Сөж Тақырыбы: Кеңестік білім беру жүйесін құру


Кеңестік Қазақстандағы сауатсыздықты жоюға бағытталған шаралар



бет2/3
Дата09.11.2022
өлшемі1,22 Mb.
#48908
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3

Кеңестік Қазақстандағы сауатсыздықты жоюға бағытталған шаралар

  • 1918 жылы “Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация” қабылданды.
  • 1919 жылы “Сауатсыздықты жою туралы Декрет”.
  • 1921 жылы Сауатсыздықты жоюға арналған орталық төтенше комиссия (Казграмчека) құрылды.
  • 1924 жылы ақпан айында “Сауатсыздық жойылсын” қоғамы құрылды.
  • 1930 жылы тамыз айында жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді.

Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдығындағы жалпы білім беру жүйесінің қалыптасуы

  • 1920–1921 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 2410-ға жетті (1914–1915 оқу жылында – 2011). Мектептердегі білім беру деңгейі әлі де нашар еді. Балалар мен мұғалімдерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары тапшы болды. Әсіресе қазақ мектептерінде оқулықтар жетіспеді. Сондықтан да Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары сауатты деген ел азаматтарын қазақ мектептері үшін оқулықтар жазуға шақырды. 

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы арнаулы орта және жоғары білім

  • Большевиктер билікке келгеннен кейін республикада жоғары оқу орындары мен техникумдар ашыла бастады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы жылдары жоғары білімі бар білікті кадрлар жетіспеді. С. Сейфуллин алғашқылардың бірі болып педагогикалық оқу орындарын дамытуға, студенттердің тұрмыс жағдайына ұдайы назар аударып отырды.
  • 1928 жылы Қазақстанда алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогикалық институты ашылды. Кейін оған ұлы Абай есімі берілді. Кейіннен басқа да жоғары оқу орындары ашылды: Алматы малдәрігерлік институты (1929), Қазақ ауылшаруашылық институты (1930), Алматы медицина институты (1931), Орал педагогикалық институты (1932). 

Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылуының алғышарттары

  • ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап республикада КСРО-ға ұйымдастырған бірқатар тұрақты және маусымдық ғылыми қоғамдар жұмыс істей бастады. Академиктер А.Е. Ферсман, А.Н. Самойлович, А.А. Григорьевтер жетекшілік еткен экспедициялар өлкеде ғылыми зерттеулер жүргізді. Олар пайдалы қазба орындары, өсімдіктер мен аңдар дүниесі және қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жайлы құнды еңбектер жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет