Педагогикалық өнер- Педагогикалық іс-әрекет – адамдар арасындағы рухани және практикалық тәжірибені беруде туындайтын қарым-қатынастарды қамтамасыз ететін қызмет. Қазақстан бәсекеге қабылетті ел бол ушін болашақ ұрпақ білімді,сапалы тәрбиелі,елін, жерін, ұлтын суйетін нағыз өз елінің патриоты болуы тиіс. Оқушы-ның бойына біліммен қатар отаншылдық рухты дарытып, тәлім-тәрбиенің қайнар бұлағымен сусындатып, адамгершілік, мейірімділік, ізгілік шуағын сеуіп,болашақ дарынды-білікті мамандарды шығара білген қасиетті білім ордасындағы саналы ғұмырын жас ұрпаққа арнаған ұлағатты ұстаздың еңбегі өлшеусіз. Ертенгі күннің бүгіннен де нұрлы да жарқын болуы, тек білімге ғана тән... Ол үшін ел ертенгі жас ұрпақты саналы да сапалы, иман жүзді ұрпақ етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты міндеті. Ел ертеңінің баяанды болуы – бүгінгі жас ұрпақтың саналы да сапалы білімді болып қалыптасуында. Әр оқушыны бауырына басып, мүмкіндігін шыңдауда аяанбай тер төгетін ұстаздар еңбегінің жемісі мол. Қоғамның болашақ азаматтарын жақсы қасиеттерге тәрбиелей білсек-ісіміздің жемісті,болшағымыздың жарқын болғаны деп білемін.
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген педагог болуы керек.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К. Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі,ең алдымен, мақсат-міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Қазіргі білім мен техниканың дамыған кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз шетелден еніп келе жатқан түрлі мәдениет ағымына көміліп қалмас үшін, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті етіп тәрбиелеу – басты мақсат болып табылады. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, оқушыларға тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін дамыту.Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Ғұлама данышпан Әл-Фараби: «Ұстаз …жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, …алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»,- деген болатын. Демек, кәсіби шебер мұғалімнің міндетті талаптары осыған сай болса керек.
Оқушының оқылатын пәнге деген қарым-қатынасын, көзқарасын анықтаушы бірден-бір адам – мұғалім. Кез-келген оқушы әуелі мұғалімді, сосын барып пәнді не мәңгілік сүйіп, не өмір бойы жек көріп кетеді. Сол себепті мұғалім оқушының өміріне өзгерістер енгізеді. Жанына жақын пәннің мұғалімі көңіліне жақпаса, оқушы ол пәннен алшақтай береді де, жат дүние болуы мүмкін. Сондықтан әр ұстаз оқушының көңіл пернесін дәл басуы, өз пәнін екі жаққа да тиімді әдістермен өткізуі тиіс. Нағыз кәсіби шеберлік осыдан бастау алса керек.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы
қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:
1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;
3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
- педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
- педагогикалық кәсіби білгірлігі;
- педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;
- педагогикалық техникасы.
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар:
- педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;
- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;
- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
- іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс.
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.
Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі: https://kk.warbletoncouncil.org/filosofia-del-arte-14319
https://stud.kz/prezentatsiya/id/21616
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BD%D0%B5%D1%80_%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B
st.kz/word/qarym_qatynas_jasai_bily___ulken_oner_psihologiyalyq_trening-6190.html