қорқақты қи­

найды» демекші, әрбір ер­аза­

мат  болмашы  сынға  сынбай,  

елін,  өзінің  отбасын  қорғай 



алатын дәрежеде болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет