Сөж тақырыбы: Электрлік өлшеу Орындаған


Электромеханикалық түрлендіргіштердің жіктелуі



бет6/15
Дата06.03.2023
өлшемі433,34 Kb.
#71912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
С ж та ырыбы Электрлік лшеу Орында ан

Электромеханикалық түрлендіргіштердің жіктелуі
Барлық электромеханикалық түрлендіргіштер жұмыс жасау принципіне байланысты, яғни өлшеніп отырған сигналдың электромагнитті энергиясының түрлендіргіштің қозғалмалы бөлігінің орын ауыстыруын туғызатын механикалық энергияға түрлену әдісіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
магниттіэлектрлі механизм;
логометрлік магниттіэлектрлі механизм;
электромагнитті механизм;
логометрлік электромагнитті механизм;
полярланған электромагнитті механизм;
электрдинамикалық механизм;
логометрлік электродинамикалық механизм;
ферродинамикалық механизм;
логометрлік ферродинамикалық механизм;
электростатикалық механизм:
индукциялы өлшеу механизмі.
Басқада ерекшеліктеріне, мысалы кері әсер етуші моменттің пайда болуына байланысты механикалық кері әсер етуші моментті және электрлі кері әсер етуші моментті (логометрлі) болып екіге бөлінеді.
Қолданылатын есептегіш құрылғының түріне байланысты көрсеткіші механикалы- тілшелі (стрелочный) және көрсеткіші жарық пен көрсететін.
Нақтылық класына байланысты: 0,05; 0,1; 0,2;:0,5; 1,0; 1,5; 2,5; 4,0; 5,0. нақтылық класты.
Өлешенетін шама түріне байланысты электромеханикалық аспаптар амперметрлер, вольтметрлер, ваттметрлер, омметрлер, фазометрлер, частотометрлер, гальванометрлер және т.б болып жіктеледі.
Магниттіэлектрлі аспаптар
Бұл жүйе аспаптарының құрылысы 8.2 – суретте көрсетілген, негізгі құрамды бөліктері 1- тұрақты магнит және оған бекітілген 2-полюстер, полюстер арасына 3-болаттан жасалған цилиндр және оған жапсырылған 4-рамка, рамкаға ток екі спираль тәрізді 5-серіппелер арқылы беріледі.

. Магниттіэлектрлі жүйе аспабының құрылысы
Бұл жүйедегі аспаптардың жұмыс жасау принципі рамкадағы ток пен полюстердің магнит өрісінің өзара әсерлесуіне негізделген. Бұл әсердің нәтижесінде айналдырғыш момент пайда болып рамка және ол бекітілген цилиндр бірге қозғалысқа келеді. Спираль тәрізді серіппе бұл қозғалысқа кері әсер моментін туғызады. Айналдырғыш момент токқа пропорционал ал кері әсер моменті серіппенің бұралу бұрышына пропорционал болғандықтан: деп жазуға болады, мұндағы k және D – пропорционалдық коэффициенттері.
Ендеше рамканың бұрылу бұрышы:

ал орамдағы ток

мұндағы - шкаланың бөліну санымен анықталатын токтың өлшем бірлігіне сәйкес келетін аспаптың сезімталдылығы; CI – аспаптың ток бойынша тұрақтылығы.
Олай болса өлшенетін токты бұрылу бұрышы мен ток бойынша тұрақтылық коэффициенттерінің көбейтіндісі ретінде анықтауға болады.
Бұл жүйедегі аспаптардың негізгі артықшылықтары мыналар: жоғары нақтылығы мен сезімталдылығы, өлшеу тізбегінен аз қуат тұтынады. Кемшіліктері ретінде олардың құрылысының күрделілігін, асқын жүктемеге төзімсіздігін және қосымша түрлендірусіз тек тұрақты токты өлшеуге арналатындығын айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет