Сөж тақырыбы: Электрлік өлшеу Орындаған


Электрлік шамаларды өлшегіш түрлендіргіштер



бет5/15
Дата06.03.2023
өлшемі433,34 Kb.
#71912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
С ж та ырыбы Электрлік лшеу Орында ан

Электрлік шамаларды өлшегіш түрлендіргіштер


Барлық физикалық шамаларды өлшеу өлшегіш аспаптар көмегімен жүргізіледі.
Өлшеу жабдығы – өлшеу экспериментін жүргізуге қолданылатын техникалық сипаттамалары мөлшерленген техникалық құрылғы.
Функционалдық арналуына байланысты барлық өлшегіш аспаптар төмендегіше жіктеледі:
- өлшем – физикалық шаманың белгілі бір мәнін көрсетуге арналған өлшеу жабдығы;
- өлшеу түрлендіргіші – бақылаушы тікелей қабылдай ал-майтын, бірақ әрі қарай тсымалдауға, өңдеуге және сақтауға қолай-лы өлшеу ақпараты сигналын өңдіруге арналған өлшеу жабдығы;
- өлшегіш аспап – бақылаушы тікелей қабылдай алатын өлшеу информациясының сигналын өңдіретін өлшеу жабдығы;
- өлшеу ақпарат жүйелері және өлшеу құрылғылары - бақылауға, өңдеуге және объектілерді басқару үшін қолдануға ыңғайлы өлшеу информациясын өңдіру үшін бір-бірімен көмекші құрылғылар, байланыс каналдары арқылы жалғанған өлшеу жабдықтарының жиынтығы.

Электромеханикалық аспатар
Аналогты өлшеу түрлендіргіштерінің кеңінен қолданылатын бір түрі ол электромеханикалық түрлендіргіштер. Олар тұрақты және айнымалы ток пен кернеулерді немесе басқада электрлік және электрлік емес шамаларды түрлендіру үшін қолданылады. Бұл түрлендіргіштің негізгі ерекшеліктері олардың қарапайымдылығы, жоғары сенімділігі мен нақтылығы.
Барлық электромеханикалық өлшеу аспаптарын көрсетілгендей өлшеу тізбегінен, өлшеу механизімінен және есептегіш құрылғыдан құралатын структуралық схема түрінде көрсетуге болады.

. Электромеханикалық өлшеу аспабының структуралық схемасы

Өлшеу тізбегінде кірістегі Х шамасы өлшеу механизіміне әсер ететін Х1 аралық шамасына түрленеді. Өлшеу тізбегі сондай-ақ өлшеу аралығын кеңейту және қателіктерді теңгеру компенцациялау үшінде арналуы мүмкін.


Өлшеу механизімінде Х1 аралық шамасының электромагнитті энергиясы айналдырғыш момент туғызатын электромеханикалық энергияға түрлену процессі жүріп нәтижесінде өлшеу механизімінің қозғалмалы бөлігі  бұрышқа орын ауыстырады бұрылады.
Қозғалмалы бөліктің орын ауыстыруы ауытқуы есептегіш құрылғы арқылы анықталады. Электромеханикалық аспаптардың есептегіш құрылғысы шкала және көрсеткіштен стрелка, жарық сәулесі құралады. Оның көмегімен өлшеу аспабының өлшеніп отырған Х шамасына тең болуы керек Ү көрсетуі анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет