Сөж тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия Орындаған: Нигметоллиева Камила Алматы, 2023ж Жоспар



бет6/8
Дата17.11.2023
өлшемі84,64 Kb.
#124282
1   2   3   4   5   6   7   8
Махамбет – арманшыл ақын. Махамбеттің жүрегіндегі ең басты арманы – қайырсыз қоныстағы сормаңдайхалқының келеңсіз тағдырын өзгерту. Жатса да, тұрса да ойынан кетпейтін жалғыз уайымы да сол.
«Арғымақтың баласы аз оттар да, көп жусар - талаудан татқан дәмі бар; азамат ердің баласы аз ұйықтар да, көп жортар – дұшпанға кеткен ары мен барымтаға түскен малы бар». Оның басты мұраты да сол: дұшпанға кеткен ары мен барымтаға кеткен малы. Арманы орындалу үшін жабыққан халқын:
Қоғалы көлдер, құм сулар
Кімдерге қоныс болмаған?! 
Саздауға біткен құба тал 
Кімдерге сайғақ болмаған?
Ішелік те желік, 
Мінелік те түселік, 
Ойналық та күлелік, 
Ойласаңдар, жігіттер
Мынау жалған дүние 
Кімдерден кейін қалмаған?!» - деп жұбатып, өрелі күреске шақырады. Қамыққан халқын: 
Желп- желп еткен ала ту 
Жиырып алар күн қайда? 
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып, 
Түлкіден түйін қатап, 
Бөрідейін жол тартып, 
Жауырынға мұз қатып, 
Жалаулы найза қолға алып
Жау тоқтатар күн қайда?» - деп қайрап, күреске жігерлендіреді. 
Беркініп садақ асынбай, 
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге дөп салмай, 
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай, 
Халыққа тентек атанбай 
Үйде жатқан жігітке 
Төбеден түсер тегін атақ болар ма?!» - деп кез- келген бөріктіні намысқа шақырады.
Алдымен Махамбет болу қиын, ал Махамбет болғасын батыр болу да, ақын болу да, күйші болу да оп- оңай сияқтанып тұрады. Қазақ жырын жатқа білетін ақын Махамбет соңғы деректер көрсеткендей күйші де екен. Қай құлаққа да таңсық естілер бұл дерекке таң қалатындай ештеңе жоқ. Көк найзалы батырдан қызыл сөзге ділмәр шешен шығуы, қасына домбыра ұстаған кез-келген ақыннан сазды сөйлетер аруақты композитор шығуы бола бермейтін ақиқат. Ал, Махамбеттің адам таң қалатын жері де, сол бола берместің бәрін болдыра білгендігінде. Ақын болып бардың алдында байпақтап, жоқтың алдында шайқақтап, мақтаушы болмай, жоқтаушы бола білуінде. Күйші болып орны толмас өкінішті жеңдіріп, сағынышты сезімді тудырып, терең ой толғандарына жетелеуінде. Махамбеттің күйлерін ақындығы мен батырлығынан бөліп қарау мүмкін емес. Махамбет күйлері асқақ ақын, өр батырдың жүрек соғысы мен жүрек тынысының үнмен жазылып қалған кардиограммасындай. Бұларда да Махамбеттің сол таныс дауысы, таныс шабыты, таныс дүрсілі.
Махамбет поэзиясы-көтерілістің үні, ол өмір сүрген кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдайға,ақын жасаған дәуірдегі елдің тіршілігіне, өмірге, поэзияға көзқарастарына әдеби ағымдары жатады. Махамбеттің ең басты нысаны -ол тек көтеріліс басшысы ғана емес,ол-ақын, қарумен де, жалынды сөзімен де халқына қызмет еткен, Исатайдың оң қолы, көтерілістің дем берушісі, отаншылдық, азаматтық қасиетті мол,орыс отаршылдары мен империяның жергілікті қол шоқпарларының озбырлығын,барынша әшкерлеуші жақтарын басатын асыл тұлға.
Егер батыр ақынның өмірдеректеріне үңілсек; Махамбет жасынан дарын иесі, шешендігімен,ақындығымен ел аузына іліккен екен. Оның осы таланттын естіп-білген Жәңгір хан Махамбетті қарғы бау тағып, сарай ақыны етпекті ойлайды. Жаны жасық пенде болса сарай төңірегінде хан сарқытын ішкенге мәз болып жүрер еді, ал Махамбет оған көнбеген. Ханның елге істеп отырған жәбірлігіне қаны қайнаған ол "Хан емессің, қасқырсың,"- деп, іргесін одан аулақ салады. Бірақ хан тұқымдары осы әрекетіне өкпелемей,қайта:-Бұлайша айтпаса, Махамбет батыр бола ма? Батырдың сөзін көтермесем,мен хан болам ба?-деседі.
Бұл аңыз болса да Махамбетке берілген әділ баға еді. Аңыз болсын, ақиқат болсын,бәрбір, Исатай мен Жәңгір,Жәңгір мен Махамбет-ағайыншылдықтан ажырамаған адамдар. Жәңгір ел басқарған хан болса, Исатай сол ортадағы ақылды көсем би, Махамбет от ауызды,орақ тісті шешен болған. Соңғы екеуі: бірі-батыр,бірі-ақын.
Махамбет поэзиясы екі обрыз жасады,-дейді академик Қ.Жұмалиев.
Бірі-Исатай образы,екіншісі-Махамбеттің өз образы. Махамбет бейнелеуінде Исатай-үстем тап өкілдеріне жаны қас,ел үшін күрескен ер, халыққа қамқоршы патриот. Исатай оның тек серігі,досы ғана емес. ол көтеріліс басшысы,халық қамы үшін алысқан-батыр азамат.

Ақын поэзиямында Исатай-халық бейнесі. Халық батырлығы ,халық ерлігінің, халық махаббатының, халық үшін опат болған ерлер бейнесі.
"Тарланым", "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай", "Соғыс" т.б.
өлеңдерінде Исатай бейнесін жан-жақты, әр қырынан көрінеді.
Исатайға арнаған классикалық өлеңдерінің бірі-"Тарланым" өлеңі. Бұл өлеңде Исатай батыр бейнесі барлық бітімімен көрінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет