Ант атқан / ант ұрған– ежелгі түсінік бойынша қасиетті антты бұзып, жазаға ұшырап, халық алдында масқараға душар болған опасыз жан. Дәстүрлі қоғамда қандай бір жағдайда ант бермеуге тырысқан. Егер, азамат ант берген жағдайда оны бұлжытпай орындауға тиісті болған. Ал, антын орындамаған адам ауыр жазаға ұшыраған, сол жазаның бір түрі – опасыз, пәтуасыз адам ретінде елден аластатылған. Кейде ондай адамдар антын бұзғаннан кейін бір жамандыққа кез болса, жұрт оны «ант ұрды», «ант атты» дейтін. Кейіннен, тілімізде антұрған ұғымы залым, жаман адам деген мағынаға ие болды.
Ант мезгілі. Адам өмір сапарының ақырында болатын бұл түйінді кезді ант мезгілі деп атаған. Дүниеден озар алдындағы науқас адамның жақын туысқандарымен қоштасу кезі, басқаша атаумен бақұлдасу, арыздасуы. Дәстүрлі түсінікте адам жанын Жаратушыдан аманатқа алады деп ұғынған. Ажал келгенде пенде Алладан ант беріп аманатқа алған жанды адал ұстап, түпкі иесіне таза қалпында тапсыру қажет деп ұғынған.
Антсүйек – соғымға сойған мал етінің сақталған ең соңғы кәделі (ақтық) мүшесі. Қазақта, әдетте, соғымның ең ақырғы мүшесі ретінде жамбас сүйек сақталады, мұны қонаққа асу оған үйде еттің жоқ екендігін білдіреді. Осыған орай, ел арасында қонақ айтқан екен деген сөз қалыпты.
Жамбасты асқаны, үй иесінің сасқаны,
Үйінде жоқ болды-ау, жамбастан басқа қосқаны.(ҚТФС)
АНТ-тың құқықтық байланыстар саласындағы атқаратын өзіндік императивтік сипаттағы функциясы болады. Анттың құқықтық принципі ретіндегі ерекшелігі де осында. Сонымен бірге Анттың әлеуметтік қатынастар саласындағы реттеушілік орны мен маңызы ерекше болады. Көбінесе тұлғааралық байланыстарды реттейтіндіктен, бұл әлеуметтік деңгейдегі анттың функциясы моральдық-этикалық сипатта болды. Бірақ анттың тұлғааралық қатынастағы реттеуші функциясы белгілі бір ахуалға байланысты құқықтық мәнге ие болуы мүмкін. Дәстүрлі этномәдени орта болып табылатын көшпелі социумда анттың ғұрыптық және әлеуметтік функциялары синкреттік сипатта болды. Дегенмен, тұлғааралық қатынас ушыққан жағдайда әдеттік ғұрыптың нормалары мен принциптері қолданылады. Бұл жерде негізгі ілік болатын жайт: тұлғалардың арасындағы қабылданған анттың қандай жағдайға байланысты бұзылуы және оның салдары ескеріледі. Этнографиялық деректерге қарағанда, ант, анттасу рәсімі көшпелі қоғамның тіршілігінде өзіндік рөл атқарған. Ант берудің, анттасудың көшпелі этномәдени ортаға тән атқарылу реті болды.
Сонымен бірге анттасу тәртібінің әртүрлі ахуалға және әрбір әлеуметтік саланың сипатына байланысты түрлері болды. Осыған орай, көшпелі ортада көп қолданылған құқықтық, магиялық, діни, «таза» этикалық, тұлғааралық сипаттағы анттасуды айтуға болады. Ескере кетер нәрсе – көп жағдайда аталмыш анттасудың түрлері бірін бірі өзара толықтырып отыратын синкреттік сипатта болды. Көшпелі ортада ең көп тараған анттасудың түрі ғұрыптық болды. Мысалы, ел өміріндегі қандай бір қысылтаяң елеуліоқиға кезінде екі адам бір-бірі үшін немесе жеке адам (кейде бір топ мүдделес жандармен одақтасып) қауымның игілігі үшін өз басын шын ниетпен құрбандыққа шалуға бел буып, магиялық стереотип сөздер айтып, егер антты бұзса, осындағы шартқа сай қатаң жазалануды қалап, арнайы ғұрыптық рәсімді атқарады.
Ант, серт, уәде – халқымыздың сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады.Ант – адалдық сөзі.
Сонымен қатар, әскери ант, мұғалімнің анты, мектеп түлегінің анты секілді анттар бар. Бұл анттар көпшіліктің алдында оқылады. Мәселен, әскери ант барысында сарбаз қаруын ұстап тұрып салтанатты түрде ант береді.
Жалпы алғанда, ант беру үрдісінде қолданылатын бейвербалды амалдар қатарында мынадай әрекеттер мен заттардың көп қолданылатынын байқаймыз: Құран ұстау, басына тас қою, астына қара тас қою, қара қойдың немесе боз биенің қанына бармағын (саусағын) батырып, маңдайына жағу, осындай қанға найзаның ұшын батыру, су ішу, қымыз ішу, семсерін, қылышын сүю, бір-бірінің саусағының қанын сору, неке суын ішу, Ата Заңға қол қойып тұрып ант беру, Туды сүю, т.б.
Қорыта келгенде, аталған бейвербалды амалдар анттың құқықтық, магиялық, діни, таза этикалық сияқты түрлі сипатта болатынын көрсетеді.
Сөз құдыретін түсініп, қашанда бір ауыз сөзге тоқтаған, ешқандай заңдық құжаттармен белгіленіп, мөрмен басылған заңнамаларға бағынбаған қазақ билер талқысына жүгініп, сөзге тоқтап, қажет болса, өз басын тігіп ант еткен, ешқашан бекер сөйлемеген, сөзім-сөз, уәдем-уәде деп серт берген.
Анттың құқықтық байланыстар саласындағы атқаратын өзіндік императивтік сипаттағы функциясы болады. Анттың құқықтық принципі ретіндегі ерекшелігі де осында. Сонымен бірге Анттың әлеуметтік қатынастар саласындағы реттеушілік орны мен маңызы ерекше болады. Көбінесе тұлғааралық байланыстарды реттейтіндіктен, бұл әлеуметтік деңгейдегі анттың функциясы моральдық-этикалық сипатта болды. Бірақ анттың тұлғааралық қатынастағы реттеуші функциясы белгілі бір ахуалға байланысты құқықтық мәнге ие болуы мүмкін. Дәстүрлі этномәдени орта болып табылатын көшпелі социумда анттың ғұрыптық және әлеуметтік функциялары синкреттік сипатта болды. Дегенмен, тұлғааралық қатынас ушыққан жағдайда әдеттік ғұрыптың нормалары мен принциптері қолданылады. Этнографиялық деректерге қарағанда, ант, анттасу рәсімі көшпелі қоғамның тіршілігінде өзіндік рөл атқарған. Ант берудің, анттасудың көшпелі этномәдени ортаға тән атқарылу реті болады. Ант– халқымыздың сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. Ант – адалдық сөзі.