Сөж тақырыбы: Ортағасырлық мемлекеттер xiv—xv ғғ


XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы монғол дәстүрлерінің әсері



бет4/5
Дата25.04.2023
өлшемі341,6 Kb.
#86617
1   2   3   4   5

XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы монғол дәстүрлерінің әсері

  • Жер қатынастары Шығыстағы орта ғасыр қоғамының әлеуметтік құрылысына ұқсас болды. Барлық жер мемлекет меншігі болып саналды. Шыңғыс әулетінен шыққандар осы иеліктің бір бөлігін (ұлысты) інжу ретінде алды. Бағыныштылықтың ұлыстық (еншілікжүйесі қалыптасты. Бұл — мемлекеттің әскери-әкімшілік құрылымымен тығыз байланысты еді. Мұндай жүйе бұрынғы Қарахан әулеті дәуірінде икта (шартты түрде берілген жер иелігі) түрінде болғандығы белгілі. Иктаның жетілдірілген түрі — сойырғал пайда болды. Сойырғал дегеніміз — көшпелі ақсүйектердің малшылар мен отырықшы егіншілікпен айналысатын тұрғындарға үстемдігінің бір 126 түрі, сыйға берілетін шартты жер бөлігі. Тарихта сойырғалдар беру туралы Тоқтамыс пен Темір-Құтлық Жарлықтары сақталған. Сойырғалды Ақ Орда хандары, кейінірек қазақ хандары да кең түрде қолданды. Түркістан қалаларын ақсүйектердің еншісіне бөліп берді. Сойырғалдар тек тұрақты қызметі үшін ғана емес, сонымен қатар нақты әскери қызметі үшін де берілді.

XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы монғол дәстүрлерінің әсері

  • XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттерде бағынышты тәуелділік қатынастар — тархандық сый тарту жүйесі кең қолданылды. Мұндай сыйды алған адам мемлекет пайдасына салық төлеуден, тоғыз рет жазалаудан босатылды.
  • Біртіндеп сыйға алынған жерлер мұрагерлік иелікке айнала бастады. Өзара қақтығыстарда күшпен тартып алынған жерлер де жеке меншікке (мильк) айналдырылды.
  • Сонымен қатар мұсылман діни мекемелері мен дінбасыларының жеке меншігі — вакфтың жерлер болды. XIV—XV ғасырларда Ақ ОрдаӨзбек хандығы мен Моғолстандағы мемлекетті басқарудағы үлестік жүйе көшпелі ақсүйектердің өз үлесі ауданындағы отырықшы тұрғындарға билік жүргізуіне мүмкіндік берді.

XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы монғол дәстүрлерінің әсері

  • Жоғарыда айтылған мәселелер Сырдария қалалары үшін болған ұзақ күрестің уәжін түсінуге көмектесері хақ. Үлестік басқару орталық биліктің ектемдігіне шек қойғанымен, оның өлсіз жағы — ұлыстардың (үлестердің) оқшаулануына, әулеттік күрестерге, өзара алауыздықтарға тосқауыл қоя алмады.
  • Ұлыстардағы мемлекеттік басқару ауқатты ақсүйектердің қолында болып, билеуші топтың қолында әскери-саяси билік және әкімшілік биліктер қоса шоғырланды.Тайпалық бірлестік билеушілері ханға бағынышты тәуелділікті сақтады. Хан бағыныштылары ретінде соғыс бола қалған жағдайда ханға жасақ шығаруға және алым-салық төлеуге міндетті болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет