Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте)



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.03.2017
өлшемі3,84 Mb.
#9355
1   2   3   4   5   6

Алматы қалалық сотының 

баспасөз қызметі

Шара


Жас ұрпаққа мереке рухын, оның мән-мағынасын жеткізіп, жер 

бетіне бейбітшілік сыйлаған батырлардың ерлігін есімізде мәңгі 

қалдыру үшін Семей қаласында соғыс және еңбек ардагерлерінің, 

мемлекеттік орган басшыларының, сонымен қатар, қала тұрғын-

дарының қатысуымен Жеңіс күніне арналған іс-шаралар басталып 

кетті. Жеңіс саябағында өткен жиында Семей қалалық ювенал-

дық сотының төрағасы Р.Ақпар құттықтау сөз сөйлеп, шараның 

аса маңыздылығын атап өтті. Бұдан кейін сот ұжымы Мәңгілік 

алауға гүл шоқтарын қойып, Отанды қорғау жолында көз жұмған 

батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Шара соңында сот қызметкерлері Жеңістің символына айналған 

қызыл қалампырларды әр ардагерге тарту етіп, батырларға басын 

иіп, алғыс білдірді. 

Шығыс Қазақстан облысы №2 

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық сотының 

баспасөз қызметі

БЕЙБІТ ӨМІР СЫЙЛАҒАН

 

Жайлаубай «...Бұл кісілер біздерге Ұлы 



жеңіс қана емес, бейбіт өмір сыйлады. 

Дәлірек  айтқанда,  сол  бір  сұрапыл 

соғыста әртүрлі ұлттан құралған сарбаз-

дардың  жауынгерлік  жолдастығы, 

ауызбіршілігі,  қайсарлығы  жаудың 

бетін қайтарды. Біз оларды ешқашан 

ұмытпаймыз және алғысымыз шексіз» 

деп ыстық ықыласын білдірді. Сонымен 

қатар, төраға күн сайын қатары сиреп 

бара  жатқан  қарт  майдангерлердің  

көзін көрген бүгінгі жас ұрпақ та соғыс 

пен жеңіс жайлы тамаша естеліктерді 

келер ұрпаққа айтып береді деген сенім 

білдірді.  



Қ.ЕСТАЙ,

Алматы гарнизоны 

әскери сотының судьясы

№49 (2827) 

6 мамыр 2016

3

zangazet@mail.ru



ҚОҒАМ

(Соңы. Басы 1-бетт

е)

Сауалнаманы дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ, «Заң газеті»

Ойталқы


ЖАСТАРДЫ ӘСКЕРГЕ БАРУҒА 

ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТЕТІГІ ҚАНДАЙ?



Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, 

саяси ғылымдар докторы, профессор:

Болат САЙЛАН, 

Ауған соғысының ардагері:

Ол кезеңде әскерге барған жастарды 

бүкіл аудан, бүкіл ауыл болып шыға-

рып салатын. Олардың есімдері сон-

шалықты деңгейде насихатталғаннан 

кейін олардың аты-жөндерін бәрі біліп 

отыратын. Ал, қазір әскери борышын 

өтеуге аттанған жастарды тек жанұясы 

ғана біліп отырады. Сол кездері сондай 

дәрежеде жүргізілген насихат жұмы-

старының арқасында өсіп келе жатқан 

әрбір бүлдіршін өскенде Отан қорғауға, 

әскери борышын өтеуге асығатын. Қазір 

осындай  жұмыстардың  кемшін  түсіп 

жатуы жастардың әскерге деген құл-

шынысын да кеміткен секілді. Әскери 

борышын өтеуге жастарды бүкіл ауыл 

болып шығарып салатын, ауыл болып 

қуанып қарсы алатын. Мұның бәрі әске-

ри қызметкерге деген құрмет болатын. 

Ал, қазір әскери адамға мұндай құрмет 

жоқ. Сондай-ақ, Кеңес одағы кезінде 

мектептерде «Уголок ветерана» деген 

бұрыштама болатын. Ол бұрыштамада 

ардагерлерге арналған арнайы мәлімет-

тер  жиналатын.  Сол  бұрыштамалар 

арқылы  ардагерлерге  үлкен  құрмет 

сезілетін. Жастар сол бұрыштамадағы 

әскери адамға еліктеуге тырысатын. 

Қазір мұндай бұрыштамалар да жоқ. 

Яғни, әскери-патриоттық сезімді наси-

хаттау жұмыстары кемшін түсіп жатыр. 

Осындай әскери-патриоттық насихат жұ-

мыстарының кемшіндігінен жастар түрлі 

діннің жетегінде кетіп жатыр. Сондықтан, 

осы тұрғыда жастармен жұмыс жасай-

тын, жастарды әскери салаға қызықтыру 

жұмыстарын жүргізетін мекемелер жұ-

мысын күшейту керек. 

Еліміздегі жастар мемлекеттік қыз-

метке алынар алдында әскери билетті 

талап ету секілді арнайы талаптар ке-

рек. Қазіргі нарық заманында жастардың 

бойында  әскери  билетті  «сатып  ала 

салам» деген түсінік қалыптасқан. Осы 

түсініктен оларды арылтуымыз керек. 

Ардагерлерге деген құрметті күшейте 

отырып, жастарды сондай болуға үнде-

уіміз керек. Осындай насихат жұмыста-

ры күшейсе, жастардың әскерге баруға 

деген құлшынысы да артады. 

Алайда, соны оларға сезіндіре 

білуіміз керек. 

Бірақ, Қазақстанның қазіргі армия-

сы шағын. Сондықтан, кеңес зама-

нындағыдай бозбала біткен он сегізге 

толған соң армияға алына бермейді. 

Бізге керегі өте ұшқыр, шағын, бірақ, 

заманауи қарумен жарақтанған ар-

мия. Ол бізде бар. Шағын армияға 

жастарды топырлатып ала беру мін-

дет емес. Демек, жастардың көпшілігі 

әскери өмірден тыс қалады. Бірақ, 

олар әскерге бармады деп құқығын 

шектеуге бола ма? Сондықтан, олар-

ды әскерден қашты, міндеттеу керек, 

әскери билеті болмаса мемлекеттік 

қызметке алмау керек деп құқығын 

шектеуге болмайтын секілді.  Алайда, 

денсаулығы жарап тұрса, мемлекет 

оның Отан алдындағы борышын қа-

жет етсе, әрбір азамат бұдан қашпау 

керек. Мәселен Оңтүстік Корея, Түр-

кия елдерінде әскери борышын өтеу 

арнайы  Конституцияда  бекітілген 

қатаң міндет. Ал, бізде кейбіреулер 

әскери кафедраларда оқып алады, 

енді біреулер мүлдем қажет емес деп 

санап, еңбекке араласып қашып-пы-

сып жүре береді, келесі біреулер ерте 

жастан отбасылы болған соң қалып 

кетеді. Демек, талаптан гөрі, жастар-

дың әскери өмірге деген қадамы өз 

таңдауына  қарай қалыптасып жатыр. 

Жалпы, көп елде әскери борышын 

өтеп келген жастарға оқуға түсуге, 

өзге де жағдайларда жеңілдік бар. 

Кеңес  одағы  тұсында  да  осындай 

жеңілдік болған. Қазір мұндай жеңіл-

діктер бізде мүлдем жоқ. Содан кейін 

де осындай мәселе туындап жатқан 

секілді. Бұрын әскери борышын өтеу 

әрбір ер азаматтың қасиетті борышы 

саналатын. Бұл қазір де солай, бірақ, 

соңғы кездері Отан алдындағы әске-

ри міндетін өтеуге кез келген азамат-

тың қауқары жетпей тұр. Кейінгі кез-

дері қазақ жастарының әлжуазданып 

кеткені ащы да болса, шындық. Одан 

кейін жігіттердің көбі жап-жас болып 

жүрек-қан тамырлары ауруларымен 

жиі ауырады. Мұндай ауруларға көбі-

несе қалада өскен балалар бейім. 

Өйткені, қала балалары сыртта, ашық 

ауада көп жүрмейді, ауыл балалары 

секілді далада емін-еркін ойнамай-

ды.  Таңертеңнен  кешке  дейін  үй-

ден шықпай, компьютердің алдында 

отыратын балалардың денсаулығы, 

әрине, болмайды. Сондай-ақ, тері 

ауруымен ауыратындар мен бойы 

аласа жігіттердің саны да жыл өткен 

сайын көбейіп барады. Мұндай ұр-

пақпен шағын армиямызды толтыра 

алмай қалу да қаупі бар. 

Әскери саламыз шағын, деген-

мен, қазір жастарымыздың басым 

бөлігі  денсаулығына  байланысты 

әскерге  жарамсыз  болып  жатыр. 

Олардың бір бөлігі осылай әскерге 

жарамсыз болса, келесі бөлігі қашып 

жүрсе, сонда Отанды кім қорғайды? 

Сондықтан, тыйым салу, құқығын шек-

теу секілді жұмыстардан гөрі, әскери 

өмірді насихаттау жұмыстары кеңінен 

жүргізілуі керек секілді. 

Бүгінгінің бас тақырыбы

МИЛЛИОНДАРДЫҢ ӨМІРІН 

САҚТАҒАНДАРҒА МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛМЕК

Құрылған Қарулы Күштерді 

басқару тізгінін мемлекет бас-

шысы Бас Қолбасшы ретінде 

өз қолына алғанын, алғашқы 

Қорғаныс  министріміз  гене-

рал-полковник  Сағадат  Нұр-

мағанбетов болғанын білеміз. 

Қазір үш жүйелі штаб, яғни, 

жаяу  әскерлер,  әуе  қорғаны-

сы күштері және әскери-теңіз 

күштерінен,  сондай-ақ,  Ор-

талық, Оңтүстік, Батыс және 

Шығыс округтерінен тұратын 

Қарулы Күштеріміз мемлекет-

тік шекарамыздың бүтіндігін, 

еліміздің тыныштығын күзетіп 

тұр. 


Иә, еліміздің қорғаныс сала-

сында бірқатар өзгерістер бол-



(Соңы. Басы 1-бетте)

Қас пен көздің арасында аттай желіп 

өте шыққан жетпіс бір жыл көп нәр-

сені өзгерткенімен, жер ананың бетін 

қанға бөктіріп, жиырма миллионнан 

астам адамның өмірін ұрлаған екінші 

дүниежүзілік соғыстың соңына қал-

дырған қанды ізін тарих жылнама-

сынан өшіре алмай-ақ келеді. Бүгінгі 

күннің тұрғысынан қарасаң, ұрпаққа 

ұран болған Ұлы Отан соғысындағы 

боздақтарымыз дың жасаған ерлігі оқ-

дәрінің иісін сезбей өскен бүгінгі өскін 

үшін аңызбен пара-пар әңгіме. Сол ала-

паттың қасіретін көзімен көріп, қалың 

жауды қасқая күтіп алған боздақтары-

мыздың көпшілігі қазір бұл өмірде жоқ. 

Көзі тірісінің өзі жыл санап кеміп бара-

ды. Таяуда Атырау облысының кейбір 

аудандарында соғыс зұлматын бастан 

кешкен ардагердің қалмағанын естідік. 

Олар қанша жерден алапат соғыстың 

ащы  шындығын  бұрмалайтын  жел 

сөздер мен жорамалдар көбейіп, кешегі 

одақтың құрамындағы республикалар 

шекара сызығын тартып, тұмшала-

нып  алса  да  бәрібір  сол  сталиндік 

идеология ның қуатымен өмір сүріп 

келеді. Соған қарап отырып, фашизмге 

қарсы күрестің жылдар жылжып, ғасыр 

ауысса да адамзат тарихынан ойып 

тұрып, қасиетті орнын алатындығына 

бек сенесің. Сол үшін де ел басына күн 

туғанда еті гімен су кешкен ерлеріміз 

бен жат жерді жамбасына басқан бо-

здақтардың ерлігіне бас иіп, тағзым ету 

одақтың құндағынан шыққан республи-

каларда аласарған емес, сол қалпы. 

Майдангерлерге тегін медицина-

лық көмек көрсетіледі. Жылына олар 

ТМД мемлекеттері арасында теміржол 

арқылы тегін жүру игілігін пайдалана-

ды. Егер қаржылық дағдарыс қыспағы-

на алмаса, майдангерлерге көрсетіліп 

жүрген осы игіліктердің өзін қораш-

сынар ма, қайтер едік? Расында да, 

баяғы одақтың кезіндегідей әрбір арда-

Мұны айтпасқа бола ма?

ТАТҚАН У МЕН ТАРТҚАН ТАУҚЫМЕТ  БІРДЕЙ

Ал, қамқорлық неге әртүрлі?

герге жеңілдікпен көлік беріліп, жайлы 

пәтердің кілті тапсырылмаса да тақия 

кигізіп, шапан жабу дәстүрден қалған 

емес. Мамандар майдангерлерге көр-

сетілетін қамқорлықтың жұпынылығын 

заманның ағымына қарай әзірленіп, 

тың ұсыныстармен толықтырылғаны-

мен, ұзақ жылдардан бері Парламент-

тің суырмасында жатқан «Ардагерлер 

туралы» заңның жылдан-жылға сыр-

ғытылып, қабылданбай келе жатқан-

дығымен сабақтастырады. Былайша 

қарасаң, елімізде ардагерлер, Ұлы Отан 

соғысына қатысушылар мен оларға 

теңестірілген тұлғалардың мүддесін 

көздейтін заңымыз баршылық тәрізді. 

Мәселен, 2004 жылғы 20 желтоқсан-

дағы өзгертулерімен толықтырылған 

1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан 

Рес публикасының «Ұлы Отан соғысы-

ның қатысушылары мен мүгедектеріне 

жә не оларларға теңестірілген адамдарға 

бе рілетін жеңілдіктер мен оларды әлеу-

меттік қорғау туралы №2247 заңының 

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары 

мен  мүгедектеріне  және  жеңілдік-

тер мен кепілдіктер жағынан соларға 

теңестірілген адамдардың мәртебесі 

туралы» 2 тарауында соғысқа қатысқан 

ардагерлерге Ауған соғысы мен Чер-

нобыль  аймағындағы  радиациялық 

апатты жоюға қатысқан тұлғалардың 

лық апаттардың зардаптарын жоюға 

қатысқан, сондай-ақ, ядролық сынақтар 

мен жаттығуларға тікелей қатысқан 

адамдар» деп жалпылама көрсетілген. 

Мәтіннің мазмұнына тереңірек зер сала 

қарасаңыз мұнда «...ядролық сынақтар 

мен жаттығуларға тікелей қатысқан 

адамдар» деген сөзден басқа түк те 

жоқ. Сондықтан да, заң шығарушы 

органның жып-жылмағай, табан тірер 

бұдыры жоқ жалаң анықтамасын әркім 

өз ыңғайына қарай бұра тартып, дау-да-

майлар көбінесе осы төңіректен шығып 

жатады. 

«Ау, мына сөйлемнің ішінде «Семей 

полигонындағы ядролық сынақтарға 

қатысқан» деген бір ауыз сөз жоқ қой, 

қане көрсетіңіздерші» дейді шенеунік-

тер. Анығында, ойландыратын нәрсе. 

Алайда, Қазақстан Республикасының 

заңдары ел аумағында ғана жүретін 

болса, «ядролық сынақтар мен жаттығу-

ларға тікелей қатысқан» деген анықта-

маның 1949 жылдан бері топырағымыз-

ды тозаңға айналдырып келген Семей 

полигонынан басқа қандай сынақ орны-

на қатысты болуы мүмкін? Қолдағы бар 

деректерге сүйенсек, алды қырықтың 

қырқасына жетпей о дүниелік болған, 

алайда әлі күнге дейін дүрмек арасында 

қалып қойған Семей полигоны жауын-

герлерін ілтипатпен еске алатындар 

ды. Соның бірі әскери қызметті 

келісімшарт негізіне көшіру. Бұл 

мемлекеттік қызмет түрі ғана 

емес. Олай дейтініміз, мұнда 

әскери қызметкердің өзін және 

отбасын әлеуметтік жағынан 

қамтамасыз  ету  мәселесі  де 

шешілген. Тұрғын үймен қамта-

масыз ету немесе пәтер жалдап 

тұрған қызметкердің пәтерақы-

сын төлеу, мемлекет қаражаты 

есебінен медициналық қызмет 

алу сынды басқа да жеңілдіктер 

келісімшартпен әскери қызмет 

атқаруға ынталылардың қата-

рын көбейткен сыңайлы. Бүгінгі 

күні ел әскерінің 70 пайызға 

жуығы келісімшарт бойынша 

қызмет атқарып жатқандығы 

сөзіміздің дәлелі. Елбасының: 

«Отанды қорғау мүмкіндігіне 

ие болу – үлкен абырой. Қарулы 

Күштер үшін барлық қажетті 

жағдайлар жасалған», – деуі де 

сондықтан болса керек.

Ендеше, сол салмағы алабө-

тен абыройлы қызметті атқарып, 

осынау бейбіт заманда ел ты-

ныштығының кепіліне айналып 

жүрген Отан қорғаушылар күні 

бәрімізге ортақ мереке екені 

даусыз. 

Оның ар жағында Отанын 

қорғау борышын кешегі соғыс 

жылдары жанымен, қанымен 

өтеген батыр аталарымыз бен 

апаларымыздың айтулы мере-

кесі де келіп жетпек. 9 мамыр 

– Жеңіс күні соғыс ардагерлері 

ардақталатын, құрметтелетін 

күн. Елін, жерін жаудан қорғаған 

ардагерлерге көрсетілер ілтипат 

бір  күнмен  шектелмей,  жыл 

он екі айға жалғасуы тиіс-ақ. 

Десек те, 9 мамыр соларға көр-

сетілер құрметтің шырқау шегі-

не жететін, жаппай сипат алатын 

шағы. Бір ақиқат бар, ол соғыс 

ардагерлерінің  санаулы  ғана 

қалғандығы. Қатары жыл санап 

сиреп бара жатқан майдангер-

леріміз, әрине, арамыздан кет-

кенімен, санамыздан өшпейді. 

Ал, арамызда аман жүрген-

деріне, оның ішінде, астана-

лық майдангерлерге бір мил-

лион теңге көлемінде сыйлық 

берілетіндігі айтылуда. Әлбетте, 

көлемі  көңіл  қуантарлық-ақ. 

Бірақ, бұл миллион сонау Ұлы 

Отан соғысында жауды жеңіп, 

миллиондарға бейбіт өмір сый-

лаған  ерлік  пен  өрліктерінің 

өтеуі бола алмасы анық. 9 ма-

мыр  –  Жеңіс  күнінің  иелері 

Отанын кешегі сұрапыл соғыс 

жылдары қорғады. 7 мамыр ме-

рекесінің иелері бүгін олардың 

тыныштығын күзетуде. Бұл ұр-

пақ қарызы өтеуінің бір парасы 

ғана.  


Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

«Заң газеті»       

тым  сирек.  Кейбір  құзырлы  орын-

дардың басшылары жасалуға тиісті 

қамқорлықты көпсіне ме, заңдағы тағы 

да басқа ядролық сынақтарға қатысқан 

деген жалпылама сөздің жалына жабы-

сады. Ал, кейбір әкім-қаралар заңда-

рымызда Семей полигонында әскери 

міндетін атқарған сарбаздардың мәрте-

бесі нақтыланып көрсетілмегендіктен, 

олардың жағдайын сол маңайда тұрған 

тұрғындармен  шатастырады.  Шын 

мә нінде Семей полигонында әскерде 

болған жауынгерлер мен сол маңайдағы 

аудан, ауыл тұрғындарының арасында 

жер мен көктей айырмашылық бар. 

Әдетте әскерге шақырылып, ант қа-

былдаған адамдардың бас еркі болмай-

ды.  Сарбаздарға  ауыл  тұрғындары 

сияқты кез келген жаққа көшіп кетуге 

ерік берілмеген. Сондықтан да, күні 

бүгінге дейін Семей полигонында әске-

ри борышын өтегендердің мәртебесі 

тұрғын халықпен бірдей бағаланып, 

олар жер мен мүліктің және қоқыстың 

салығынан босатылып, әскер қатарында 

болған жылдары зейнеткерлікке шығар 

кезде бір жарым жылға есептелетіндігі 

болмаса, басқа әлеуметтік көмек көр-

сетілмейді. Соның салдарынан Семей 

полигонындағы  сынақ  жарылыста-

рының алапатын көрген жауынгерлер 

Ауған  соғысының  сарбаздары  мен 

Чернобылдегі радиациялық зардап-

ты жоюға қатысқандар пайдаланып 

жүрген жеңілдіктерден ылғи да шет 

қалып келеді. Биыл семейлік сарбаздар 

қоғамдық көлікте тегін жүруге құқық 

беретін «Оңай» жол жүру картасын 

пайдаланатын ардагерлердің сапына да 

ілінбей қалды. Зейнетақы төлеу орта-

лықтарындағы шенеуніктердің сөзіне 

сенсек, полигон жауынгерлері Әділет 

министрлігі жасақтаған тізімге енбей 

қалған көрінеді. Себебі, ондай жеңіл-

дікке тек жарылыс барысында жарақат 

алған адамдар ғана ілігеді екен.

Радиацияның  зардабы  жарақат 

түрінде көрінеді деп кім айтады? Ол ең 

алдымен ішкі ағзаларды зақымдап, түр-

лі қауіпті ісік ауруларына шалдықты-

рады. Бұл дәлелденген нәрсе. Атқа 

мінген ұлықтардың Әділет министрлгі 

түзген тізімге енбей қалдыңыздар деуі 

біздіңше жай ғана сылтау тәрізді. Олай 

дейтініміз, Мемлекет басшысы қол қой-

ып бекіткен заңнан Әділет министрлігі 

жасаған тізімнің құдіретті болуы мүм-

кін емес. Заң әскери борышын өтеу ба-

рысында Семей полигонындағы жары-

лыстарға қатысқандардың мәртебесін 

Ұлы Отан соғысына қатысушылармен 

теңес тіреді, ал атқару органдарындағы-

лар оны мойындамайды. Егер өзгелерге 

көрсетілетін шапағат оларға бұйырмай-

тын болса, семейлік жауынгерлерді 

заң жүзінде Ұлы Отан соғысына қаты-

сушылармен теңестірудің қаншалықты 

қажеті бар еді? 

Әлем ғалымдары Семей полиго-

нында болған ядролық сынақтардың 

залал-зардабының Жапониядағы На-

гасаки мен Хиросима қалаларына тас-

талған атом бомбасынан әлдеқайда 

асып түсетіндігін айтып отыр. Оның 

үстіне, Қазақстан адамзатты жаппай 

қырып жоюға бағытталатын қару- жа-

рақтан  алғашқылардың  бірі  болып 

бас тартқан мемлекеттің бірі. Төрткүл 

дүниені мекендеген мемлекеттер Елба-

сымыз Н.Назарбаевтың есімі мен еңбе-

гін сол үшін де құрметтеп, қадірлейді. 

Қазір кезінде Семей полигонында әске-

ри борышын өтеп, жарылыстарға қа-

тысқан көршіміз Ресейдегі ардагерлерге 

Қазақстандағыдай емес, қалыптағыдай 

қамқорлық көрсетіледі. Ал, біздегі жағ-

дайдың сиқы мынандай. Біздіңше ала 

қойды бөле қырықпай, Семей полиго-

нындағы ядролық сынаққа қатысқан 

жауынгерлердің мәртебесін Ұлы Отан 

соғысына қатысушылармен теңестіріп 

қана қоймай, оларға оң көзбен қарайтын 

мезгіл жеткен тәріздлі.



 Елеусіз МҰРАТ,

 «Заң газеті» 

мәртебесі теңестірілгенімен, 

Семей полигонындағы жа-

рылыстарға қатысқан сар-

баздардың жағдайы бұлдыр 

күйінде қалып кеткен. Осы 

тараудың 6-бабында полигон 

жауынгерлеріне  қатысты 

«1986-1987 жылдары Чер-

нобыль АЭС-індегі апаттың, 

сондай-ақ, азаматтық немесе 

әскери мақсаттағы обьек-

тілердегі басқа да радиация-


4

№49 (2827) 

6 мамыр 2016

zangazet@maiI.ru

ТАҒЗЫМ

«Ешкім де, еш нәрсе 

де ұмытылмайды!»

С

оғыс – күйретуші күш. Дәл солай! Барды жоқ 

ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік 

атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды 

кезеңді еске түсіретін кинолар бабалар ерлігін бізге 

жеткізді.  

Жеңіс күні – бұл сан  мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. 

Бұл  мереке  –  бейбітшілік  пен  қайырымдылықтың  мәңгі 

жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен 

офицерлердің  айбынын,  тылдағы  Жеңісті    жақындатқан 

жұмысшылар еңбегінің мәңгі өшпейтінін дәлелдейтін белгі 

болып қалмақ. 

Біздің  аталарымыздың  батырлығы  мен  жанқиярлығы, 

олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі Қазақстанның 

бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес,  

бірнеше ұрпақты  байланыстыратын қоғамның рухани дамуы 

мен ұлттың қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс 

күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық 

пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске 

жеткізді.  

Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған 

жоқ.  Арыстардың  Отан  үшін  қан  кешкен  әрбір  қадамы, 

жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өткені, 

ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық 

сабақ. 


М.ГАБДШАКИРОВА,

Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық сотының 

бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

Әрбір үйден ер азаматтар 

қолына  қару  алып,  майдан 

даласына аттанды. Тіпті, бір 

үйден бірнеше еркек кіндікті 

отан  қорғауға  аттанып,  жат 

жерде  жан  тапсырған  жан-

түршігерлік оқиғалар да болды. 

Жеңіс туы тігілгеніне биыл 71 

жыл толса да сұм соғыс салған 

жараның  орны  әлі  де  болса 

сыздайтыны рас. Мұны өз әкем 

Алаш Әбдіқайымұлының ғұмыр 

жолына қарап айтып отырмын... 

1916 жылы қазіргі Оңтүстік 

Қазақстан облысы, Қазығұрт 

ауданы,  Жаңабазар  ауылдық 

округінде кедей шаруа отба-

сында  дүниеге  келген  әкем 

Алаш  Жиренбайтегі  Кеңес 

Одағының әскері қатарына 24 

жасында  шақырылып,  Ұлы 

Отан соғысына қатысып, оны 

1946 жылы Еуропада аяқтаған. 

Әкемнен соғыс жайлы сұрай 

қалсақ, «Балам, бір мен ғана 

соғысты  дейсің  бе,  жұртпен 

бірге көрген қиыншылық қой, 

әйтеуір Алла, сендерді көретін 

күнге жазыпты, дін аман келдім» 

деп қысқа қайыратын. 

Аракідік білгеніміз, ашар-

Ұ

лы Отан соғысы қатыгездігі мен 



қан төгіс жағынан тарихтағы қақ-

тығыстардың барлығынан да асып түсті. Жан 

алысып, жан беріскен бұл соғыс Қазақстан 

халқы үшін де өте ауыр сын болды. Өйткені, 

соғыс оты айналып өтпеген отбасы жоқ 

десек те болады. Бұл алапат соғысқа Жамбыл 

облысынан 120 мыңнан астам адам қатысып, 

олардың 32 мыңнан астамы, яғни, әрбір 

төртінші жауынгер Жеңіс күнін жақындату 

үшін майдан даласында мәңгілікке көз жұмды.

Қатарында  мыңдаған  қазақстандық 

болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғы-

сының алғашқы күндерінен бастап барлық 

майдандарда  фашистік  басқыншыларға 

қарсы қиянкескі шайқастар жүргізді. 1942 

жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда 

армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 

1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери 

міндетін өтеу үшін шақырылды. Соғыстың 

алғашқы күндерінен бастап барлық жерде 

әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла 

бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы 

мен басқа да құрамалар құрылды. Майданға 

14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың 

шынжыртабан трактор, 110,4 мың жылқы 

мен 16,2 мың арба жіберілді.

Солтүстік-батыс бағыттағы майданда 

Қазақстанда  құрылған,  генерал-майор 

И.Панфилов басқарған 316-дивизия өзінің 

жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар 

Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен 

Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік 

бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен 

күші  тең  болмаса  да  50  жау  танкісімен 

болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи 

шайқасқа қатысқан 28 жауынгерге КСРО 

Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен 

Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

Волоколамск  ауданында  өткен  осындай 

шайқастардың  бірінде  ержүрек  жауын-

гер,  талантты  командир,  генерал-майор 

И.Панфилов ерлікпен қаза тапты. Оған қаза 

тапқан нан кейін Кеңес Одағының Батыры 

атағы  берілді,  ал  8-гвардиялық  атқыш-

тар дивизиясына (бұрынғы 316-дивизия) 

генералдың есімі берілді. Мәскеу түбіндегі 

ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары 

ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес 

Одағының Батырлары – Мәлік Ғабдуллин, 

Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, 

Төлеген  Тоқтаров,  Рамазан  Елебаев, 

Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін 

болған  шайқаста  полковник  Г.Коротков 

басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы 

қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа 

бөледі.


Ел мен жер тағдыры таразы басына түскен 

сын сағаттарда еліміздің түкпір-түкпірінен 

соғысқа аттанған жауынгерлер қатарында 

Әулиеата жерінің өрендері де бар. Олар да ерен 

ерліктің өшпес өнегесін көрсетті. Отан қорғауға 

аттанған Жамбыл облысының 30 жауынгері 

Кеңес Одағының Батыры, ал, 7 жауынгер 

«Даңқ орденінің» толық иегері атанды. Аттары 

аңызға айналған Бауыржан Момышұлы, Ағаділ 

Сухамбаев, Сәбу Шәкіров, Нұрұлла Фазлаев, 

Николай Белашов, Владимир Савва, Тайыр 

Тастандиев, Ыбырайым Сүлейменов сияқты 

батырларымыздың ерліктері мен есімдері 

бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталары 

сөзсіз. «Барлығы Майдан үшін, барлығы 

Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен 

тыл еңбеккерлерінің тынымсыз тірліктері 

ұрыс даласындағы жауынгерлерді Жеңіске 

жігерлендіре түсті. 

1945 жылдың көктемінде жау ордасы 

рейхстагта Жеңіс жалауы желбіреп, күллі 

адамзаттың болашағына қатер отын шаш-

қан  фашизмнің  ордасы  ортасына  түсті. 

Осылайша, 1418 күн мен түнге созылған Ұлы 

Отан соғысының соңғы нүктесі қойылып, 

бейбітшілік пен тыныштықтың туы тігілді.

Елбасы  Н.Назарбаев  әрдайым  соғыс 

ардагер лерінің қоғамдағы рөлі мен мәрте-

бе сін көтеріп, олардың әлеуметтік жағдай-

ларын жақсартуды басты назарда ұстап 

келеді. Бұл Жеңіс қаһармандарына көрсетіл-

ген айрықша құрмет. Халқымызда «Елдің 

атын ер шығарады» деген аталы сөз бар. 

Сондықтан да, Елі барда ерлердің  де аты 

ұмытылмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет