СөЖ 1 XIX ғасыр қазақ әдебиеті


Дулат Бабатайұлы (1802–1871)



бет2/7
Дата30.03.2023
өлшемі35,92 Kb.
#77828
1   2   3   4   5   6   7
Дулат Бабатайұлы (1802–1871)қазақ жырын мазмұн мен тақырып, түр мен көркемдік тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ақын. ШҚО, Аягөз ауданында кедей отбасында туған.Ауыл молдасынан сауатын ашқан.Өзінің көп ізденуі арқылы білімді де сауатты азаматтардың бірі болады.Ақын отаршылдықтың зорлық-зомбылығына қарсы бірінші болып үн көтерген.Одан Абайдың өзі үлгі-өнеге алғаны қайсыбір балама-теңеулерінен байқалып отырады. Дулат творчествосынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты ұзақ толғау. Көлемі құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді.1959 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланды.Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған.Дастанның негізгі қаһарманы жетім бала Еспембеттің нағашы жұртында болуы, есейген соң еліне ештеңе алмай, тек «Ақбөрте» тайды алып келу.Сол арқылы дегеніне жетіп, қалмақтарды жеңуі, еліне аты шыққан батыр атануы сөз болады.Дулат ақын кейінгілерге Еспембет атын үлгі етеді.Сәтімқұл бидің асында аты бәйгеден озып келіп, тігілген бас бәйге жүз тайлақты Сыбанға бөліп береді.
«Бірінші сөз» туған жердің сұлу табиғатын жырлайды, «Бесінші сөз» немесе «Ата қоныс Арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездердегі тарихын баян етеді.
Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын болып саналады.
«Бір патшаның бір кезде»(аңыз мысал өлеңі) дүниеқор, баққұмар патшаның көзі тоймай, қанағат қылмай мерт болуы сөз болады.Үйінің қасына ағаш өсуі, гүлденіп, жеміс беру.Төбедегі ғайыптан пайда болған қыздың айтақына еліктеп, өзіндегі байлыққа қанағат тұттпай, жерді де, аспанды да өзі билегісі келгендігі. Тосыннан болған қатты жел талды сындырып.Бай құлап өледі (барға қанағат тұтпасаң, барыңнан айырыласың).
«Шымшық пен бөдене»
«Сары шымшық»
«Қара қарға жем тілеп»  мысалдарында мақтаншақтық, қуыскеуделіктің алысқа апармайтынын әшкерелейді.«Әліне қарамай әлек» болатындардың қылықтарын сынаған.
«Шаштараз» мысал стилінде жазылған шығармасы. Шаштаразда Ескендір туралы аңыз. Оның басында екі мүйіз барлығын тек бір ғана шаштараз білген.Әбден байыған шаштараз сыршашып қойып, басынан айырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет