СөЖ 6: «Тиімді оқыту мен оқу»


СӨЖ-7: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін табысты оқыту



бет2/6
Дата22.12.2022
өлшемі62,19 Kb.
#59038
1   2   3   4   5   6
СӨЖ-7: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін табысты оқыту
Жаһандану қоғамында өмір сүріп жатқан жас буынды түсіндіру, баяндау әдістерімен таң қалдыра алмайтындығымыз кәміл. Ғылым мен техникасы жарыса дамыған жылдамдығы мол XXI ғасыр өзгерістеріне әр баланы бейімдеу ‒ бүгінгі ұстаздың алдына қойып отырған мақсатының бірі болмақ. «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін қажетті дағдыларды дарыту болып табылады. Оқушылар кез келген ауызша немесе жазбаша мәтіндерді сенімді және сын тұрғысынан қолдана білуі, басқалармен әртүрлі тақырып төңірегінде саналы әрі анық әңгіме жүргізіп, әртүрлі мақсатқа арналған мазмұнды мәтін құра білуге дағдылануы керек. Бұл оқушыларды тіл және әдебиетке қатысты мәселелермен қатар, заманауи тақырыптар мен мәселелерді талқылауға дайындап, олардың пікірталасқа араласуына түрткі болады. Пәндердің оқу бағдарламасы біліммен қатар, дағдыларды да қолдануды назарға алады.Қазақ тілі мен әдебиетін оқи отырып, оқушылар негізгі төрт тілдік дағды, атап айтар болсақ, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым бойынша түсініктері мен қабілеттерін кеңейтеді. [1]
Игі мақсаттарға жету жолында әр оқушының ана тіліндегі лексикалық ерекшелігін ескеріп, тіл байлығын байыту үшін мұғалімнің жаңаша әдіс- тәсілдерді қолданары сөзсіз. Белсенді оқу әдістері оқушылардың ойлауы, олардың бұрын игерген білімдері мен сыныптағы түрлі дереккөздерден, ұстазынан, ортасынан, достарынан және оқулықтан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген тұжырымға негізделеді.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында белсенді әдістерді қолдану мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады. Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдану оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша өз ойларын жеткізе алатындай, пікір- көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін дамытуға орайластырылып құрылады. Осы технологияны қазақ тілі сабағында қолдану барысында мұғалім жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылу, оқушылардың білім түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұтымды және кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі сынды басымдықтарға ие болады.
Егеменді еліміздің ертеңі – білімді жастардың қолында екені белгілі. Жан-жақты қабілетті, тәрбиелі, білімді ұрпақ – еліміздің баға жетпес қазынасы. Кез келген ұлан алдымен өзінің ана тілін жетік білуі керек. «Бар ізгілік тек білімнен алынар, білімменен аспанға жол салынар» деген Жүсіп Баласағұн жырларында кез келген елдің дамуы оның білімді жастарымен ерекшеленеді. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұстаздар қауымына үлкен сенім артады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі мемлекеттік тілді дамытуға арналған бірнеше кезеңдік іс-шараларды сараптап, зерделесек, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының тілге деген жауапкершілігінің нығайғанын байқаймыз. Мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шараларды үнемі жүргізіп отыруы – еліміздің өркендеуінің кепілі. Кез келген білім, ғылым тіл арқылы игеріледі. Алған білімінің жемісін ұлтына қызмет ету жолына жұмсалуы үшін білімнің бастапқы негізі өз ана тілінде қалануы керек. Жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына тәрбиелеуде қазақ тілі арқылы тиімді жүзеге асады. Ұлтына, еліне деген сүйіспеншілік баланың бойына ана сүті арқылы дарыған туған тілі арқылы қалыптасады. Жалпы кез келген қазақстандықтың мемлекеттік тілді меңгеруі арқылы Отанға деген құрметі нығайды. Ол үшін білім алушының қажеттілігіне қарай таңдалып алынған тәсілдердің маңызы зор деген ойдамыз. Қазақ тілі пәні бойынша білімді игертуде ой сергіту тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Ой сергіту тәсілдерінің басты ерекшелігі-оқушылардың психологиялық негізі ескерілетіндігінен болып отыр.Тіл білімінің теориясын меңгертуде ес үрдісінің маңызы зор. Қазақ тілі сабағында есту және қабылдаудың маңызы ерекше. Кез келген тіл сабағында оқушылар ауызекі сөйлеседі. Сөздерді есту арқылы, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланады. Сөйлесу барысында интонация ырғағын, эмоция мен ым-ишарат қол қимылдарын қолдану ‒ тіл білімін меңгертудің тиімді жолдарының бірі болып табылады. Оқушылардың бір-бірін тыңдап, түсіне білуге, өз бейнесін өзгелермен салыстыруға ықпал етуде, өз мүмкіндіктерін байқауда, өз білімін жетілдіруде ой сергіту тәсілінің маңызы зор. Ой сергіту тәсілінің жеке тұлғаға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне деген сенімі күшейеді. Өзін-өзі түсіне білуге, мүмкіндігін бағалай білуге, өз бойындағы қасиеттерді байқауға үйретеді. Тәрбиенің мәні ұжыммен бірге ұйымшылдықпен жұмыс істеуге, жолдасына көмек беруге, және өзін-өзі төмен бағалау, өз-өзіне сенбеу сияқты психикалық негізден құтылуымен анықталады. Кез келген ой сергіту тәсілін өткізуде басында тақырып, мақсаттар мен міндеттер хабарланып, соңында рефлексия, қорытынды жасалады. Ой сергіту тәсілін жүргізуде мына талаптарды мұғалім ескеруі тиіс. Біріншіден, оқушыларды шеңбер етіп орналастыру өз ойларын еркін жеткізіп, әңгімелесуге жағдай туғызады. Екіншіден, топтың жұмыстағы қатысушылардың саны 25-тен аспауы тиіс, бұл сенім ахуалын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударып отыру үшін маңызды. Мұғалім әрбір жаттығудың уақыт шеңберін қадағалап сақтауы тиіс. Мәселен, «Cыңарын тап» деп аталатын тәсілде оқушылар қағаз қиындыларына немесе стикерге жазылған қос сөздердің сыңарларын сәйкестендіреді. Кім жылдам табады, сол жеңімпаз атанады. Стикерде қару – жарақ, ағайын – туыс, дабыр – дұбыр, абыр – сабыр, іле – шала, шыбын – шіркей, салт – дәстүр, әдет – ғұрып тағы басқа сөздердің бірінші сыңары ғана беріледі немесе ауызша айтылады. Ой сергіту тәсілдері лексика түрлерін меңгертуге ықпал жасап қана қоймайды, ол оқушының тілін дамытуға және мәселелерді анықтап шешуге жағдай жасайды. Лексика түрлерін оқытып меңгерту үшін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ойын түрлерін
5-9 -сыныптарда тиімді пайдаланудың маңызы зор. Оқушылардың бойында танымдық құзыреттілікті қалыптастырып жетілдіру мақсатында әртүрлі ойындарды қолдануға болады. Оқушыға берілген білімді терең, берік меңгерту үшін әртүрлі ойындарды ұйымдастырып, қолданудың маңызы өте зор. Әр өткізілген сабақта мұғалім ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты, тартымды өткізсе,оқушылардың қазақ тілі пәніне ынтасы, қызығушылығы артады. Мұғалім қазақ тілі сабағында ойынды балаларды сергітіп, демалту үшін емес, оларға берілген ұғым, түсініктерді терең меңгертіп, үйрету үшін өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет