Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық . «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2017
2. С.Тұяқбаева «Психологиялық тренинг және оның көмегі»
3. Б.Жігітбекова «Психологиялық тренинг: түсінігі, тарихы, міндеттері, ұстанымдары».
4. Ә.Пәзілов «Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудың психологиялық негізі», «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы. № 8, 2005 ж
5. Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану», Алматы, 2015
6. Мектептегі психология №3 (33) 2011, № 6 (2010)
СӨЖ-8: Белсенді оқу. Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі. Мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым Белсенді оқу. Бұл мұғалім оқушыларды білім алу процесіне тікелей қатыстыруға тырысатын оқыту түрі. Оқушылардың қатысу деңгейіне байланысты әр түрлі болады, бірақ олардың барлығында олар жай пассивті тыңдаудан гөрі көп нәрсе жасауы керек.
Белсенді оқыту классикалық оқыту әдістерінің көпшілігіне қарсы, өйткені оның максималды көрсеткіші рецептивті болып табылады (мұнда оқушылар ештеңе істемей ақпараттарды алады). Сондай-ақ, ол есте сақтау немесе мағыналы оқыту сияқты басқа процестерден ерекшеленеді, дегенмен оның соңғысымен белгілі бір байланысы болуы мүмкін. Белсенді оқу процесі арқылы оқушылар білім, білік және дағдыларды да ала алады. Осыған байланысты, бұл осы типтегі ең толық процестердің бірі. Сонымен қатар, әр түрлі зерттеулер оқушылардың жаңа білімін бекітудің ең пайдалы әдісі екенін растайды. Бұл процесті дұрыс жүзеге асыру үшін студенттер өздеріне ұсынылған ақпаратты талдау, мәліметтер мен нәтижелерді бағалау, үйренгендерінің синтезін құру сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асыруы керек ... Сонымен, олар тапсырмаларды орындау арқылы да, оқып жатқан нәрселері туралы ойлау арқылы да қатысады. олар білгісі келеді.
Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі.Пәндердің оқу бағдарламаларының мақсаты оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге ынталандырып, еркін ойлауға үйрету болып табылатындығымен қатар, мұғалімдердің немқұрайлық танытып, оқушылардың өз бетімен отыруына жол бермеуі аса маңызды. Оқушылар жеке-дара жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін белсенді сабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Мысалы, оқушыларды зерттеу сұрағын анықтау және тапсырма таңдау үдерісіне қатыстыру, олардың оқу үдерісіндегі белсенділік дәрежесін арттырады, себебі белгілі бір деңгейде зерттеу бағытын олар өздері бақылайды. Оқу үдерісінде зерттеу сұрағын талқылау мұғалімнің, сыныптаста-рының көмегімен де, өз бетінше де жүргізілуі тиіс. Мұғалімдер оқушылар ұсынатын сұрақтарды келесі түрде жіктеуге көмектесуіне болады: білген қызық, білгім келеді, зерделенетін негізгі тақырыпты түсіну үшін маңызды. Осылайша жіктеу алдағы уақытта оқушылардың зерттеуге арналған тиісті сұрақты таңдауына негіз бола алады. Мұғалім барлық сұрақтарды талдау арқылы оқу мақсаттарына сәйкес келетін сұрақтардың ғана қамтылуын қамтамасыз етуі қажет.
Оқушылар алға ілгерілеген сайын, оларға мұғалім тарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсету қажет болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек. Сырттан көрсетілетін қолдау тоқтағанда ғана, оқушылар жоспарлаған нәтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат етілсе, олар ештеңені үйренбейді деуге болады. Рата өзін тек «үйлестіруші» ретінде ұстайтын мұғалім «мұғалім» деп аталуға лайықты емес деп тұжырымдайды.
Хэтти педагогикалық тәсілдердің метаталдауын жүргізіп, мұғалімдер «үйлестіруші» және «жандандырушы» болып табылатын тәсілдердің әсерін салыстырған. Ол қолданған тәсілдерде 0 – ілгерілеудің жоқ екендігін, 0,4 – ілгерілеудің бір жыл мерзімін және 1 – ілгерілеудің екі-үш жылын білдіреді. Мұғалім тек үйлестіруші рөлін атқарған тәсілдердің орташа әсері – 0,17, мұнымен салыстырғанда мұғалім ынталандырушы болған (мәселен, кері байланыс ұсыну, оқыту шеберлігі, күрделі мақсаттар қою және т.б.) оқыту тәсілдерінің орташа әсер мөлшері 0,60 болған.
Оқушылардың пән бойынша терең білім алуы мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегімен білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде халықаралық деңгейде мойындалып отыр.
Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
- барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ортасын қалыптастыруға;
- әр оқушының пікірін тыңдап, алдыңғы білім, білік, дағдыларды пайдалану арқылы оларды дамытуға;
- оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдістәсілдерлі қолдануға;
- сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
- проблемалық жағдаяттарды модельдеп, оларды шешудің оқушыларға түсінікті тәсілдерін таңдауға;
- алға қойылған оқу мақсатына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып; бүкіл сынып қатысатын ұжымдық (құрамы ауыспалы жұптар), топтық (шағын топтар) немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға және уақытты басқаруға;
- оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде, мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті де анық, қарапайым тілді пайдалануға;
- оқу үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуына қолдау көрсетуге;
- оқушылардың белсенді оқу және зерттеу жұмысын орындау дағдыларын дамытуға;
- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға;
- оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты өзіндік дамуын қолдайтын жағдай жасауға;
- оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, сараланған тапсырмалар дайындауға;
- оқушыларды оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.
Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, жағымды психологиялық орта қалыптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін ұялату үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін жаттығулар сондай-ақ оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады.