Сөж тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия Орындаған: Нигметоллиева Камила Алматы, 2023ж Жоспар


Махамбет – нәзік жанды сыршыл ақын



бет4/8
Дата17.11.2023
өлшемі84,64 Kb.
#124282
1   2   3   4   5   6   7   8
Махамбет – нәзік жанды сыршыл ақын. Ол өзгелер сияқты мұңаяды, қиналады, қуанады, ойлайды. Дос туралы, қас туралы, өзі туралы сыр шертеді, жастарға адамгершілік қасиеттер туралы кеңес береді.
Ол өз тұсындағы хан- төрелермен майлы қасықтай аралас- құралас, тату болған жоқ. 
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің, 
Күшіктей даусын қыңсылатып,
Аш күзендей белін бүгілтіп, 
Ат көтіне үңілтіп,
Артыма салсам деп едім; 
Тілекті тәңір бермеді, - деп түңіледі. «Мен, мен едім, мен едім, мен Нарында жүргенде... ата дұшпан сен едің, ата жауың мен едім; ежелгі дұшпан ел болмас», - деп жеңілген көтерілістің қасіретіне ызаланады. 
Жарайды, от көмей, орақ тісті Махамбет бұны кешегі жеңілістері үшін ызаланып айтып тұрсын. Ал ондай көтеріліс әлі басталмай тұрып Жәңгірге: «Хан емессің қасқырсың, хас албасты басқырсың... т.с.с», - деп неге айтты? Бұның жауабын ақынның өз сөзінен табамыз. «Он екі төбет, шұнақ хан, шабатының ел екен, күндейтінің мен екен, хан ұлына қас болу, қара ұлына бас болу - мендей ерге жөн екен?» - деп өршелене түсті

Махамбет – шыншыл ақын. Ол - хан демей, қара демей шындықты тура айтатын ақын. Ол көтеріліс туралы шындықты жазды. Көтерілістің қалай басталғанын, қалай дамығанын, қалай аяқталғанын жазды. Махамбет отаршылдыққа қарсы қайран табудың орнына, өздері билік пен байлық қуалап басқыншының сойылып соғып кеткен ақ сүйектер қауымын өз тұсындағы қазақ қоғамы үшін қасірет деп білді. Әуелі солардың үстемдігінен құтылмай тұрып, отаршылдықтың құрығы ұзара түспесе, қысқармайды деп ойлады. 
Жапанда біткен бәйтерек
Жапырағын байқасаң, 
Жайқалмағы желден- ді,
Түбіндегі балаусасы белден- ді;
Тәңірім білер, жігіттер,
Ажалымыз қайдан-ды.

Міне, көтерілістің шындығы. Осы шындықтың ақынның қасындағыларға қаншалықты әсері болғанын Исатай атынан баяндалатын «Әй, Махамбет, жолдасым» толғауынан молынан аңғаруға болады. 


Қорлықта жүрген халқыма, 
Бостандық алып берем деп
Ауыр әскер қол ертіп, 
Жасқұсқа барып кіргенде,
Арыстандай ақырған
Айбатыма шыдамай, 
Хан баласы жылады- ай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет