СөЖ №3 Тақырыбы: 100 көлеміндегі сандар номерациясы. Тапсырма



Дата14.10.2023
өлшемі14,98 Kb.
#114785
Байланысты:
СӨЖ3Бекова Матем


СӨЖ №3
Тақырыбы:100 көлеміндегі сандар номерациясы.
Тапсырма: . Екі таңбалы сандарды салыстыруға, санды разрядтық қосылғыштарға жіктей алуға , оңдықтар мен бірліктерден екі таңбалы сан кұрастыруға үйрету әдістерін жазыныздар.
Жауап:
Сандар туралы түсінікті дамыту ондықтар мен жүздіктерді , екі таңбалы сандарды шығарып алумен таныстыруды көздейді , бұл теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудың екінші кезеңі болып табылады .
Оқытудың міндеттері
1 . “Жүз” көлемінде санауға үйрету және ондықтарды шығарып алу , “ натурал сандар” ұғымы .
2 . “Толық ондықтар ” және “Жүз” ұғымдарымен таныстыру .
3 . 100 көлеміндегі екі таңбалы сандарды шығарып алу , оқу және жазуды меңгеру .
4 . Екі таңбалы сандарды салыстыруға , санды разрядтық қосылғыштарға жіктей алуға, ондықтар мен бірліктерден екі таңбалы сан құрастыруға үйрету .
Оқыту әдістемесі
1 .Ондықты шығарып алу және “ натурал сандар” ұғымы
а) Натурал сандар жайында түсінік беріледі : санау таяқшаларының көмегімен 1 ,2 ....., 9 сандары анықталады және көрнекі түрде оның бір таңбалы натурал сандар екендігі көрсетіледі ;
натурал сандар санау кезінде қолданылатын , бірліктермен санау делінетіні жөнінде түсінік қалыптастырылады .
ә) Ондықты шығарып алуда санау таяқшалары қолданылады .
9 таяқшаға бірді қостым , 10 таяқша болды ; оларды байлап , бума жасайды: 10 бірлік – бұл 1 ондық . 1 және 10 сандарын салыстыру : Ұқсастығы неде ? Айырмашылығы неде ?
2 . “Толық ондықтар ” және “Жүз” ұғымдарымен таныстыру .
а) Ондық ұғымымен танысқаннан кейін – ақ оқушылар ондықпен санауға үйренеді :
әр ондықтың атаулары айтылады : екі бума таяқша - екі ондық немесе жиырма ;
жаңа санау бірлігі ретінде ондықты енгізу : оқушылар ондықтармен санауды үйренеді; әр ондықты цифрлардың 10 , 20, ....., 90 көмегімен таңбалау : әр толық ондықты жазу сәйкес екі цифрды таңдаумен байланысты : бірінші сол жақтағы цифр ондықтар саны , ал екінші цифр 0 толық ондық құрамында жекелеген бірліктердің , яғни ондық құратын бірліктен жоғары бірліктің жоқ екендігі білдіреді;
ондықтардың бірнеше жеке бірліктерден тұратынын көрстеу ;
бір таңбалы сандар қатарын ұқсас толық ондықтар қатары құрылады :
1, 2, 3, 4, 5 ,6 ,7, 8, 9 1 – ге артады ;
10, 20 ,30, 40, 50, 60 ,70 ,80 ,90 10- ға артады ;
Екі қатардың ұқсастығы мен айырмашылығы тағайындалады
Ең кіші және ең үлкен толық ондықтар анықталады .
ә) Оқушылар 100 санымен танысады : 10 ондық – бұл 100 бірлік
100 санын жазу : бірінші оң жақтағы 0 жекелеген бірліктің жоқ екенін , ал жүздікті білдіреді .
б) Сандар мен шамалар арасындағы байланыс жүзеге асырылады:
1 онд. =10 бірл. 1 дм. =10 см.
2 онд. =20 бірл. 2 дм. =20 см.
в)Толық ондықтар мен шамаларды салыстыру дидактикалық бірліктері ірлендіру
3. Натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныстыру
а) Ондықтар мен бірліктерден құралатын екі таңбалы сандарды шығарып алу
ә) Екі таңбалы сандарды шығарып алу, оқу және жазу «Ондықтар мен бірліктер кестесі» көмегімен іске асырылады

Ондықтар

Бірліктер

Санның оқылуы

Санның жазылуы

2

4

Жиырма төрт

24

3

9

Отыз тоғыз

39

Осы кесте жазбаша және ауызша нумерация қатар оқытылатынын дәлелдейді.
4. Екі таңбалы сандарды салыстыру және сандардың разрядтық құрамын оқыту.
а) Оқушыларды сандарды салыстырудың жаңа тәсілдерімен таныстыру қажет:
сандар қатарындағы орнына қарай оларды салыстырудың белгілі тәсілдерін
қайталау
Санды салыстырудың жаңа тәсілі сәйкес ондықтар мен сәйкес бірліктерді салыстыру арқылы енгізіледі: 12<14, өйткені ондықтар саны бірдей, Ондықтардан бастап салыстырылады.
ә) Екі таңбалы санды ондықтардан құрастыру және оны ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде (немесе разрядтық қосылғыштарға) жіктеу бір уақытта қарастырылады .
б) Сандар қатары жөніндегі түсінікті қалыптастыру жұмысы жалғастырылады:
алдынғы, кейінгі санды атау;
берілген сандардың арасында қандай сан тұрғанын анықтау;
санның көршілерін атау;
ең үлкен, ең кіші екі таңбалы санды атау, т.б.
5. Сандарды жазу принципі.
а) Сандар он цифрдың 0,1,2,3,......9 көмегімен жазылады.
ә) Цифрдың мәні сандағы орнына байланысты: 27 және 72.
бірінші сандағы 2 цифры ондықтардың санын білдіреді: 2 ондық;
екінші сандағы 2 цифры бірліктердің санын білдіреді: 2 бірлік;
Екі таңбалы сандар бір цифрдың көмегімен да жазылады: 77 және 22.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет