Сөж тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия Орындаған: Нигметоллиева Камила Алматы, 2023ж Жоспар


Алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға



бет2/8
Дата17.11.2023
өлшемі84,64 Kb.
#124282
1   2   3   4   5   6   7   8
Алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға
Махамбет – ғасырдан-ғасырға жалғаса беретін, уақыт өткен сайын қын түбінде жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға. Махамбетті білмейтін қазақ жоқ. Бірақ, бұл оның адами болмысы мен айбалта-жырын көзге елестетіп, тілге оралтумен шектелмейді. Бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз десек те, Махамбеттің жүрегін кескілеген намыс пен күрескерлік бізге қазір де қажет. Өйткені, арын таптатқан, рухын төмендеткен елдің болашағы бұлыңғыр. Əбіш Кекілбаев Махамбет туралы жазған «Шандоз» атты еңбегінде оның «табиғаттан қалаған уақытында табыла бермейтін асылдай аса сирек кездесетін құбылыс» екендігін айта келіп: «Ондай құбылыс тек қазақ түгіл, барша адамзаттың ғұмырында да көп кездесе бермеген. Махамбет - кəдімгі он екі жілік, бір мығым жұмырбасты пенденің ертегідегідей аңызға айналуының, тек ертегіде ғана кездесетін ғажайып ерлердің қайтадан шындыққа айналуының таптырмас бір мысалы», - деп жазған еді. Ал, Махамбеттің ақындығының ерекшелігі оның ақындығы күрескерлікке ойшылдық жəне философиялық сипат берді, оның үстіне Махамбет - мықты психолог ақын. Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, əділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де əрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дəстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады. Оның өлеңдері көтерілісшілер үшін бір жұтым ауа сияқты қызмет етті.Махамбет өлеңдерінің бір сыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Ерлікті дəріптейтін шығармаларды көп.Біз келешек ұрпаққа əрқашан патриоттық күш-қайрат беретін, өздерін жігерлендіре түсіру үшін осындай батыр аталарымыздың болғаның ұмыттырмауымыз керек.Қазіргі таңда біздің патриоттарымыздың еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық идеяға баулысын десек оларға Махамбет атамыздың өлендерін,шығармаларын бойларына сіңірту керек. Махамбеттің « Ереуіл атқа ер салмай », «Тарланым», «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі», « Ерлердің ісі бітер ме?», «Қызғыш құс» деген өлеңдері балалардың ойына қозғау салатын, патриоттық рух беретін, оң мен солын танытатын тəрбиелік күші басым. Ер Махамбеттің өршіл өлеңдері өскелең ұрпақ үшін əке қанымен, ана сүтімен бойға дарыған рух күшіндей əсер етеді. Қазақ əдебиетінің Мұхтар Əуезовтей дарабозының төл шəкірті атанған сөз зергері Зейнолла Қабдоловтың «Махамбет деген ардақты, əрі аяулы есімнің өзі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы»,-деп алдаспан жырымен ел рухын оятқан ақын туралы толғануы да сол себептен. Махамбет ақынға арнап жазылған көптеген шығармалар бар: алдымен қазақ поэзиясындағы Ы.Шөрековтің «Исатай-Махамбет» дастаны, Ж.Молдағалиевтің «Кек», Ж.Нəжімеденовтің «Жаңғырық», Ə.Кекілбаевтың «Махамбет», М.Шахановтың «Нарынқұм трагедиясы», Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш немесе Махамбетпен қалай кездестім», М.Неталиевтің «Арыстан еді-ау Исатай» поэмалары, Қ.Бекқожиннің «Махамбет қабірінің басындағы тебіреніс» атты толғауы. Қазақ əдебиетінің барлық жанрларында арынды ақын, алдаспан жырдың дарабозы əрі батыр, əрі ту ұстаған қолбасшы Махамбет Өтемісұлы туралы шығармалар аз жазылған жоқ. Сонау ақын Ығылман Шөрековтен бастап бүгінгі суреткер қаламгер Зейнолла Қабдоловқа дейінгі қалам ұстаған дарындардың барлығы бұл қасиетті тақырыпқа ат басын бұрмай өте алмаған.Бұл туындылар Махамбеттің күрделі тұлғасын көркемдік тұрғыдан жинақтауда, сол тұстағы қазақ басына түскен бодандық, патшалық Ресей империясының қазақ даласында жүргізген отарлау саясатының қанқұйлы көрінісі, сонымен бірге ел ішіндегі, ағайын арасындағы зұлымдық пен сатқындық үстемдік құрған заман шындығын шынайы жеткізуде жазылған туындылар.Заманымыздың дүлділ компазиторы ұлы Нұрғиса Тілендиевтің Махамбет атты драматизмге толы миниятюралық симфониясында өршіл ақынның текті бейнесі, қайрат жігері, отты поэзиясы асқар шеберлікпен көрсетілген

Махамбет Өтемісов - қазақ әдебиеті тарихында тек халық өкілін,


оның нар мінез, ер қылықты көсем ұлы Исатайдың, жалпы ұнамды адамдардың бейнесін сомдап қана қоймай, сонымен бірге тұңғыш рет өзінің ақындық портретін жасаған дарын ретінде аталып жүр. Бұл ретте ол әдеби алмастыру әдісімен өзін көтеріліс басшысы Исатаймен қосарлай тарлан бөріге, аққуға теңесін, жеке басын ілгеріде айтылғандай, асауға, сұңқарға, жебеге, құмайға, қалықпанға баласын, болмаса лашынның текпіні өтіп мекенінен айрылған көл иесі- қызғыш құс пен өзінің жағдайын айтып, қос мұңдық - адам мен құстың өзара ұқсас жайлары арасына параллельдер жүргізсін, осының қайсысында да, ол өз бейнесін көтеріліс рухынан, соның тынысынан тыс көрсетіп көрген емес. Шындап келгенде оның творчествосынан өзге тақырып табу қиын. Өйткені, оның көзі жұмылғанша барша тілегі, ниеті осындай ұлы мақсат жолында болған.
Ол өздері бастаған таптық күрестің жалғасын келешек ұрпақтан көруді де мұрат тұтқан жан. «Туған ұлдан не пайда, қолына найза алмаса, атаның кегін қумаса… Ханнан қырық туғанша, қарадан бір-ақ тусайшы. Халықтың кегін қусайшы - артымыздан біздердің ақырып теңдік сұрарға» деген жолдар осыған дәлел бола алады. М. Әуезов оның творчествосын бағалай келіп: «Бүкіл XIX ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған өзгеше ақын болған емес» - десе, Қ. Жұмалиев: «Махамбет өлеңдерінде қамшының өзегіндей тартылып жатқан идея - қанаушы тап өкілдеріне қарсы өзінің және халықтың өшпенділігін, олармен еш уақытта келісімге келмейтіндігін жеріне жеткізе жырлаушылық. Сол дәуірді алсақ, бұл мәселеге бүкіл шығыс елінде Махамбетпен ешкім таласа алмай-ды»,
- деген еді. Бұл пікірлердің оның бүкіл ақындық, азаматтық болмысын
сол дәуірдегі үлкен географиялық аймақтағы жалпы әдебиет пен тарих
ауқымын назарда ұстай отырып айтылғанында дау жоқ.
Қысқасы ақынның көптеген туындылары көзі қарақты оқырманына өздері бастан өткерген нақты жағдайлардың дерегін бере білгендігімен қымбат. Мұнан тарихи шындықтың көркемдік шындыққа ұласуын көреміз.
Сондай-ақ, «Ереулі атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Орай да борай қар жауса», «Ерлердің ісі бітер ме?» «Толарсақтан саз кешіп», «Толғау» сияқты ақын туындыларында нақты деректер келтірілмесе де, бұл шығармаларда өз тұрғысында көтеріліс рухын айқын танытуымен бағалы. Ақынның осы соңғы шығармаларының өзінде сол дәуірдегі тарихи шындықтың сәулесі, көтерілісшілер өткен жолдың ізі, олардың бастан кешкен қиындығы мен алабұртқан көңіл-күйлері жарқырай көрінген. Бұл туындыларсыз 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісі жайлы ереуіл жырларын көзге елестету мүмкін емес. Оның қай қайсысы да Махамбеттің жауынгер ақын ретіндегі дарынын, өз болмысын терең ашатыны даусыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет