Сөж тақырыбы: «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары»


Москваның А.Н.Тубельский басқаратын №734 өзін-өзі басқару мектебінің тәрбие жүйесінің де өз ерекшеліктері бар. Мәселен



бет29/36
Дата02.11.2022
өлшемі160,12 Kb.
#46897
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36

Москваның А.Н.Тубельский басқаратын №734 өзін-өзі басқару мектебінің тәрбие жүйесінің де өз ерекшеліктері бар. Мәселен,


    • Москваның А.Н.Тубельский басқаратын №734 өзін-өзі басқару мектебінің тәрбие жүйесінің де өз ерекшеліктері бар. Мәселен,

1)мектеп Жарғысы арқылы белгіленген «Құқығым бар» («Имею право») атты үндеуді басшылыққа алған оқушылар қауымында оқу және тәрбиенің негізгі мақсаты «балаға тұлға тұлға ретінде қалыптасуына және өзінің даралығын ұғынуына ықпал ететін жағдайды тудыру;

2)мұғалімнің міндеті балаларда оқуға деген қызығушылықтар мен құштарлықты ояту. Бұл қатаң білім беру бағдарламасының болмауын, керісінше әрбір оқушының қызығушылығы, бейімділігі мен қабілетіне және білімді өз бетінше меңгеруге бағдарланған басымдықтың болуы нәтижесінде жетістікке қол жеткізуге болуына негізделген;

3)мектептің барлық өмірі тәжірибелік алаңға айналған, әртүрлі пәндер бойынша берілетін сабақтар балалардың өз бетінше зерттеу жұмыстарымен айналысуына бағытталған, онда олардың өздері оның нұсқасын алға тартады, оның шешімін өздері іздестіріп және мәселені

4)шығармашылық әрекет оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жетекші рөл атқарған, ол мектептің «Фиговый листок» атты басылымында көрініс тауып отырған, кейбір міндетті пәндер және арнаулы курстар балаға жазба және ауызша жұмыстарына көмек көрсетуге бағытталған;

4)шығармашылық әрекет оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жетекші рөл атқарған, ол мектептің «Фиговый листок» атты басылымында көрініс тауып отырған, кейбір міндетті пәндер және арнаулы курстар балаға жазба және ауызша жұмыстарына көмек көрсетуге бағытталған;

5)мектептің барлық өмір сүру әрекеті тең құқылыққа және ынтымақтастық педагогикасына негізделген, ол мектептің барлық субъектілеріне (мұғалімдер, оқушылар) міндетті ортақ ата заңымен реттеліп отырған.

6)мектеп оқушылары 5-сыныптан бастап мемлекеттік стандартта көрсетілген минимумға сәйкес өздері қалаған пәндерді таңдауға; сабақтарға ерікті түрде қатысуға және оқу бағдарламаларын өз уақтысынан бұрын алдын-ала тапсыруға мүмкіндік беретін жеке жұмыс жоспарымен жұмыс істеуге; мектеп әкімшілігінің келісімімен мұғалімдерді таңдауға, тіпті олардан бас тартуға құқылы болған.


    • Жоғарыда байқағанымыздай қазіргі педаогика ғылымында педагогикалық теория мен практика тұлғалық-бағдарлық білім беру талаптарын жүзеге асыруға бағытталған. Ондағы көзделген мақсат педагогтармен тәрбиеленушілердің біртұтас педагогикалық процестегі өзара бірлескен әрекеттерінде тұлғаның шығармашылық қабілеттері мен сапаларын тиімді дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет