Әбілхайырдың ендігі бағыты — оңтүстік пен оңтүстік-шығысты бағындыру еді. Әбілхайыр хан өзінен бұрынғы Барақ хан сияқты Ақ Орданың экономикалық жағынан анағұрлым қуатты ауданын басып алуға ұмтылды. 1446 жылы ол аса ірі жеңістерге жетті. Қаратау алқабы мен Сырдария жағалауындағы Созақ, Сығанақ, Аркек,Аққорған, Үзкент сияқты қамалды қалаларды қосып алды. Сөйтіп, үшінші рет өз орталығын Ақ Орданың бұрынғы астанасы Сығанаққа көшірді.
Кезінде Ақ Орданың бұрынғы қуатын қалпына келтіру мақсатында 1427 жылы Барақ хан дәл осы Түркістан аумағы үшін Темір әулетімен соғысып, жеңіске жеткен еді. "1428 жылы Барак, хан қаза болғаннан кейін бұл жерлер Темірдің ұрпағы — Ұлықбек мемлекетінің қолында болды ма, әлде Орыс хан мен Барақ хан ұрпақтарының қол астында болды ма?" деген сұрақ туады.
Әбілхайыр хан мемлекеті
Шамасы, Ұлықбек қол астында Түркістанның тек оңтүстік бөлігі (Йасы, Отырар) ғана қалса керек. Деректемелерді салыстыра отырып, мұнда XV ғасырдың 40-жылдарында Әбілхайыр ханға бас имеген Ақ Орда хандарының ұрпақтары мекендеген деп топшылауға болады. Дәлірек айтсақ, Тока-Темір мен Орда Ежен ұрпақтарының қонысы еді. Олардың екеуі де дәстүр бойынша Ақ Орданың тең дәрежелі билеушілері болатын. Олар Барақтың осы аумақтағы билігін мұраға алды. Сондықтан Әбілхайырдың Сырдария бойын бағындыруы бұл аймақта көшіп-қонып жүрген Орыс хан — Барақ хан мұрагерлері Керей мен Жәнібек сұлтандарменарадағы қатынастарды шиеленістіріп жіберді. Ендеше, қалыптасқан аса күрделі саяси жағдайдың болашақтаКерей мен Жәнібектің өзіне қарасты халықты алып кешіп кетуінің себебін түсіну үшін маңызы зор.
Әбілхайыр хан мемлекеті
1457 жылы Әбілхайыр хан Сығанақ маңындағы Көккесене елді мекенінде ойраттың Үз Темір тайшысынан күйрей жеңілді. Бұл жеңіліс оның мемлекетінің саяси ыдырауына әкелді. Әбілхайыр ханның өзі 1468 жылы Моғолсташа жорық үстінде қайтыс болды.