Сөж Тақырыбы: Кеңестік білім беру жүйесін құру



бет1/3
Дата09.11.2022
өлшемі1,22 Mb.
#48908
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3

Сөж

Тақырыбы: Кеңестік білім беру жүйесін құру


Тексерген: Тілебалды Ж. Қ.
Орындаған: “6B01901- Арнайы педагогика” білім беру бағдарламасы 1курс студенті Нурмуратова Толганай
“Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті” Педагогика және Психология институты, Арнайы педагогика

Жоспар

Жетістіктері мен қайшылықтары

  • 1919 жылы желтоқсанда В.И. Ленин «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декретке қол қойды. 1920 жылдан бастап большевиктер Лениннің тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, барлық жерде сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құруға кірісті. Олар хат танымайтындарды есепке алуды, мұғалім кадрларын даярлау, мектептер мен қысқа мерзімді курстар ұйымдастырумен айналысты. Курстарда оқу мен жазуды үйретумен шектелмей, табиғаттану, бухгалтерлік есеп, ән сабағы, сурет салу т.б. пәндерді оқытты. Белгілі бір дәрежеде идеология мәселесі де қатар жүргізілді. Осы мақсатта кеңестік билік органдары Алаш қайраткерлері мен халық ағартушыларын тартты. 

1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы сауатсыздыққа қарсы күрес

  • Большевиктер билікке келген алғашқы күндерінен бастап жаппай сауатсыздықты жою үшін күрес жүргізуге кірісті. Кеңес үкіметінің жергілікті билік органдары Азамат соғысы жағдайында мүмкіндігінше мектептер ашты. Халықты ағарту арқылы большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді және қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді. 1918 жылы шілдеде Түркістан АКСР-інде Халық ағарту комиссариаты (Наркомпрос), ал бұған дейін Қырғыз революциялық комитетінде мектеп бөлімі ашылған еді.

Сауатсыздықты жою

  • Білім мен ғылымның дамуы мектеп-интернаттар, рабфактар (жұмысшы факультеттері) құрыла бастады. Қазақстанда сауатсыздықты жою науқаны барысында көптеген кедергілер кездесті: қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үй-жайы және оқулықтар мен тәжірибелі мұғалімдер тапшылығы.
  • А. Байтұрсынұлы жаңадан ашылып жатқан мектептерге 20 мың мұғалім керек екенін айтты. Ал бөлінген қаржы көлемі 2616 мұғалім мен кітапханашылардың жалақысына ғана жететін еді. Сондықтан ол жергілікті билік органдарын мектептерді өз бетінше ашуға, оларды ұстауға өз қаражаттарын жұмсауға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет