Сауаттылық ортасы әдеби орталық
• Ерте жастағы балаларға оқып беруге арналған кітаптар: халық ауыз әдебиетінің шығармалары, қазақ, орыс халықтарының және әлем халықтарының ертегілері, қазіргі заманғы авторлардың шығармалары (әңгімелер, ертегілер, тақпақтар).
|
• Ауызша шығармашылық (балалар жасаған жұмбақтар, әңгімелер альбомы)
|
• Балалардың ермегі үшін шағын кітапшалар жинақталған.
|
Тіл шығармашылық орталығы
|
• Тіл дамыту құралдары мен ойындары дайындалды.
|
• Үстел ойындары;
|
• Сүйікті ертегілерді сахналауға қажетті қалпақ, бетперделер;
|
• Қуыршақтар театры;
|
• Саусақ, қолқап театры;
|
• Көлеңкелі театр;
|
• Кесілген суреттер ойындары.
|
Топтағы барлық ойыншықтар мен құралдар балаға қол жетімді, бұл баланың белсенділігін, тәуелсіздігін дамытуға ықпал етеді. Материалдарды ашық сөрелерге қойылған, ал материалдардың өзі сыртқы жағынан тартымды, жарқын болып таңдалады және оларды жиі өзгертіліп отырылады.
Табиғат бұрышы
|
• Жасанды және бөлме өсімдіктері;
|
• Аквариум;
|
• Мерзімді өсімдік түрлері;
|
• Табиғат күнтізбесі;
|
• Үлгі пішіндер;
|
• Жыл мезгілінің үлгілері.
|
Балабақшада дамыту орталығын құру бала мен үлкендер арасындағы тірек болып табылады. Ортаны құру стратегисясы мен тактикасы осы қалыптың ерекшеліктерімен байқалады.
Мектепке дейінгі ұйымда дамытушы орта кеңістігін ұйымдастыру әр баланың өзінің дамуына, отбасының, оның тұрмысының, мәдени таңдаулардың ықпалын сезінеді. Бүгінгі таңда өзім қызмет ететін балабақшада балалардың табиғатқа ондағы тіршілік иелеріне деген қызығушылығын байқадым. Алдағы уақытта балабақшамызда тірі табиғат бұрышы, жылыжай орталығы ашылып тәрбиешілердің шығармашылығын жетілдіру жұмыстары жүргізілсе деп ойлаймын.
Балабақша тәрбиеші ретінде жұмыс кестеме сай әр топтағы дамытушы орта жайы, оның дұрыс жасақталынып, уақытылы жаңартылып отыруын қадағалаймын. Бақылау соңында сараптама жүргізіп отырамын. Мектепке дейінгі баланың жеке басын және танымдық процестерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын және тұтастай алғанда айналадағы әлеммен өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік – дамытушылық ортаны және оның құралдарын қолдана отырып, балаға өзіне тән нәрсені табуға және дамытуға көмектесуге болады. Сондықтан балабақшада мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық белсенділігін оқыту және өзін-өзі дамыту жүзеге асырылатын ортаны жобалауға ерекше назар аударылады. Өздеріңіз білетіндей, барлық балалар әртүрлі, және әр мектеп жасына дейінгі баланың өзіндік даму жолына құқығы бар. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде балалар ұжымын тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалуы, сондай-ақ әрбір тәрбиеленушіге өзіндік ерекшелік пен шығармашылық көрсетуге мүмкіндік берілуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер :
С.Н.Жиенбаева “Мектепке дейінгі педагогика”
С.Андабекова “Мектепке дейінгі педагогика”
Достарыңызбен бөлісу: |